Рубрика: 2016-2017 1 СЫНЫП ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ

1 СЫНЫП ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ПОРТФОЛИОСЫ 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ ДҮНИЕТАНУ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК, МАТЕМАТИКА, САУАТ АШУ

Суббота, 28 Январь, 2017

1 сынып қалыптастырушы бағалау портфолиосы 2016-2017 оқу жылы: Дүниетану,  жаратылыстану, көркем еңбек, математика, сауат ашу

Читать полностью »

КСП, ССП, КТП 1 КЛАСС (НИШ 2016)

Вторник, 10 Январь, 2017

1,2,3 четверть по предметам: естествознание, математика, обучение грамоте, познание мира, самопознание, физическая культура, художественный труд

Читать полностью »

ҚАЗАҚ ТІЛІ 1 СЫНЫП ҰМЖ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОРЫС КЛАСС. ДЛЯ РУССКИХ КЛАССОВ

Понедельник, 28 Ноябрь, 2016

www.sabaktar.kz

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

(барлығы 66 сағ., аптасына 2 сағ.)

Ортақ тақырып Бағдарлама бөлімдеріне сілтеме Оқу мақсаты Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Мерзімнің өзгеруі ескерту
1-тоқсан
1 Өзім туралы 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Сәлем! Сенің атың кім? 1    
2 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Бұл кім? 1    
3 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату

Бұл  не? 1    
4 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Қандай доп? 1    
5 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Неше доп? 1    
6 1.1   Тыңдалым тәсілдерін қолдану

 

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату

Киімдер 1    
7 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Сен не киесің? 1    
8 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Кел, қайталайық! 1    
9     Менің кітапшам 1    
10 Менің мектебім 1.2   Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Мынау- мектеп 1    
11 1.2  Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Менің сыныбым 1    
12 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Оқу құралдары 1    
13 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Мен жеті жастамын 1    

ҚАЗАҚ ТІЛІ 1 СЫНЫП ОМЖ ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОРЫС КЛАСС. ДЛЯ РУССКИХ КЛАССОВ

Понедельник, 28 Ноябрь, 2016

www.sabaktar.kz

Орта мерзімді жоспарлар

 

«Қазақ тілі» пәні.Бастауыш мектеп. 1-сынып
1-бөлім: «Өзім туралы»
Осыған дейін меңгерілген білім
Бірінші бөлім үйде/балабақшада алған білімдеріне негізделеді. Оқушылар өзінің бірінші тілінде өзі туралы айта білуі  және екінші тілде білімін жетілдіру керек. Олар қазақ тілдеөздері туралы  сипаттап айту  үшін  балаларға арналған әңгіме, өлеңжәне кейбір сөздермен танысады
Контекст
Бұл бөлім мектепке жаңа келген оқушыларға бір-бірімен танысуға мүмкіндік береді.Бөлімді оқыту барысындадыбыстықжаттығуларжүйелітүрдеүнеміөтуікерек. Бөлімді меңгертуде   «Жаратылыстану», «Математика» және «Өнер» білім саласы пәндерімен пәнаралық байланыс ұсталынады; тұлғалық және әлеуметтік  қалыптасуына ықпал етеді.Бұл бөлімде оқушыларды қызықты рөлдік ойындарды ойнатуарқылы оқу және жазуға көмектеседі.

 

Қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар танысудан бастап, өздерінің киімдері, түр мен түс туралы білетінін айтып, тілдерін дамытады.Олар мектепке келгенде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін, өз сезімдерін білдіруді үйренеді, өздеріне,мектептегі және үйдегі күнделікті өмірлеріне байланысты сөздік қорды меңгереді. Олар осы бөлімде әңгіме, өлең және аудиовизуалды мәтіндермен танысады. Қажетіне қарай жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды атқарады. Мұғалімнің  интерактивті әдістері  оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын   дамытуға  бағытталады, ол үнемі  қалыптастырушы бағалау жұмысына негізделеді.

