Публикации с меткой: сызу

СЫЗУ 9 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

Четверг, 22 Декабрь, 2016

СЫЗУ 9 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

sabaktar.kz

9 сынып Сызу

 

Тақырыбы мақсаты Оқытуда қолданылатын  әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі Оқып  үйренудің  нәтижесі Үйрену  мақсатында бағаны  қоса, бағалау Барлық оқушыларды сабаққа тарту  жұмысы Негізгі  дереккөздер немесе ресурстар
1 Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы 1 Оқуыларға сызу пәні бойынша  түсінік беру. Оқушылардың   ой – өрісін дамыту сабаққа деген ынтасын арттыру. Топтық  жұмысты  сабақ  барысында тиімді  пайдалану

«Топтастыру»

«Мнемоника»

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Тақырып  жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып тақырыптың   өзекті түйінді жерлерін  практикада қолданады

 

Критерийлер бойынша  топтық  және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.

Рефлексия  арқылы білімдерін  тексеру.

Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру  арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
2 Сызу аспаптары,материалдары және жабдықтары 1 Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б
Cыни тұрғыдан ойлауды   сабақ барысында тиімді пайдалану

«Жарнама» постер

«Қос жазба күнделігі»

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары бойынша ақпарат алады

Сызу аспаптарымен жабдықтарын қолдану әдіс тәсілдерін меңгереді

.

Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия  арқылы  білімдеріне талдау жасау. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
3 Стандарт туралы ұғым.Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары 1 Білімдікті сызбаның масштабтары мен сызық түрлеріне үйрету.Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындау білімдерін дамыту.;. Топтық жұмыс  және СТО сабақ барысында тиімді пайдалану. Джигсо стратегиясын пайдалану Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, АКТ. ОүБ және оқуды бағалау, Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді.. Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды. Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
4 Практикалық жұмыс.Сызық түрлері 1 Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Сыни тұрғыдан ойлауды, топтық жұмыстар.

«Алты қалпақ»

«Бес сұрақ»

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Тақырыпты түсініп оқып, талдай білуге жағдай жасайды, бір-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді

.

Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру  арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
5 Сызба қаріптері.Сызбаларға өлшемдер түсіру 1 Сызба қаріптері туралы білім беру және тәжірибе жүзінде үйрету. Оқушыларға сызба қаріптерінің түрлерін түсіндіре отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,қаріптерді  дұрыс жаза білуге  үйрету. Топтық  жұмысты  сабақ  барысында тиімді  пайдалану

«Венн диаграммасы»

«Қар бұрқасыны»

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Оқушылар  тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін еркін пайдаланады, түснеді және тапсырмаларды қатесіз орындайды і. Критерийлер бойынша  топтық  және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.

Рефлексия  арқылы білімдерін  тексеру.

Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру  арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

СЫЗУ 9 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚЖОСПАР

Четверг, 22 Декабрь, 2016

СЫЗУ 9 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚЖОСПАР

sabaktar.kz

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім  Сабақ 1
Сабақтың атауы Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы
Мақсаты Оқуыларға сызу пәні бойынша  түсінік беру. Оқушылардың   ой – өрісін дамыту сабаққа деген ынтасын арттыру.
Күтілетін нәтиже Тақырып  жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып тақырыптың   өзекті түйінді жерлерін  практикада қолданады
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту -Қош келдіңдер, балалар! Сендерді көргеніме куаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. « Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Сызу дегеніміз – сызбаларды орындау мен  оның ережелерін баяндайтын пән.

Сызбаларды орындау мен безендіру  ережелері туралы кейбір мліметтер сіздерге технология,геометрия,математика  сабақтарынан белгілі.

