Рубрика: АБАЙТАНУ

АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

sabaktar.kz

 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік 11-сынып 05.09.2016
Жалпы мақсаттар            Ұлы ойшыл, ақын, данышпан  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту. Ақынның қазақ әдебиетіне енгізген жаналығын, қосқан үлесін меңгерту.
Міндеттер Өлеңдерін талдау, мәнерлеп оқу  арқылы поэзияны сүюге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру. Курсқа арналған барлық жоспарлы метериалдарды толық игерту, қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана  білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Абай лебі — заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі — деп сабағымызды бастаймыз.
— Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?
 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Абай өмірінен мәлімет.
1. Абай – ұлы ақын.
Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттанған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Ендеше, Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңі ермек үшін»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
«Оспанға»
«Ұлы Абайға»
« Сегізаяқ»
2. Абайдың поэмалары
3. Абайдың лирикасы:
«Тіршіліктің көзі — табиғаттың өзі»
а) Табиғат лирикасына шолу
ә) Махаббат лирикасы.
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? » дегендей Абайдың махаббат, ғашықтық тақырыптағы өлеңдеріне шолу жасайық.
Жас әнші, термешінің орындауында «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін тыңдайық.
25 мин
Ойтолғау «Мен Абайды қаншалықты білдім?» — эссе жазу. 10 мин
Үйге тапсырма Мазмұндау 2 мин
Бағалау     3 мин
 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Қазіргі абайтану мәселелері 11-сынып 12.09.2016
Жалпы мақсаттар  Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігін, ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік

жайлы өсиеттерін, қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігін үйрету

Міндеттер Қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана  білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту    Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

1. Құнды сөз

Абай тіліндегі көркем сөз айшықтарын тауып,

ақынның сөз саптауының ерекшеліктерімен

танысу, ақынның қазақтың әдеби тілінің дамуына

қосқан үлесін тану. (Әдебиет теориясы: өлеңнің

тілі, композициялық құрылысы, образ, стиль, т,б,)

2. Құнарлы ой

Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде

сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды,

ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың

мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу.

25 мин
Ойтолғау Абай өлеңдерінің құрылысына:

буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас бойынша

талдау жасау, өлеңге анықтама жазу. (Әдебиет

теориясы бойынша жұмыс)

10 мин
Үйге тапсырма Мазмұндау 2 мин
Бағалау     3 мин

 

 

 

 

 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Он  бесінші қарасөзі 11-сынып 12.09.2016
Жалпы мақсаттар  Қарасөздегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі,жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдауды пайымдауды үйрету
Міндеттер Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір

парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Он бесінші қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші — әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к…н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

25 мин
Ойтолғау «Менің осы тоқсандағы жетістіктерім» есеп жазу 10 мин
Үйге тапсырма Мазмұндау 2 мин
Бағалау     3 мин
 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Отыз бірінші қарасөзі 11-сынып 26.09.2016
Жалпы мақсаттар   Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным — түсініктерін дамыту.
Міндеттер Абайдың қарасөздерінің астарына үңіліп, мағынасын ашу. Қарасөзді мәнеріне келтіріп оқуына мән беру, әдеби мәтінді өз беттерінше талдауға, тұжырым жасауға үйрете отырып, жүйелі, сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Сұрақ-жауап, іздену, пікіралмасу, талдау.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к…не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті. Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар. Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес. Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.

25 мин
Ойтолғау — Бұл қара сөздің идеясы қандай?

— Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?

— Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?

— Абай бар асыл ойын кімге арнады?

