Рубрика: ГЕОГРАФИЯ

ГЕОГРАФИЯ 6 СЫНЫП ОМЖ, ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

Воскресенье, 25 Декабрь, 2016

ГЕОГРАФИЯ  6 СЫНЫП ОМЖ, ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

www.sabaktar.kz

 

Орта мерзімдік  жоспар

                                                                                                                           География 6 -сынып

 

Сабақтың тақырыбы, мақсаты Сағат саны Оқытудың негізгі мақсаты Белсенді оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдер Оқып  үйренудің  нәтижесі Бағалау Барлық оқушыларды сабаққа тарту  жұмысы Негізгі  дереккөздер немесе ресурстар Мерзімі
1 Физикалық география нені оқытады.Жер туралы географиялық білімнің дамуы. 1 Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырады Cыни тұрғыдан ойлауды,   топтық  жұмысты  сабақ  барысында тиімді  пайдалану Оқушылар  жер туралы географиялық білім  туралы  оқып үйренеді. Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  
2 Саяхатшылар ,зерттеушілер  

1

 

 

 

Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады Топтық  жұмысты  сабақ  барысында тиімді  пайдалану Оқушыларт саяхатшылар мен зерттеушілер,олардың жүріп өткен жолдары туралы оқып үйренеді. Критерийлер бойынша  топтық  және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.

Рефлексия  арқылы білімдерін  тексеру.

Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  
3 Табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру. 1

 

 

Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады Cыни тұрғыдан ойлауды   сабақ барысында тиімді пайдалану Оқушылар өзі қоршаған табиғат құбылыстары туралы  оқып, үйренеді. Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия  арқылы  білімдеріне талдау жасау. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру . Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  
4 Жердің Күн жүйесіндегі орны.Жердің пішіні мен мөлшері.  

1

 

 

Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады Топтық жұмыс  және СТО сабақ барысында тиімді пайдалану. Джигсо стратегиясын пайдалану Оқушылар Жер,жердің Күн жүйесіндегі орнын,пішінімен көлемін оқып үйренеді. Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды. Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  
5 Жер беті бейнесінің түрлері.  

1

Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады Сыни тұрғыдан ойлауды, топтық жұмыстар. Оқушылар жер беті бейнесінің  түрлерімен,ойпат ,жазықтар жайлы оқып үйренеді. Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  
6 Масштаб,қашықтықты өлшеу 1

 

 

Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады Топтық  жұмысты  сабақ  барысында тиімді  пайдалану Оқушылар  масштаб,оның түрлері,қашықтықты өлшеуді үйренеді. Критерийлер бойынша  топтық  және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.

Рефлексия  арқылы білімдерін  тексеру.

Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  
7  

Азимут туралы түсінік,жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

Оқушылар оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады Cыни тұрғыдан ойлауды   сабақ барысында тиімді пайдалану Оқушылар  бағыт бойынша азимутты анықтап ,план сызуды үйренеді. Өз бетінше азимутты анықтай алады. Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия  арқылы  білімдеріне талдау жасау. Жас ерекшеліктеріне қарай және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру . Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар  

 

ГЕОГРАФИЯ 6 СЫНЫП ҚМЖ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

Воскресенье, 25 Декабрь, 2016

ГЕОГРАФИЯ  6 СЫНЫП ҚМЖ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

www.sabaktar.kz

                                                                                                            

              6-сынып

Сабақ: 1

Мерзімі:

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Мақсаты:

Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын  кеңейту.

Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
  3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
  4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
  5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  6. Сабақты қорытындылау кезеңі
  7. Бағалау кезеңі
  8. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйым-дастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

(10 мин)

1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:

1) Жер туралы не білесіңдер?

2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?

3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.

4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.

5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?

 

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:

1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.

2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет.

1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:

1) Жер – күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады.

2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник…

3) Жұлдыз дегеніміз – бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар.

4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы.

5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар.

2. 1) 6 материк – Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.

2) 4 – Тынық, Атлант, Үнді, СММ

Аталған атауларды картадан көрсетеді.

 

3. Жаңа материалға көшу кезеңі

(2 мин)

География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта  физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.

                    География

 
ФГ                         ЭӘГ

 

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

(15 мин)

1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.