Сызу оқу пәні ретінде төмендегідей міндеттерді шешеді:

а)    сызба аспаптарының көмегімен әр түрлі геометриялық  салуларды орындауға, нәрселердің кескінін салуға, нәрселерді сызбаларда тік бұрышты проекцияда бейнелеуге үйретеді;

б)   сызбаларды оқуға және аса күрделі емес тетіктер  мен түйіндердің  эскиздері мен  сызбаларын    өз бетімен  орындауға үйретеді.

Алдыңда тұрған кез келген  нәрсенің суретін салуға, оны суретке түсіруге, сөзбен сипаттап беруге болады.  Сонымен қатар оны сызуға да болады.

Сызба дегеніміз нәрсенің немсе ол жасалатын, бақыланатын  орнатылатын және жөнделетін бөліктерің графикалық кескінін  қамтитын құжат.

Сызбаларды дайындау  және олардың  мазмұны қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Әр алуан нәрселердің кескіні – суреттер, адамдардың  қөарым – қатынас құралы ретінде жазу ойлап тапқанға дейін пайда болды.

Сонау ерте замандара адамар жер бетіне , тастарға жабайы аңдардың , болашақ құрылыстардың суреттерін, аң аулауға шығатын жолдарды  бейнелеген. Сызбалар туралы алғашқы  мәліметтер  ХІІ   ғасырдың орта кезінен бастап кездесе бастайды. Алғашқы да сызбалар кө мөлшерімен қолменен салынған. Мұндай сыбаларда әрине , өлшемер көрсетілмеді, сондықтан да олар арқылы кескінделген нәрсе туралы тек жуықтап қана түсінік алуға болады. Бұл сызбалар үшін  сөзбен тұжырымдалған түсініктемелер қажет болды, сондықтан  оларға әртүрлі жазбалар келтірілді.

Тұрғын үйлерді , бекіністерді және басқада нысандарды малу барысында «план»  деп аталатын  алғашқы сызбалар пайда болды.Бұл сызбалар әдетте ,табиғи жағдайда  тікелей жер бетінде , болашақ қрылыстың орнындаорындалды. Кейінірек осындай план сызбаларды пергаментке, ағашқа  және кенепке кішірейтілген түрде сызу орын ала бастады

Нәрселерді міндетті түрде  масштабты  сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады. Кеме жасау ісінің  тез дамуына  байланысты мейлінше дәл және қатаң масштаб сақталған сызбалар қажет болды.Мұнда енді сызбада үш өлшемді кескін салу қолданылды, оның көмегімен кеменің үш өлшемін ұзындығы , ені, биіктігін көрсету мүмкін болды..

Сергіту сәті Әкем менің егінші,

Анам менің сауыншы.

Ағам менің  кенші,

Апам менің тігінші.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

—         Ал, балалар, мектепке келгеннен кейін не істеу керек?

—         Орнымызға отырып, оқу керек.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс 1. Сызу нені зерттейді?

2. Сызба дегеніміз не?

Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?

Тапсырма

Кеспе қағазбен жұмыс жасау

Жаттығулар жасау

.  Сабақты қорытындылау:  сызбалардың ғылым мен техникадағы маңызы зор. Сызбалар бойынша құрылысшылар тұрғын үйлер, фабрикалар,зауытар, жолдар және тағы басқа инженерлік  нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар,станоктартрубиналар жасайды; монтаждаушылар болса фабрикаларға, зауыттарға,электр станцияларына және  т.б нысандарғр орнатады. Сонымен қатар сызбалар бойынша киімдер мен аяқ киімдер тігу,жиһаздар жасау, қалалар мен ауыдарды  көгалдандыру жүзеге асады

Үйге тапсырма Оқулықпен жұмыс. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Сызу
Сыныбы: 9-сынып
Тақырыбы: Сызу аспаптары, материалдары мен жабдықтары
Мақсаты Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.  Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
Күтілетін нәтиже Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары бойынша ақпарат алады

Сызу аспаптарымен жабдықтарын қолдану әдіс тәсілдерін меңгереді

Сызуға қажетті құрал жабдықты ережеге сай қолдануға дағдыланады

Сабақтын түрі: Аралас, дәріс, машық
Сабақтың әдісі: Ауызша,көрнекілік,машықтық.
Пәнаралық байланыс: Технология, математика, бейнелеу өнері
Қажетті құрал-жабдықтар: Сызғыш,қарындаш,өшіргіш,А4 форматы,циркуль,транспартер т.б
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының  қызметі
IҰйымдастыру

бөлімі

Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылармен сәлемдеседі.Оқу құралдарын дайындайды.