 

10 мин
Үйге тапсырма «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара сөзін жаттау. 2 мин
Бағалау     3 мин

 

 

АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП

sabaktar.kz

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
3 Абайтану 10

 Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

Сабақтың жалпы мақсаты:Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлерін ұғындындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  • Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
  • М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
  • Электрондық оқулық
  • Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»
  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 МҰҚАНОВ Сәбит (1900-73) — қазақтың көрнектіжазушысы, қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР ҒА-ның академигі. Абайәлемі көп айтылып, жазылып, зерттелінген сайынзорайып, биіктей беретін құбылыс. Абайдың әдебимұрасын тану мәселесінің көптеген қаламгерлереңбектерінде, сыни ойларында әр қилы деңгейдекөрінгені де белгілі. Бір ғана 20-жылдарда, атапайтсақ, А. Сегізбаев: «…Абайдан соңғы ақындардың сөздері тіпті басқа түрге кірген. Оған себеп –Абай кейінгі ақындарға жөн сілтеп, бетін түзеген»десе («Қызыл Қазақстан», 1922, №11), Б. Кенжебаевтың«Абай»атты мақаласында («Еңбекші қазақ»,1925, 14, 15тамыз)прогресшіл, халық ақыны ретінде бағаланды. Осы кезеңдегі Мұқанов мақалаларындаАбай мұрасы әр түрлі деңгейде көрініп, ақынды«байдың Абайы — біздің Абай емес» дегенді айтты(мыс, «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласын еске алуға болады). Бірақ

жазушының Абайға өнер иесі ретінде қарап, үлгіеткен тұстары мол болды. Ол «Абай – халық ақыны» атты көлемді мақаласында (1939) өзінің Абай туралы бұрынғы ойларының теріс екенін мойындап,керісінше  ақын  шығармаларының  идеялық-көркемдік ерекшеліктерін әділ бағалау арқылы ағартушы-демократ, ұлттық поэзияның үздігі дәрежесінде таныды. Мұқановтың Абай жөнінде сүбелі зерттеулер жасағанын «Жарқын   жұлдыздар»(1964) монографиясы дәлелдейді.  «Бұл монографиялықеңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Ақындықшеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды тереңбілу, оның мұрасын игеру ісін мен өзіме кезектіміндет тапқандықтан көлемді еңбек жазумен шұғылданып жүретінмін»,- дейді.«Абай – зор кісі. Ол–зорақын да, зор ойшыл да, зор қоғамшыл да, зор

күресшіл де. Оның осы бейнелерін түгел қамту,әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толықзерттеу, толық ұғу бір жылдың, я бір ұрпақтыңміндеті ғана емес, көп жылдардың, көп ұрпақтардыңміндеті. Әйткенмен, әр ұрпақ өз қолына түскенматериалға сүйене отырып, өз ой өрісі жеткен пікірді

айтуға міндетті.

Оқушылардың алдына ұсынып отырған менің бұл еңбегім әдебиеттегі рухани атамыз Абайдың, оның еңбектерін сүйіп оқушы халықтың алдында Абайтуралы біраз жылдан бері жиналып қорытылған пікірді айту мақсатымен жазылды» дегенді айтып алуды айрықша қасиет деп тапты және өзінің Абай жөніндегі ой-пікірлерінің өзгеру кезеңдерін түсіндіруді шарт санаған.

«Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым – бұдан 22 жыл бұрын — 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмаңдар шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVIІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам.Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым», — деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық.

Оларды пайдалануы иненің көзінен өтетіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл-тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Сондықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде әсем әңгімеленген деректердің негізіңде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың  қаламынан туған мақала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың қажетіне жаратқан абзал. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті ұштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян. Қазақ поэзиясының ұлттық табиғатынан туатын екі заң бар:

«Бірінші – төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы қабылдаған емес. Төрт буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз поэзияның ырғақтық заңын тас-талқан ғып бұзып, поэзияны прозаға айналдырып жібереді.

Екінші – қазақтың «сөз буыны» дегені, мәселен, орыстың сөз буыны емес. Қазақ сөзінде бес әріпті буын түгіл, «жұрт, «құрт», «сырт» сияқты төрт әріпті сөздер сирек кездеседі. Қазақ сөзінің басым көпшілігі үш әріпті буындардан құралады, Қазақ поэзиясы буынында үш әріптен артық әрпі бар сөзді талғап қабылдайды» деген теориялық ойлар Сәбиттің өте нәзік те терең зерттеуші екендігін көрсетіп, әдебиеттануға зор үлес болып қосылады.

