Английский 1 класс КСП ССП (КМЖ ОМЖ) Smiles
Английский 1 класс КСП ССП (КМЖ ОМЖ)
КСП КМЖ Smiles
Английский 1 класс КСП ССП (КМЖ ОМЖ) Smiles
Английский 1 класс КСП ССП (КМЖ ОМЖ)
КСП КМЖ Smiles
,
ПО ВСЕМ ПРЕДМЕТАМ КСП, ССП, КТП ПЛАНЫ отправить примеры [email protected]
БАРЛЫҚ ПӘННЕН ҚМЖ ОМЖ ҰМЖ ЖОСПАРЛАР сатып аламыз [email protected] почтасын үлігісін жіберіңіз
.
.
.
АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП
№ | Мерзімі | Пән | Сыныбы | Пән мұғалімі | Тексерген |
3 | Абайтану | 10 |
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.
Сабақтың жалпы мақсаты:Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлерін ұғындындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
МҰҚАНОВ Сәбит (1900-73) — қазақтың көрнектіжазушысы, қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР ҒА-ның академигі. Абайәлемі көп айтылып, жазылып, зерттелінген сайынзорайып, биіктей беретін құбылыс. Абайдың әдебимұрасын тану мәселесінің көптеген қаламгерлереңбектерінде, сыни ойларында әр қилы деңгейдекөрінгені де белгілі. Бір ғана 20-жылдарда, атапайтсақ, А. Сегізбаев: «…Абайдан соңғы ақындардың сөздері тіпті басқа түрге кірген. Оған себеп –Абай кейінгі ақындарға жөн сілтеп, бетін түзеген»десе («Қызыл Қазақстан», 1922, №11), Б. Кенжебаевтың«Абай»атты мақаласында («Еңбекші қазақ»,1925, 14, 15тамыз)прогресшіл, халық ақыны ретінде бағаланды. Осы кезеңдегі Мұқанов мақалаларындаАбай мұрасы әр түрлі деңгейде көрініп, ақынды«байдың Абайы — біздің Абай емес» дегенді айтты(мыс, «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласын еске алуға болады). Бірақ
жазушының Абайға өнер иесі ретінде қарап, үлгіеткен тұстары мол болды. Ол «Абай – халық ақыны» атты көлемді мақаласында (1939) өзінің Абай туралы бұрынғы ойларының теріс екенін мойындап,керісінше ақын шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін әділ бағалау арқылы ағартушы-демократ, ұлттық поэзияның үздігі дәрежесінде таныды. Мұқановтың Абай жөнінде сүбелі зерттеулер жасағанын «Жарқын жұлдыздар»(1964) монографиясы дәлелдейді. «Бұл монографиялықеңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Ақындықшеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды тереңбілу, оның мұрасын игеру ісін мен өзіме кезектіміндет тапқандықтан көлемді еңбек жазумен шұғылданып жүретінмін»,- дейді.«Абай – зор кісі. Ол–зорақын да, зор ойшыл да, зор қоғамшыл да, зор
күресшіл де. Оның осы бейнелерін түгел қамту,әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толықзерттеу, толық ұғу бір жылдың, я бір ұрпақтыңміндеті ғана емес, көп жылдардың, көп ұрпақтардыңміндеті. Әйткенмен, әр ұрпақ өз қолына түскенматериалға сүйене отырып, өз ой өрісі жеткен пікірді
айтуға міндетті.
Оқушылардың алдына ұсынып отырған менің бұл еңбегім әдебиеттегі рухани атамыз Абайдың, оның еңбектерін сүйіп оқушы халықтың алдында Абайтуралы біраз жылдан бері жиналып қорытылған пікірді айту мақсатымен жазылды» дегенді айтып алуды айрықша қасиет деп тапты және өзінің Абай жөніндегі ой-пікірлерінің өзгеру кезеңдерін түсіндіруді шарт санаған.
«Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым – бұдан 22 жыл бұрын — 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмаңдар шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVIІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам.Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым», — деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық.
Оларды пайдалануы иненің көзінен өтетіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл-тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Сондықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде әсем әңгімеленген деректердің негізіңде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған мақала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың қажетіне жаратқан абзал. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті ұштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян. Қазақ поэзиясының ұлттық табиғатынан туатын екі заң бар:
«Бірінші – төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы қабылдаған емес. Төрт буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз поэзияның ырғақтық заңын тас-талқан ғып бұзып, поэзияны прозаға айналдырып жібереді.
Екінші – қазақтың «сөз буыны» дегені, мәселен, орыстың сөз буыны емес. Қазақ сөзінде бес әріпті буын түгіл, «жұрт, «құрт», «сырт» сияқты төрт әріпті сөздер сирек кездеседі. Қазақ сөзінің басым көпшілігі үш әріпті буындардан құралады, Қазақ поэзиясы буынында үш әріптен артық әрпі бар сөзді талғап қабылдайды» деген теориялық ойлар Сәбиттің өте нәзік те терең зерттеуші екендігін көрсетіп, әдебиеттануға зор үлес болып қосылады.