 

II.Үй тапсырмасын тексеру

 

Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады. Оқушылар сабақ айтады.

 

III.Жаңа материалды       түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбаларды орындау үшін әрбір оқушыда аспаптар мен жабдықтардың жиынтығы болу керек.

Сызғыштар. Түзу сызықтар жүргізу үшін ағантан немесе пластмассадан жасалған ұзындықтары 250- ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз. Сызғышты пайдаланғанда оның жиегінің тегістігін, яғни кедір бұдырдың болмауын міндетті түрде тексеру керек (8- сурет).

Рейсшина. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін рейсшинаны пайдаланады. Ол бекітілген ролигі бар сызғыш, сондықтан да оны кейде жылжымалы сызғыш деп те атайды. Егер рейсшинаның ұзындығы 300мм болса, онда ол сызғышты алмастыра  алды. Сонымен қатар қазіргі рейсшиналарда әр түрлі диаметрдегі шеңберлер бар, олар сызбаларды орындау барысында циркульдің қызметін атқарады (9- сурет).

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Олардың біреуінің гепотенузаға іргелес бұрыштары 45̊- тан, ал екіншісің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60̊ және 30̊. Бұрыштықтар ағаштан немесе пластмассадан жасалады (10- сурет).

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін транспортир қолданылады. Транспортирмен қалай жұмыс істеуді сендер математика сабақтарынан білесіңдер (11- сурет).

Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы даярша деп аталады (13- сурет). Сызу аспаптарының саны әр түрлі болатын даяршалар бар. Алайда сызбаны орындау үшін бір ғана циркуль- шеңбер сызатын аспап қажет болады. Ең алдымен циркульдің жұмыс істеуге дайындығын тексеру керек (12- сурет). Графит өзек циркульдің ұшынан бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек циркульдің ұшынан 5-7 мм шығып тұруы тиіс. Циркульмен жұмыс істеу кезінде ине мен графит өзектің ұштарын бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек қағаз бетіне шеңбердің ізін анық түсіруі тиіс. Егер шеңбер дұрыс сызылмаса, онда басқа қосалқы графит өзекті ауыстырып салу керек.

Қағаз. Сызбаларды, әдетте, тығыз қағазға орындайды және қарындаш сызықтары жақсы өшірілетіндей қағаз таңдап алады. Негізінен алғанда, мектептегі сызу сабақтарында А4 пішіміндегі қағаздар пайдаланылады.

Өшіргіш.Сызбадағы артық сызықтарды, әр түрлі жазулар мен кескіндерді өшіру үшін қолданылады. Өшіргіштің мүмкіндігінше жұмсақ, ақ және таза болғаны, әрі сызу жұмыстарына ғана арналғаны дұрыс.

Лекало. Қисық сызықтарды сызу үшін лекало деп аталатын шаблондар қолданылады (14- сурет). Лекалоның пішіні және өлшемі әр түрлі болады.Олар, негізінен пластмассадан жасалады.

Қисық сызықтарды олардың нүктелері арқылы саламыз. Алдымен осы нүктелерді белгілеп алады. Лекалоны оның жиегі қисық сызықтың үш- төрт нүктесі арқылы өтетіндей етіп орналастырамыз да, қисық сызықтың бөлігін сызамыз. Сонан кейін лекалоны оның жиегі қисық сызықтың осының алдында сызылған бөлігімен дәл келетіндей және қисық сызықтартың жаңа бөлігінің үш- төрт нүктесінен өтетіндей жылжытады да, оның  жиегімен сызық жүргізеді.Осылайша барлық қисық сызықты түгел сызып шыққанша қайталайды.