Осы ойын әрі тарамдата келіп, «Абайға шейін қазак өлеңдеріңце ұш тұрлі түр болатын», — деп, «жыр» мен «қара өлеңге» тоқтайды да, үшінші түр деп атағанына терең талдаужасамайды. Қалай болғанда, Абайдың ақындық шеберлігін, қазақ өлең жүйесіне жасаған реформалары мен жаңалықтарын ашып берді. «Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. Абаи осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі қолданады. Бірақ қазақ поэзиясындағы өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді, өнерлендіреді» деп білді. Алайда бұған Мұқановтың өзі де ортақтас екенін ұмытпайық.

1939 жылы Абайдың екі томдығына жазған алғы сөзінде «Абайдан бұрын қазақ поэзиясында екі-ақ түр болды» деп тұжырымдағанын бірнеше жылдан кейін сынық, кетік жолға бола үшінші түрді шығаруы әрине, тереңірек зерттеуді қажет етері сөзсіз. Қалай болғанда да ғылыми ойлар әркездегі ізденіс-топшылауларға байланысты өзгеріп отырғаны жөн, әйтпесе, «бір рет айттым, енді одан қайтпаймын» деп қасарысу әшейінгі менменсіген пенделік болмақ. Ал өзгеріске ұшырау, дамытып отыру, бірде сәтті, бірде шалыс түсу секеттейтін нәрсе емес. 1945 ж. Абай туралы кесек монография жазған шығармаларына тән бір ерекшелікті айрықша айта кеткен жөн. Ол –Сәбиттің тарихи шежірелігі. Абайға байланысты айтылатын ой арқылы қазақ оқырманын өзінің тарихына тереңірек үңілдіре түсу, қызықтыра баяндау машығы осы монографияда мейлінше анық көрінеді. Кейбір зерттеушілер Сәбеңнің бұл тәсілін сюжетті ауырлату, артық деталь деп есептегенімен, өзінің азаматтық тарихы түбегейлеп жазылмаған қазақ сияқты момын халық үшін, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін айрықша қажет. Осы тұрғыдан келгенде Сәбиттің шежірелік түйіндерінің күні енді туды, халық қажетіне енді мықтап жарайды. Абайды айтқанда халықтың тарихын қосарлап отырмаса Абайдың ұлылығын тануға кеселін тигізер еді. Жалғыз Мұқанов қана емес, қолына қалам алған жанның, ел мақсатын айтпақ болған шешендер мен ойлылардың Абайсыз ауыз ашпайтынын ескерер болсақ, онда Сәбиттің жамбасы қара жерге тигенше ұлы кемеңгер ақынның рухын айрықша ардақтап өткенін көреміз. «Қазағым» дегенді «ұлтым» деген мағынада түсінген Абай туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймады және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырды. Ол өмір шындығының тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің сыншысы және кем-кетікті қатты сынау арқылы түзетуге тырысушы. Сондықтан ол ұлт ақыны. Қазақ халқының ұлт әдебиетін, ұлт тілін өркендетуде Абайға ешкім тең келмейді. Абайға шейін де, Абайдың тұсында да қазақтың ұлт мәдениетін Абайдай көтерген ақын жоқ. Абай жасап кеткен биік – тым зор биік. Қазақтың Абайдан кейінгі ақындары идея жағынан болмаса, өлеңнің шеберлігін ол биіктен әлі де асыра алған жоқ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш просветитель-демократ, классик ақын – Абай» деген қорытынды тұжырымы Мұқановтың ғалымдық танымын, жазушылық арын айқын танытады.