 География ғылымы және оның салалары. Физикалық география.  Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.

 Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.

2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

 Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.

Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.

Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы.  XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.

 Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру. 2-слайд.

Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы  әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.

Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы.  XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  (9 мин) Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің  қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі

(5 мин)

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:

1. География ғылымы нені зерттейді?

2. Физикалық география немен шұғылданады?

3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?

4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?

5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.

6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі

(1 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЕОГРАФИЯ 6 СЫНЫП ОМЖ ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

Воскресенье, 25 Декабрь, 2016

ГЕОГРАФИЯ  6 СЫНЫП ОМЖ ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

www.sabaktar.kz

6-сынып Физикалық география

(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)

Негізгі сабақ мақсаттары Оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер Оқу нәтижелері Модуль Бағалау Негізгі ресурстар         Мерзімі
Мақсаты:
Кіріспе (3 сағат)

1.Сабақтың тақырыбы:  Физикалық география нені оқытады, Жер туралы  географиялық білімнің дамуы

Мақсаты: Физикалық география туралы және  жер туралы білу,  алған білімдерін өмірде қолдана алу.

1.«Мағынаны тану» Мәтінмен жұмыс (ЖИГСО әдісі)

2. «Ой толғау»

3. Миға шабуыл

4. Сәйкестік тест

Физикалық география және жер туралы біледі, алған білімін өмірде қолдана алады. СТО, бағалау, диалог, дарынды оқушы, жас ерекшелік,

көшбасшылық,АКТ

 

 

 

Фармативті бағалау,

Критерилер бойынша бағалау.

«ИНСЕРТ әдісі»   ББҮ

6-сынып Физикалық география оқулығы. Ә.Бірмағамбетова, К.Мамырова. Атлас карта, презентация, қосымша мәліметтер,  таратпа материалдары, дидактикалық материалдар,

интернет мәліметтері

 

2.Сабақтың тақырыбы:  Саяхатшылар, зерттеушілер Мақсаты:Саяхатшылар туралы мәліметтер алу, картамен жұмыс істей білу.

1.«Мұхиттар аясында»  «Автор орындығы» стратегиясы.

2.» Мағынаны тану» ЖИГСО әдісі

3. « Ой толғау» Жалған мәтін

4. «Венн диогрммасы»

Саяхатшылар туралы мәліметтер алады, картамен жұмыс істейді, салыстырады. СТО, бағалау, диалог, дарынды оқушы, жас ерекшелік,

көшбасшылық,АКТ

Бас бармақ, смайлктер арқылы бағала, бағдаршам, бірін-бірі бағалау. 6-сынып Физикалық география оқулығы. Ә.Бірмағамбетова, К.Мамырова. Атлас карта, презентация, қосымша мәліметтер,  таратпа материалдары, дидактикалық материалдар,

интернет мәліметтері

 

 

 

 

 

3. Сабақтың тақырыбы:  Табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру Мақсаты:Табиғат құбылыстарын бақылай білу, бір- бірімен тәжірибе алмаса алу.

1.«Мағынаны тану» Сематикалық карта, Сәйкестік тест тапсырмасы, «Ең-ең кестесі»

2 . «Балық аулау» Картамен жұмыс

3. «Егерде сен…»

4. «Ой толғаныс»

Табиғат құбылыстарын бақылай алады, бір-бірімен тәжірибе алмаса біледі. СТО, бағалау, диалог, дарынды оқушы, жас ерекшелік,

көшбасшылық,АКТ

Смайликтер, кері байланыс топтар өзара бағалайды.Бақылаушының бағалау парағы арқылы 6-сынып Физикалық география оқулығы. Ә.Бірмағамбетова, К.Мамырова. Атлас карта, презентация, қосымша мәліметтер,  таратпа материалдары, дидактикалық материалдар,

интернет мәліметтері

 
Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта (16 сағат)

1.Сабақтың тақырыбы: Жердің күн жүйесіндегі орны, Жердің пішіні мен мөлшері

Мақсаты:Жердің күн жүйесіндегі маңыздылығын түсіну, Жер пішіні мен көлемнін ажырата алу, салыстыру.