Қарындаштар. Сызу үшін «Конструктор» маркалы қарындаштар, сондай- ақ сызбаны орындауға арналған басқа да қарындаштар жиынтығы қолданылады (15- сурет). Оларды қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда Т, 2Т, 3Т және т. с.с. белгілері болады (Т әрпінің алдындағы цифр негұрлым үлкен болса, қарындаш қаттылау деген сөз). Жұмсақ қарындаштарда М, 2М, 3М және т.с.с. деген жазулар болады (М әрпінің алдындағы цифр неғұрлым үлкен болса, қарындаш соғұрлым жұмсағырақ деген сөз). Қаттылығы орташа қарындаштар ТМ деп белгіленеді. Мұндағы Т- орыстың «твердый», ал М «мягкий» деген сөздерінің бірінші әріптері.

Мектептегі сызу сабақтарында Т, 2Т, ТМ, М, 2М қарындаштарын пайдалану жеткілікті.

Шетелдік қарындаштарда Т, ТМ, М белгілерінің орнына сәйкесінше Н ( қатты), НВ немесе Ғ (қаттылығы орташа), В (жұмсақ) белгілері қолданылады.

Сызбаларды орындау үшін екі түрлі қарындашты қолданамыз, олардың біреуі- қатты қарындаш, ал екіншісі- жұмсақ қарындаш. Қатты қарындаш кескінді жіңішке сызықтармен  салу үшін, ал жұмсақ қарындаш оны қажетті қалыңдықтағы сызықтармен бастыра жүргізіп шығу үшін қолданылады.

Қарындаштарды арнайы ұштағышпен ұштайды. Соннан кейін қарындаштың ұшталған графит өзегін ұсақ түйірлі зімпара қағазбен тегістейді.Қарындаштар екі түрлі тәсілмен ұшталады. Қатты қарындаштар конус тәрізді, ал жұмсақ қарындаштар күрекше тәрізді үшкірленеді. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 20- 25 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан шығып тұрған бөлігінің ұзындығы 5- 8 мм шамасында болуы тиіс (16- сурет).

Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру сызбаны орындау уақытын қысқартуға, адамның шаршамауына

және жұмыстық сапасын жақсартуға әсерін тигізеді (17- сурет).

Күндіз жұмыс істегенде жұмыс үстелін жарық сәулесін алдынан немесе сол жақтан түсетіндей етіп қою керек. Ал кешкісін жұмыс істеген кезде жарық көзі шамамен үстелдің ортасынан сол жағында, үстелден 1-2 м биіктікте орналасатындай етіп қойған дұрыс.

Егер сен сызба тақтасын пайдалансаң, оны сәл көлбеу (көлбеулігі 15̊ болатындай етіп) орналастырған жөн.

Барлық сызу құралдары мен жабдықтарын сызба тақтасының оң жағына үстел үстіне (оларды орнынан тұрмай- ақ алып пайдалану үшін) ретімен қою керек. Сызбаларды орындау кезінде еңкеймей тік отыру қажет.

Сызба таза әрі әдемі болу үшін сызуды орындаудың алдында барлық құралдарды құрғақ шүберекпен сүртіп, қолды жуған жөн.

 

8- сурет. Ағаш және

пластмасса  сызғыштар

9- сурет. Рейсшина және рейсшинасы бар сызба тақтасы

10- сурет. Сызба бұрыштықтары

11- сурет. Транспортир

12- сурет. Циркульді дұрыс ұстау

13- сурет. Сызу аспаптарының

даяршалары

 

 

14- сурет. Лекало

 

15- сурет. Қарындаштар жиынтығы

16- сурет. Қарындаштарды

ұштау

 

 

 

17- сурет. Жұмыс орны

 

IV.Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Үйге тапсырма

 

 

 

1. Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары

2. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін не пайдаланылады?