«Жарқын жұлдыздар» монографиясында ақын өскен орта, ата-тегі, емір кезеңдері, дүниеге, сөз өнеріне көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдар айтты. Жазушы сөзімен айтсақ: «Абайдың ата-тегін де, өз өмірін де, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту» көзделген(«Жарқын жұлдыздар»,-А., 1980, 169-б.). Зерттеуші «Абай Құнанбаев» дейтін монографиялық еңбегінде даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қарасөздеріндегі көркемдік шеберліктің бір сыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Зерттеуші Абай поэзиясының бейнелілік-суреттілік жүйесіне, ақындық тілімен құрылысына талдау жасайды. Абайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен байланысы және А. С. Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан, И. А. Крыловтан аударылған шығармалары жөнінде ой өрбітеді. Ұлы ақынның табиғат лирикасындағы философиялық ой да, сурет те,  сыр да біртұтастықта екендігін көрсетеді. Яғни Абайдың жаратылысты сөйлетіп, құпиясын төгілте суреттеп жеткізіп, ой-сезім мұхитының ағыс-толқындарын тудырып, ғаламат қуаттың көзіне айналатындығын дәлелдейді.

Осы еңбегінде: «Ұлттық тіл – сол ұлттың тіршілігінің айнасы да, құралы да. Әрбір ұлттың тілі – сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады», — деп жазады. Шынында да, Абай позиясы –  қазақ өмірінің айнасы. Демек, ол ана тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген ерен дарын. Мұқанов ұлы ақын туындатқан шендестірулерге, ауыстыруларға, теңеулерге, әсірелеулерге ой сәулесін түсіреді. Олардың қазақ халқының шаруа кәсібімен, тұрмыс-салтымен,  аңшылық,  малшылық      дәстүрлерімен төркіндес, тамырлас  екендігін баяндаған, Абайдың қазақ өлеңіне енгізген өзгеріс-жаңалықтарына тоқталған. Фольклорлық поэзияға жыр үлгісі мен қара өлең шумағы тән болса, ал қазақтың поэзиясына Абай жиырмаға жуық түр қосты  пайымдайды. Абай жыр үлгісімен «Өзгеге, көңілім тоярсың…», «Болыс болдым мінеки…», «Жаздыгүн шілде болғанда…» сияқты өлеңдерін шығарған. Мұнда «бірқалыпты үйлес жиі қолданылғандығын ескертеді зерттеуші. Ақын енгізген жаңалықтарды анықтау үстінде, оның өлеңдерінің буындық, тармақтық, ұйқастық, шумақтық, ырғақтық құрылысының ерекшеліктерін есепке алады. Абайдың өлеңіне кіргізген ұшан-теңіз өзгерістерін осылайша жіктейді: «Асылы «осы жаңалықтарында қазақ поэзиясына тән заңды (өлеңге төрт буыннан артық буыны бар сөз қоспау, қазақ сөзінінің құрылысын сақтау) бұзбайды, қатты сақтайды. Мұқанов ақынның композиторлық шеберлігіне де назар аударған Ол музыка зерттеушіА. В.Затаевичке Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хатын» өз орындап, нотаға түсірткен. Ақындық Мұқанов жолда ұлы Абай шығармаларын зерттеу үстінде өзі де одан көп ұлағат алды. Мұқановқа «Аққан жұлдыз» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген.

 

Смайылов Есмағамбет Самұратұлы (1911-1966) – әдебеиет зерттеуші, сыншы. Абай тақырыбына 30-жылдардан бастап қалам тартқан. Ол З.Шашкинмен бірлесіп жазған «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12), «Абайдың өлең өрнектері» («Соц.Қазақстан», 30 желтоқсан) атты мақалаларында ұлы ақын поэзиясының көркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталады. «Абайдың этикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі», 1954, 9 қыркүйек) деген зерттеу еңбегінде ұлы ақынның мәңгі өлмес даңқын, оның өнерге қояр талап-талғамын, аудармашылық шеберлігін тілге тиек етеді. «АБАЙ» — ақынның туғанына 95 жыл толуына орай Қазақ мемлекеттік баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген әдеби-өмірбаяндық материалдар жинағы. Латын әрпімен басылған. Құрастырғандар —  Есмағамбет Ысмайылов пен Қалижан Бекхожин. Кітап 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімде Абайдың өмірбаяны ғылыми түрғыдан баяндалып, өлеңдерінің көркемдік, жаңашылдық ерекшеліктері талданады. 2-бөлімге ақынның әр жылдары жазылған 16 өлеңі топтастырылған. Соңғы бөлімде Абай шығармалары басылымдарының, ақын жайындағы зерттеу еңбектер мен көркем туындылардың көрсеткіш библиографиясы ұсынылған. Жинақ әдебиет зерттеушілеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Көлемі 3 б. т.,10 мың дана болып басылған.