Осы ойын әрі тарамдата келіп, «Абайға шейін қазак өлеңдеріңце ұш тұрлі түр болатын», — деп, «жыр» мен «қара өлеңге» тоқтайды да, үшінші түр деп атағанына терең талдаужасамайды. Қалай болғанда, Абайдың ақындық шеберлігін, қазақ өлең жүйесіне жасаған реформалары мен жаңалықтарын ашып берді. «Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. Абаи осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі қолданады. Бірақ қазақ поэзиясындағы өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді, өнерлендіреді» деп білді. Алайда бұған Мұқановтың өзі де ортақтас екенін ұмытпайық.
1939 жылы Абайдың екі томдығына жазған алғы сөзінде «Абайдан бұрын қазақ поэзиясында екі-ақ түр болды» деп тұжырымдағанын бірнеше жылдан кейін сынық, кетік жолға бола үшінші түрді шығаруы әрине, тереңірек зерттеуді қажет етері сөзсіз. Қалай болғанда да ғылыми ойлар әркездегі ізденіс-топшылауларға байланысты өзгеріп отырғаны жөн, әйтпесе, «бір рет айттым, енді одан қайтпаймын» деп қасарысу әшейінгі менменсіген пенделік болмақ. Ал өзгеріске ұшырау, дамытып отыру, бірде сәтті, бірде шалыс түсу секеттейтін нәрсе емес. 1945 ж. Абай туралы кесек монография жазған шығармаларына тән бір ерекшелікті айрықша айта кеткен жөн. Ол –Сәбиттің тарихи шежірелігі. Абайға байланысты айтылатын ой арқылы қазақ оқырманын өзінің тарихына тереңірек үңілдіре түсу, қызықтыра баяндау машығы осы монографияда мейлінше анық көрінеді. Кейбір зерттеушілер Сәбеңнің бұл тәсілін сюжетті ауырлату, артық деталь деп есептегенімен, өзінің азаматтық тарихы түбегейлеп жазылмаған қазақ сияқты момын халық үшін, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін айрықша қажет. Осы тұрғыдан келгенде Сәбиттің шежірелік түйіндерінің күні енді туды, халық қажетіне енді мықтап жарайды. Абайды айтқанда халықтың тарихын қосарлап отырмаса Абайдың ұлылығын тануға кеселін тигізер еді. Жалғыз Мұқанов қана емес, қолына қалам алған жанның, ел мақсатын айтпақ болған шешендер мен ойлылардың Абайсыз ауыз ашпайтынын ескерер болсақ, онда Сәбиттің жамбасы қара жерге тигенше ұлы кемеңгер ақынның рухын айрықша ардақтап өткенін көреміз. «Қазағым» дегенді «ұлтым» деген мағынада түсінген Абай туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймады және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырды. Ол өмір шындығының тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің сыншысы және кем-кетікті қатты сынау арқылы түзетуге тырысушы. Сондықтан ол ұлт ақыны. Қазақ халқының ұлт әдебиетін, ұлт тілін өркендетуде Абайға ешкім тең келмейді. Абайға шейін де, Абайдың тұсында да қазақтың ұлт мәдениетін Абайдай көтерген ақын жоқ. Абай жасап кеткен биік – тым зор биік. Қазақтың Абайдан кейінгі ақындары идея жағынан болмаса, өлеңнің шеберлігін ол биіктен әлі де асыра алған жоқ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш просветитель-демократ, классик ақын – Абай» деген қорытынды тұжырымы Мұқановтың ғалымдық танымын, жазушылық арын айқын танытады.
«Жарқын жұлдыздар» монографиясында ақын өскен орта, ата-тегі, емір кезеңдері, дүниеге, сөз өнеріне көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдар айтты. Жазушы сөзімен айтсақ: «Абайдың ата-тегін де, өз өмірін де, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту» көзделген(«Жарқын жұлдыздар»,-А., 1980, 169-б.). Зерттеуші «Абай Құнанбаев» дейтін монографиялық еңбегінде даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қарасөздеріндегі көркемдік шеберліктің бір сыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Зерттеуші Абай поэзиясының бейнелілік-суреттілік жүйесіне, ақындық тілімен құрылысына талдау жасайды. Абайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен байланысы және А. С. Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан, И. А. Крыловтан аударылған шығармалары жөнінде ой өрбітеді. Ұлы ақынның табиғат лирикасындағы философиялық ой да, сурет те, сыр да біртұтастықта екендігін көрсетеді. Яғни Абайдың жаратылысты сөйлетіп, құпиясын төгілте суреттеп жеткізіп, ой-сезім мұхитының ағыс-толқындарын тудырып, ғаламат қуаттың көзіне айналатындығын дәлелдейді.