1.«Мағынаны тану» Мәтінмен жұмыс (ЖИГСО әдісі)

2.Сызба нұсқамен жұмыс (бір-бірімен байланысын анықтау)

3. Мақал-мәтелдер (пәнаралық байланыс)

4.Сәйкестік тест тапсырмасы

Жердің күн күн жүйесіндегі маңыздылығын түсінеді, Жер пішіні мен көлемін ажырата алады, салыстырады, мысалдар келтіреді. СТО, бағалау, диалог, дарынды оқушы, жас ерекшелік,

көшбасшылық,АКТ

Фармативті бағалау,

Критерилер бойынша бағалау.

«НСЕРТ әдісі» ББҮ

6-сынып Физикалық география оқулығы. Ә.Бірмағамбетова, К.Мамырова. Атлас карта, презентация, қосымша мәліметтер,  таратпа материалдары, дидактикалық материалдар,

интернет мәліметтері

 

 

 

 

 

2.Сабақтың тақырыбы:Жер беті бейнесінің түрлері

Мақсаты:Жер ішкі және сыртқы күштердің әсерінен қалыптасатындығын білу, ажырата алу, топта бірлесе жұмыс істей алу

1.«Мағынаны тану» Мәтінмен жұмыс (ЖИГСО әдісі)

2.Сызба нұсқамен жұмыс (бір-бірімен байланысын анықтау)

3. Мақал-мәтелдер (пәнаралық байланыс)

4.Сәйкестік тест тапсырмасы

Жер ішкі және сыртқы күштердің әсерінен қалыптасатындығын біледі, ішкі және сыртқы күштерге нелер жататындығын ажырата алады. СТО, бағалау, диалог, дарынды оқушы, жас ерекшелік,

көшбасшылық,АКТ

Фармативті бағалау,

Критерилер бойынша бағалау.

«НСЕРТ әдісі» ББҮ

6-сынып Физикалық география оқулығы. Ә.Бірмағамбетова, К.Мамырова. Атлас карта, презентация, қосымша мәліметтер,  таратпа материалдары, дидактикалық материалдар,

интернет мәліметтері

 

 

ГЕОГРАФИЯ 6 СЫНЫП ҚМЖ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

Воскресенье, 25 Декабрь, 2016

ГЕОГРАФИЯ  6 СЫНЫП ҚМЖ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

www.sabaktar.kz

Сыныбы: 6. 

Күні:                                 

Пәні: География.

№1сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Физикалық география нені оқытады.Жер туралы географиялық білімнің дамуы.

 

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар Географиялық ғылымның дамуымен жинақталуы жайлы  оқып үйренеді.

 

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:                                                                                                                          Білу: География ғылымының дамуы туралы ғылыми деректер қалай жинақталғанын біледі.

Түсіну: География ғылымының міндеттерінің өзгеруі және қандай ғылым екенін түсінеді.

Қолдану: География ғылымының қандай пән екнін ажырата алады.

Талдау: География ғылымының міндеттерінің өзгеруін,қандай бөліктерден тұратынын ажырата алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, тау жыныстарының үлгілері,суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы        

Уа-қыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
5  мин Кіріспе 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.

3.Мұғалім  сыныпты 4-5 адамнан тұратын үш топқа бөледі.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.

 

10 мин                 Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі жаңа  тақырыптың мақсатын айқындайды.                                                      2. Мұғалім үш топқа географияға қатысты тапсырма береді. 1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.
 25

мин

 Негізгі    

 бөлім

 

1. География ғылымының дамуын оқып,талдайды.

 2. География ғылымының міндеттерінің өзгеруін оқып,сұрақтар дайындайды.

3. География ғылымы нені зерттейдітақырыбын алып, олардың өмірде не үшін пайдалануға болатынын сұрайды.                                                                                                       

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, География туралы,салаларға бөлінуі және міндеттері мәлімет береді.

2.Әр топ бір-біріне сұрақтар қойып жауап беруге тырысады.

5

 мин

Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма:

1)§1оқу

2) География ғылымының атасы Эратосфен жайлы мәләмет дайындау.

3)Ребус құру

1.Оқушылар  бірін-бірі критерий бойынша  бағалайды.