Шашкин З. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл  толғанын атап өту іс-шарасында З.Шашкин т.б. ақындар ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. З.Шашкин мен Е.Смайыловтың «Абайдың поэтикасы» («Әдебиет майданы», 1934, №11-12) атты проблемалық-зерттеу мақалалары жарияланды.

III. Ойтолғаныс сатысы

 

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

 

Үзінді Беті Пікір

 

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
4 Абайтану 10

 

Сабақтың тақырыбы: «Талапты ерге нұр жауар»  Отыз екінші қарасөзі

Сабақтың жалпы мақсаты: отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас  ұғымдары жөніндегі танымы туралы түсінік  беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың көрнекілігі:

  • М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж
  • Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
  • Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;
  • Өмірәлиев Құлмат «Абай афоризмі» Алматы «Қазақстан» 1993 ж.
  • Х.Ж.Сүйінішәлиев «Абайдың қарасөздері» Алматы 1956 ж.
  • Электрондық оқулық: «Абай қарасөздерінің дауыстап айтылуын компьютерден тыңдату»
  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

 

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 

         Отыз екінші сөз. Отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» — дейді.

 

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын қарасөздерін оқу және талдау.

 

Отыз Екінші Сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.

Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек

болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,

ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасилˡ болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған

шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті² зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану³ жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық⁴, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —мұлахаза⁵, екінші — мұхафаза⁶. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде⁷ болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық деген бір нəрсе бар, зинһар⁸, жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!

 

          Сөздікпен жұмыс
ˡтыныштық, рахатшылық

²күндеу, күндеушілікті

³ашқарақтану, қомағайлану, сараң болу

⁴ менмендік, ірілік

⁵(ар. ملاحظة ) – ойласу, пікір алысу

⁶(ар. محافظة ) – өз пікірін қорғау, мықты болу

⁷Барлық күшті жұмсау, тырысу

⁸қалайда, əйтеуір

Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Отыз екінші қарасөзін оқу.

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

sabaktar.kz

Түсінік хат

 

  1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
  2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
  3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор

қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі

абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.

  1. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының: қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер,

кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

  1. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін,өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

  1. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып,білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие

мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып,қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

8) Курс жүктемесінің көлемі:

 

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

 

 

Мақсаты: Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолын таныстыру, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін таныту,сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, өскен ортасын, көзқарастарын таныту. Оқушылардың шығармашылық іздену жұмыстарын дамыту.Көркемдік эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
  • Абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
  • Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
  • Сан қырлы талант табиғатын ашу;
  • Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны

  • Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік — 1 сағат. Курсты оқытудың

мақсат-міндеттері, өзектілігі.

  • Қазіргі абайтану мәселелерін оқытуға — 1 сағат бөлінген:

1) абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму

бағыттары.

  • «Білімдіден шыққан сөз» тарауын оқытуға — 2 сағат бөлінген:

1) Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын

шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы;

2) «Өзіңнен өзің есеп ал», он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі,

жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар

арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы

туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы;

3) Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп

білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары.