Осы еңбегінде: «Ұлттық тіл – сол ұлттың тіршілігінің айнасы да, құралы да. Әрбір ұлттың тілі – сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады», — деп жазады. Шынында да, Абай позиясы – қазақ өмірінің айнасы. Демек, ол ана тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген ерен дарын. Мұқанов ұлы ақын туындатқан шендестірулерге, ауыстыруларға, теңеулерге, әсірелеулерге ой сәулесін түсіреді. Олардың қазақ халқының шаруа кәсібімен, тұрмыс-салтымен, аңшылық, малшылық дәстүрлерімен төркіндес, тамырлас екендігін баяндаған, Абайдың қазақ өлеңіне енгізген өзгеріс-жаңалықтарына тоқталған. Фольклорлық поэзияға жыр үлгісі мен қара өлең шумағы тән болса, ал қазақтың поэзиясына Абай жиырмаға жуық түр қосты пайымдайды. Абай жыр үлгісімен «Өзгеге, көңілім тоярсың…», «Болыс болдым мінеки…», «Жаздыгүн шілде болғанда…» сияқты өлеңдерін шығарған. Мұнда «бірқалыпты үйлес жиі қолданылғандығын ескертеді зерттеуші. Ақын енгізген жаңалықтарды анықтау үстінде, оның өлеңдерінің буындық, тармақтық, ұйқастық, шумақтық, ырғақтық құрылысының ерекшеліктерін есепке алады. Абайдың өлеңіне кіргізген ұшан-теңіз өзгерістерін осылайша жіктейді: «Асылы «осы жаңалықтарында қазақ поэзиясына тән заңды (өлеңге төрт буыннан артық буыны бар сөз қоспау, қазақ сөзінінің құрылысын сақтау) бұзбайды, қатты сақтайды. Мұқанов ақынның композиторлық шеберлігіне де назар аударған Ол музыка зерттеушіА. В.Затаевичке Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хатын» өз орындап, нотаға түсірткен. Ақындық Мұқанов жолда ұлы Абай шығармаларын зерттеу үстінде өзі де одан көп ұлағат алды. Мұқановқа «Аққан жұлдыз» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген.
Смайылов Есмағамбет Самұратұлы (1911-1966) – әдебеиет зерттеуші, сыншы. Абай тақырыбына 30-жылдардан бастап қалам тартқан. Ол З.Шашкинмен бірлесіп жазған «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12), «Абайдың өлең өрнектері» («Соц.Қазақстан», 30 желтоқсан) атты мақалаларында ұлы ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады. «Абайдың этикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі», 1954, 9 қыркүйек) деген зерттеу еңбегінде ұлы ақынның мәңгі өлмес даңқын, оның өнерге қояр талап-талғамын, аудармашылық шеберлігін тілге тиек етеді. «АБАЙ» — ақынның туғанына 95 жыл толуына орай Қазақ мемлекеттік баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген әдеби-өмірбаяндық материалдар жинағы. Латын әрпімен басылған. Құрастырғандар — Есмағамбет Ысмайылов пен Қалижан Бекхожин. Кітап 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде Абайдың өмірбаяны ғылыми түрғыдан баяндалып, өлеңдерінің көркемдік, жаңашылдық ерекшеліктері талданады. 2-бөлімге ақынның әр жылдары жазылған 16 өлеңі топтастырылған. Соңғы бөлімде Абай шығармалары басылымдарының, ақын жайындағы зерттеу еңбектер мен көркем туындылардың көрсеткіш библиографиясы ұсынылған. Жинақ әдебиет зерттеушілеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Көлемі 3 б. т.,10 мың дана болып басылған.
Шашкин З. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толғанын атап өту іс-шарасында З.Шашкин т.б. ақындар ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. З.Шашкин мен Е.Смайыловтың «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12) атты проблемалық-зерттеу мақалалары жарияланды.
III. Ойтолғаныс сатысы
Үзінді | Беті | Пікір |
Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.
№ | Мерзімі | Пән | Сыныбы | Пән мұғалімі | Тексерген |
4 | Абайтану | 10 |
Сабақтың тақырыбы: «Талапты ерге нұр жауар» Отыз екінші қарасөзі
Сабақтың жалпы мақсаты: отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы туралы түсінік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция
Сабақтың көрнекілігі:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
3) Абайға топтастыру.
Отыз екінші сөз. Отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» — дейді.
III. Ойтолғаныс сатысы
Отыз Екінші Сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.
Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек
болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,
ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасилˡ болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған
шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті² зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану³ жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық⁴, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.
Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —мұлахаза⁵, екінші — мұхафаза⁶. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде⁷ болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық деген бір нəрсе бар, зинһар⁸, жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды.
Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!
Сөздікпен жұмыс | |
ˡтыныштық, рахатшылық
²күндеу, күндеушілікті ³ашқарақтану, қомағайлану, сараң болу ⁴ менмендік, ірілік ⁵(ар. ملاحظة ) – ойласу, пікір алысу ⁶(ар. محافظة ) – өз пікірін қорғау, мықты болу ⁷Барлық күшті жұмсау, тырысу ⁸қалайда, əйтеуір |
Оқушылар білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: Отыз екінші қарасөзін оқу.