АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ 10 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ 10 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР
1 тақырып Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда. Мемлекеттің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері
Білімділік: Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз пікірін еркін жеткізу, сараптау, қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, жауапкершілікке дәріптеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Өткізілетін орны: АӘД оқу кабинеті
Көрнекі құралдар: АӘД оқулығы, «ҚР Әскери доктринасы», ҚР Конституциясы
«Қазақстандық патриотизм» папкасы
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ҚР ҚК құрылуының заңдық қағидаларын, әскери докрина мазмұнын ажыратып, негізгі мәліметтерді баяндай алады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау»
ü Жастардың саптық дайындығы не үшін қажет?
ü Саптық адым қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
ü Саптың қандай элементтерін білесіздер?
ü Бір орында және қозғалыста сәлемдесу және оған жауап беру қалай жүргізіледі?
Негізгі бөлім
(топтық талқылау, мәтінмен жұмыс, қорғау, қарама-қарсы сұрақтар)
Негізгі мәлімет
— Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, әскери ұйымды дамытуға, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға көзқарастар жүйесін білдіреді.
— ҚК-дің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бейбіт уақыттағы негізгі міндеттері:
1) жауынгерлік әлеуетті, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, мемлекеттік шекарадағы немесе Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі төмен қарқынды әскери жанжалдарды, кез келген заңсыз қарулы күш көрсетулерді оқшаулауды және жолын кесуді қамтамасыз ететін деңгейде бейбіт уақыт штатында басқару органдары мен әскерлердің дайындық дәрежесін қолдау;
2) әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыдан маңызды учаскелерін бүркемелеу;
3) Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінде, құрлықтық қайраңдарында және экономикалық аймағында Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау;
4) ерекше маңызды және стратегиялық объектілерді күзету;
5) орташа немесе жоғары қарқынды жанжал қатері туындаған жағдайда Қарулы Күштерді стратегиялық өрістетуге әзірлікті қамтамасыз ету;
6) диверсиялар мен террористік актілерді болдырмау және жолын кесу;
7) елдің кез келген ауданында ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шешуші іс-қимылдарға әзірлікті көрсету;
8) төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз етуге қатысу;
9) авариялардың, экологиялық апаттардың, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға қатысу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзаладан зардап шеккен аумақтардың халқына көмек көрсету;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес бітімгершілік, гуманитарлық және өзге де операцияларға қатысу.
— 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысында елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметі делінген.
— Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес ҚК–ін құру міндеті тұрды. 1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.
— ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП – Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару – ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.
— ҚР ҚК-нің құрамына 40 – жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК –ін құруды заңды түрде бекітті.
— Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметін өтеу шарттары мен тәртібін дербес анықтайды, республика аумағында қару-жарақ пен техниканы, әскерлерді орналастыру мәселелерін шешеді.
— ҚР-ның Конституциясында «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскериленген құрамалар құруға тиым салынады» делінген.
— Қоғам қорғаныштығының тағы бір кепілі — әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу болып табылады.
Ойтолғаныс
Қорытынды бөлім
Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
ü ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?
ü Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?
ü ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?
ü Әскери доктринаның бағыттары қандай?
ü Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?
ü Әскери доктринаның басты мақсаты не?
Шығу сәті
Нені білемін? Нені білдім? Нені үйренгім келеді?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру: тақырыпқы оқу.
2 тақырып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери дəстүрлерінің құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері.
Білімділік:Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың барысы:
а)–Ұйымдастыру кезеңі — 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
1. Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?
2. Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі??
ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?
3.Әскери доктринаның бағыттары қандай?
4. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?
5. Әскери доктринаның басты мақсаты не?
б) Негізгі бөлім – 25 мин. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы.
Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.
Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..
ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.
Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.
ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.
Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.
Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді.
Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.
Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.
Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазіргі қоғамдағы Қарулы Күштердің рөлі туралы айтып беріңдер.
2. ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге арналған?
3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері неде?