  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқытуға — 7 сағат бөлінген:

1) үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақынның тұтас халыққа

арнап айтқан үндеуі;

2) «Осы мен өзім – қазақпын» — 1 сағат, тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның

тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі,

өмір философиясының қағидалары;

3) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі — 1 сағат, өлеңдегі еңбекші халықтың

мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік,

қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы

жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез

психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы;

4) «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі — 1 сағат, қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға

сипаттама, үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері, адамға тән

аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі;

5) «Бөтен елде бар болса» өлеңінде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас

араздық, бақастық көріністерін сынауы, «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық

сипаттағы ой тұжырымы;

6) «Сегіз аяқ» өлеңі — 2 сағат, Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой

толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері,

өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму

жолына бағыттаудағы идеялары;

7) «Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңіндегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді,

опасыз, сатқын жандарды шенеуі, адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі;

8) «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі — 1 сағат, Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық,

кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз

тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік

маңызы;

9) Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы,

қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі,

ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің

танымдық, тәрбиелік мәні.

  • «Абай – сатирик» тарауын оқытуға — 4 сағат бөлінген:

1) «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің

әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, жағымпаз болыстың

портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын,

психологиясын бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған

дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің

өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі

тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм;

2) «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңіндегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы

ойлары, дүмше молдаларды сынап-мінеуі, ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы;

3) «Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері, ұлттың

бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған ақынның қамығып, қынжылуы, ақынның қоғамдағы

қайшылықтарға сыни көзқарасы, өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы, ақынның надандық пен

қараңғылыққа қарсылық білдірген жан айқайы;

4) «Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы, ел

ішін дендеп кеткен өсек, өтірік, ұрлық, пәлеқор-жалақорларды «улы сия, ащы тілмен» шенеуі,

ақынның туған елінің тоқыраған тағдырына кейіген кекті үні;

5) қырық бірінші қарасөзіндегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе

керектігі туралы пікірлері, адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың

ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы.

  • «Махаббатсыз дүние бос» тарауын оқытуға — 4 сағат бөлінген:

1) Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат

лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары;

2) «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы

махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық

ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары;

3) «Сен мені не етесің» өлеңіндегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы

түйінді ойлары мен пікірлері, өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі;

4) «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы,

Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы

талап-талғамы;

5) «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты лирикалық өлеңіндегі қазақ әйелінің сөзбен

сомдалған портреті, сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты;

6) «Қызарып, сұрланып» өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты

кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі.

  • «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауын оқытуға — 7 сағат бөлінген:

1) ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары,

Абайдың діни танымы;

2) Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай — 2 сағат, Жүсіп Баласағұнның

«Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар

мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы, «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін

қамтитыны, «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы,

Жәуанмәртілік – адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде;

3) Абайдың «Толық адам» философиясы — 1 сағат, Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым

таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы, өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой

толғауға негізделуі, толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі, адам

бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы

ақын пікірі, Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс

заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері;

4) Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі — 2 сағат, «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде

ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы, наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы, Абайдың

исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы, абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен

іргелі ғылыми еңбектер;

5) «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы

ой-толғанысы, жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы;

6) жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу

сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның

кесімді пікірі;

7) отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Адам хақында, Алла тағала болмысы,

ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы, пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер

турасындағы ой толғамдары;

8) қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері, жан қуатының үш

элементі жайындағы философиялық көзқарастары, ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас

туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы көрінісі, ішкі-сыртқы сезім түйсіктері,

ақын Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа

айналдырып, хауас ретінде тануы;

9) «Осы үш сүю болады имани гүл» — 2 сағат, Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей

тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету, ақынның ішкі нанымы, адамшылық

жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы, Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю

«Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы.

  • «Қазақтың бас ақыны» тарауын оқытуға — 5 сағат бөлінген:

1) Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы борыш, қасиетті парыз,

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны;

2) Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы — 2 сағат, Абай

туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері,

даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы;

3) Абайдың ақындық мектебі — 2 сағат, Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы,

прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі, Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі

тұжырымдар мен байыптаулар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов,

Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі, Абайдың талантты

ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында;

4) Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар — 1 сағат, ақынның әдебиеттегі дәстүрін

ілгері дамытқан ақындар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов,

М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.