3. Бұрыштықтардың түрлерін ата

 

 

 

 

4.Қарындаштардың түрлерін ата

 

5. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың пайдасы қандай?

 

Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. Келесі сабаққа сызба аспаптарын әкеледі.

 

1. Сызғыштар, рейсшина, сызба бұрыштықтары, транспортир, даярша, қағаз, өшіргіш, лекало, қарындаштар.

2.Рейсшина

3.1)Гипотенузаға іргелес бұрыштары 450 болатын

2)Гипотенузаға іргелес бұрыштары 600 және 300  болатын бұрыштықтар

4.1)қатты

2)жұмсақ

5. Сызбаны орындау уақытын қысқартады, адамның шаршамауына және жұмыстың сапасын жақсартуға әсерін тигізеді.

Оқушылар үйге тапсырма алады.

 

 

 

 

 

Тақырыбы  3 Стандарт туралы ұғым. Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары
Мақсаты Білімдікті сызбаның масштабтары мен сызық түрлеріне үйрету.Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындау білімдерін дамыту.;.
Жалпы мақсат Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, Жигсо, Аялдама,Автор орындығы
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы  топқа бөлу

Алтын ереже құру  қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар  таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар  арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

 

Қызығушылық

тарын  ояту

Үй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап  Миға шабуыл Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы  сұрау апқылы оқушыларды диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

Мұғалім берген тапсырмасын  орындау  арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
Түсіну  Сызу  аспатары  тақырыбын қалай мегерген бақылау, оның мазмұнын  топта , жұпта әңгімелеп беру

үшін Жигсо 2 әдісін пайдалану

 

Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру.Өз ойларын, пікірлерін ашық айту

 

.Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген  тапсырмаларды біріге  талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің  бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын  тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек

Қолдану «Стандарт туралы ұғым.Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары і» тақырыбы»   «Аялдама»   ойыны

Бойынша тақырыпты ашу үшін тапсырмалар қолдану

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар – 1:2;  1:2,5;   1:4;    1:5

Үлкейту масштабтар – 2:1;     2,5:1;      4:1;     5:1

Нақты өлшем – 1:1

Масштабтарды былайша жазып көрсетеді: М1:1;  М1:2;   М5:1

 

Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген.   Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:

Г, З, С әріптері үшін g – 5d;     А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g — 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g — 8d,       қалған әріптері үшін g — 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады.

Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д,  Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь

Сергіту сәті «Кірпі биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
Талдау «Автор » орындығы Тақырып туралы ойларын жеткізу

Стандарт туралы ұғым.Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары

Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі.Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін  тексеру және сұрақтар беру арқылы  жұмыс істеу.Топпен талқылату. Ортадан білімді оқушы шығып өз ойын  сыныпқа жеткізу Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға шығып тамаша жазған оқушы  ортаға орындыққа отырып оқыйды. Қосымша  сұрақтарға жауап береді.

Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.

 

Жинақтау Кубизм әдісі

6 қырлы кубик

1. Тетік бөлшектің кескіні берілген, оның кескініндегі ұзындығы 40мм және масштабы М1:5. Тетік бөлшектің нақты ұзындығын анықта. 200мм

2. Тетік бөлшектің ұзындығы 10мм, ал оның сызбадағы ұзындығы 25мм. Масштабты анықта. 2,5:1

3. сызық түрлерін атаңыз және сызып көрсетіңіз?

Әр топқа кубикте жазылған сұрақты беру

6 қырлы күбиктин 6 жағына жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар жазу

Кубиктегі сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыпты талдау әрекеттерін көрсетеді
Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақтарын таратады

Бір-* бірін бақғалауды қадағалау

Топты бағалау

Өзін өзі бағалау

 

 

САБАҚ ЖОСПАР

Суббота, 5 Ноябрь, 2016

 

.