2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды

 

 

Қосымша

Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар

  1. География ғылымының дамуы қай жерден басталған?
  2. География ғылымының неше саласы бар?
  3. «География ғылымының атасы»деген атаққа ие болған?
  4. Белгісіз жерлерді ашып,зерттеп сипаттауға кімдер үлес қосты?
  5. Қазіргі кезде география ғылымының алдында тұрған қандай міндеттері бар?

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Күні:                                 

Сыныбы: 6.       

Пәні: География.

№2сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Саяхатшылар,зерттеушілер.

 2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушыларалғашқы саяхатшылар жайлы  қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.

 

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:                                                                                                                          Білу: Географиялық білімнің қалыптасуы,картаның пайда туралы біледі.

Түсіну: Ерте кездегі халықтардың терімшілікпенайналысқанын.адамзатқа қашан да табиғаттың туралы білімнің қажетекенін түсінеді.

Қолдану: Географиялық білімнің жинақталуы мен картаның өмірде маңызын түсініп,қолдана алады.

Талдау: Алғашқы географиялық мәліметтерді пайдаланып,карталарды ажыратып белгілеріне қарап ,карта бойынша талдай алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.

Сабақ барысы        

Уа-қыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
5  мин Кіріспе 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды.

2. Мұғалім оқушыларды үлестірмелі суреттер арқылы үш топқа  бөледі

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

 

 

10 мин Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.                                            2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды.Саяхатшылар жайлы мәліметтерді дәптерге жазып алуға тапсырма беріледі. 1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге Саяхатшылар туралы мәліметтерді жазып алады.

 25

мин

 Негізгі    

 бөлім

 

1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып  Алғашқы географиялық білімнің қалыптасуы,Картаның пайда болуы, Саяхатшылар бойынша постер жасап қорғайды.

2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды

3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша саяхатшылардың жүріп өткен жолдарын көрсету.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2.Жеке жұмыс: оқушылар сандармен яғни жылдарды сөйлетеді.

Мысалы: 1442жыл,1492 жыл,1519-1522 жыл т.б.

 3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, саяхатшылардың жүріп өткен жолдарын кескін картаға түсіреді.

5

 мин

Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

1) А деңгей:§2 оқу

2) В деңгей: Атласты талдау.

 3) С деңгей:Қалаған бір саяхатшы жайлы мәлімет жинақтау.

1.Оқушылар  бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар кері байланыс жасайды

Не ұнады:……………………………………..

Не қиын болды: …………………………..

Тілегім: ……………………………..…………

 

 

 

Бекітемін:

 

Күні:                                 

Сыныбы: 6.       

Пәні: География.

№3

1.Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру.

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар табиғат құбылыстары жайлы  қысқаша мәліметтерді оқып-үйренді.

 

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:                                                                                                                          Білу: Қоршаған табиғат ,ауа,тас,өсімдік,жануар ,Күн бір бірімен байланысы бар екенін біледі.

Түсіну: Адамзат үшін табиғаттың маңызын түсінеді.

Қолдану: Табиғаттың бір бірімен байланысын өмірде қолдана біледі,адамзат пен тіршіліктің арасында қандай айырма бар екенін анықтай алады.

Талдау: Құнды дәлелдермен ,белгілеріне қарап ажыратып талдай алады.

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.

Сабақ барысы        

Уа-қыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
5  мин Кіріспе 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты  оқушыларды топқа бөледі. Ауа,топырақ,өсімдік топтары.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

 

 

10 мин Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.                                            2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, табиғат құбылыстарының  күрделікті өмірде алатын маңызы туралы жазып алуға тапсырма беріледі. 1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.

 25

мин

 Негізгі    

 бөлім

 

1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып  1 топ. Ауаның қандай маңызы барын анықтау.2 топ.Өсімдіктің.3топ.Топырақтың маңызын талдау,анықтау.

2.Топтық жұмыс.Тостер қорғау.

 3. Эссе жазу. Талдау.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2. Топтық жұмыс: оқушылар топтасып берілген тапсырмаларды бірігіп орындайды.

5

 мин

Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

1) А деңгей: оқу

2) В деңгей: Гербарий дайындау.

3) С деңгей: «Табиғаттың адам үшін маңызы» Эссе жазу.

1.Оқушылар  бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар кері байланыс жасайды

Не ұнады:……………………………………..

Не қиын болды: …………………………..

Тілегім: ……………………………..…………