  • Қорытынды сабаққа — 1 сағат бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аптасына -1 сағат. Барлығы- 34 сағат.

 

Өтілетін тақырыптар Сағаты Мерзімі                                           

                       

Ескерту
1. Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік 1 01.09  
2. Қазіргі абайтану мәселелері   08.09  
Білімдіден шыққан сөз  
3. Он  бесінші қарасөзі 1 15.09  
4. Отыз бірінші қарасөзі 1 22.09  
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым  
5. Тоғызыншы  қарасөзі 1 29.09  
6. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым 1 06.10  
7. Жақсылық ұзақ тұрмайды 1 13.10  
8. Сегіз аяқ 1 20.10  
9. Ішім өлген, сыртым сау 1 27.10  
10. Қажымас дос халықта жоқ 1 03.11  
11. Жиырма екінші қарасөзі 1 17.11  
Абай – сатирик  
12. Болыс болдым, мінеки 1 24.11  
13. Көзінен басқа ойы жоқ 1 01.12 08.12
14. Менсінбеуші ем наданды 1 08.12  
15. Бойы бұлғаң 1 15.12  
16. Қырық  бірінші қарасөзі 1 22.12  
Махаббатсыз дүние бос  
17. Қор болды жаным 1 29.12  
18. Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол 1 12.01.15  
19. Сен мені не етесің 1 19.01  
20. Білектей арқасында өрген бұрым 1 26.01  
21. Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы 1 02.02  
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ  
22. Абайдың діни танымы 1 09.02  
23. Жүсіп Баласағұн , Йасауи ілімдері және Абай 1 16.02  
24. Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес 1 23.02  
25. Жетінші  қарасөзі 1 02.03  
26. Отыз  сегізінші қарасөзі 1 09.03  
27. Қырық   үшінші қарасөзі 1 16.03  
28. Осы үш сүю болады имани гүл 1 06.04  
«Қазақтың бас ақыны»  
29. А.Байтұрсынұлы«Қазақтың бас ақыны» 1 13.04  
30. Абай өлеңдерінің тілі 1 20.04  
31. Қазақ  поэзиясына енгізген жаңалығы 1 27.04  
32. Абайдың ақындық мектебі 1 04.05  
33. Абайдың талантты ақын шәкірттері 1 11.05  
34. Қорытынды сабақ 1 18.05  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы,

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ,                         22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП

sabaktar.kz

Түсінік хат

 

  1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
  2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
  3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор

қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі

абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.

  1. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының: қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер,

кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

  1. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін,өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

  1. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып,білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие

мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып,қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

8) Курс жүктемесінің көлемі:

 

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

Мақсаты: Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолын таныстыру, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін таныту,сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, өскен ортасын, көзқарастарын таныту. Оқушылардың шығармашылық іздену жұмыстарын дамыту.Көркемдік эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
  • Абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
  • Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
  • Сан қырлы талант табиғатын ашу;
  • Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу;

 

 

 

 

10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің білім мазмұны

  • Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла — 1 сағат, Абай өмір сүрген дәуірдіңерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі.
  • «Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауын оқытуға — 2сағат бөлінген:

1) абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов,Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

  • «Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын оқытуға — 6 сағат бөлінген:

1) ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіндігі, Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат-қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер турасындағы ой тұжырымдары;

2) «Талапты ерге нұр жауар» — 2 сағат, отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы,хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

3) «Еңбек етсең ерінбей» — 1 сағат, отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік,мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы;

4) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі — 2 сағат, өлеңнің идеясы, өлеңге қойған

эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;

5) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі- 1 сағат, поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне»жөн-жоба көрсетуі.

  • «Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауын оқытуға — 7 сағат бөлінген:

1) Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі;

2) Табиғат лирикасы — 3 сағат, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі;

3) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық,

тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі;

4) «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні;

5) Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам — 2 сағат, отыз жетінші

қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі;

6) «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі — 2 сағат, ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні;

7)«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңіндегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге,

отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі.

  • «Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауын оқытуға — 6 сағат бөлінген:

1) Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі;

2) «Би екеу болса, дау төртеу болады» — 2 сағат, үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне

қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы, үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы, ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы;

3) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі — 4 сағат, өлеңнің идеялық мәні,

Абайдың қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттер жайындағы ойлары, алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі;

4) «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінде Абайдың сол дәуірдегі

қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі, еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы, ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы, өлеңдегі түйінді ой;

5) «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңіндегі ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, ақынның қосанжар өмір құбылысын салыстыруы, ақынның айтқалы отырған негізгі ойы;

6) «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы, ой қуып, ақылға еру хақында, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігі, әлеуметтік өмірдің шынайы суреттері, адамгершілік, әділеттілік мәселелері.

  • Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға — 4 сағат бөлінген:

1) ақын сынының негізгі объектісі мен тақырыбы, Абайдың өз заманындағы қоғамдық

қайшылықтарды, ел билеу жүйесін, ұлық, болыс, би, т.б. пысықтардың жемқорлық айла-амалдарын әшкерелеу шеберлігі;

2) «Улы сия, ащы тіл» — 1 сағат, он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық

ұғым-түсініктері, жағымсыз мінез, қылықтарды сынауы, ұлықтардың қарапайым жұртты алдап, ел ішіндегі бұзақыларды тыймауының салдары неге әкеліп соқтыратыны жайында айтқан пікірлері;

3) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;

4) «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінде пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңын айтуы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі;

5) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңіндегі адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың

іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы.

  • Абайдың аудармаларын оқытуға — 2 сағат бөлінген:

1) Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.

  • Поэмаларын оқытуға — 3 сағат бөлінген:

1) «Масғұт» поэмасы — 2 сағат, поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні;

2) «Әзім әңгімесі» дастаны — 1 сағат, «Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн»

хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың

аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі.

  • Қорытынды сабаққа — 1 сағат бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аптасына -1 сағат. Барлығы- 34 сағат.

 

Өтілетін тақырыптар Сағаты Мерзімі                                           

                       

 
1. Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла 1 05.09  
«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі»  
2. «Абайтану» тарихы 1 12.09  
3. Абайды зерттеушілер 1 19.09  
«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы»  
4.  Абайдың 32  қарасөзі 1 26.09  
5. Талапты ерге нұр жауар 1 03.10  
6.  Еңбек етсең ерінбей 1 10.10  
7. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы 1 17.10  
8. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы 1 24.10  
9. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін 1 31.10  
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер»  
10. Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер 1 14.11  
11. Желсіз түнде жарық ай   21.11  
12. Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай 1 28.11  
13. Көлеңке басын ұзартып 1 05.12  
14. Абайдың 37 қарасөзі 1 12.12.  
15. Абайдың 17  қарасөзі 1 19.12  
16. Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа 1 26.12  
17. Түбінде баянды еңбек егін салған 1 09.01.15  
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек»  
18. Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек 1 16.01  
19. Би екеу болса, дау төртеу болады   23.01  
20. Абайдың 3  қарасөзі 1 30.01  
21.  Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да 1 06.02  
22. Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман 1 13.02  
23. Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап 1 20.02  
24. Абай өлеңдеріндегі адамгершілік мәселелері. 1 27.02  
Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын  
25. Улы сия, ащы тіл 1 06.03  
26. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ 1 13.03  
27. Сабырсыз, арсыз, еріншек 1 03.04  
28. Абайдың 11  қарасөзі 1 10.04  
Абайдың аудармалары  
29. Тұтқындағы батыр 1 17.04  
30. Өзіңе сенбе, жас ойшыл 1 24.04  
Абайдың поэмалары  
31. «Масғұт» поэмасы 1 01.05 08.05
32. Поэма тақырыбы мен идеясы 1 08.05  
33. «Әзім әңгімесі» дастаны 1 15.05  
34. Қорытынды сабақ 1 22.05  

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы,

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ,                         22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990

25) Республикалық «Абай» журналы.