 

 

Оқу бағдарлама-сына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
    Артикуляциялық жаттығулар

 

  http://el.kz

 

(МК,Ұ) Мұғалім әрбір дыбысқа, сондай-ақ,сөз ішінде кездесетін қазақ тілінің төл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелерінің қызметін балаларға түсіндіріп, артикуляциялық дыбыстарды анық айтуға жаттығулар жасатады.

Бұл тұста «Кім көп және тез» оқыта үйрену әдісін пайдаланады. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты айтады, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді.

 

 

Әріптер мен дыбыстарды ажыртатын жаттығу жұмыстарын өткізіңіз. Әр әріпке арналған сурет-кесте болу міндетті.

Дыбыстарды оқушылардың өздеріне іштей, сосын дыбыстап айтқызып, дыбыстау мүшелерінің қызметін нақты мысалдармен түсіндіріңіз. Құрамында қазақ тіліне тән дыбыстарды түрлі ойындар арқылы жаттықтырыңыз. Әрбір жаңа дыбысты/әріпті өткенде, оқытқанда жуан, жіңішке дыбыстар деген грамматикалық ұғымдарға нақты мысалдармен зейінін аудартып отырыңыз. Бұл әдісті жаңа дыбысты /әріпті өтетін алғашқы күнінен бастап үнемі өткізіп отырғаныңыз жөн.

 
1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

 

1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

 

 

Сәлемдесу.

Сәлемдесу түрлері.

(МК) Мұғалім «Шеңбер әдісі» ережесімен сәлемдесудің мынадай үлгілерін ұсынады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе»,«Сәлем, менің атым – …», «Сәлеметсіз бе, менің атым – …», «Сәлеметсіздер ме», Қайырлы таң! Қайырлы күн !

 

(Ұ) Оқушылар шеңбер құрып, кезектесіп ортаға шығып «Сәлем, менің атым – … » деп өз аттарын айтып, орнына барып, көршісіне қолын созады. Осылайша барлық бала өз атын айтып, танысып шығуы керек.Оқушылар жаттығуды өз аттарын ырғақпен шапалақтай отырып қайталайды. Бұл тұста мына жаттығу орындалады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе» деп жазылған түрлі эмоциядағы (көңілді, көңілсіз, ашулы, мұңлы) смайликтерді көрсете отырып, сәлемдесуді түрлі эмоциядабірнеше рет түрлендіріпқайталатады.

 

(Ж,Қ)Мұғалім жұпта оқушылар бір-бірімен сәлемдескенде оқушылардың мынадай дағдыларын бағалайды:

·   досымен қарапайым түрде сәлемдесуін;

·   өздерін бірнеше сөзбен сипаттауын;

·   басқаларды тыңдауын.

 

Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларсәлемдесудің бірнеше түрін айта алады:

Сәлем! Сәлеметсіз бе!Амансыз ба?Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар басқалармен қимылмен, ым-ишарамен немесе қарапайым сөздер мен сөйлемдерді қайталау арқылы сәлемдеседі.

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатын қойыңыз.

Оқушылар сөздердің айтылуын сіздің бет әлпетіңізден көре алатындай көрсетіңіз. Сонымен қатар бет қимылдарын да келтіріңіз.

Тірек сөздерді ірі әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануға мүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың тілін дамытуға арналған қосымша жаттығулар:
«Сәлемдесу» тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер және ұйқастар айтуға және оларды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік беріңіз.

Бұл бөлімдегі тақырыптарды меңгеруге көмектесетін қолайлы жағдай жасаңыз. Мысалы,

·   рөлдік ойындарды ойнату;

·   алғашқы жазуға арналған қаламдар, түрлі түсті қарындаштар, қағаздар, т.б. көрнекі құралдармен қамтамасыз етілген ыңғайлы орынды дайындау.

Бастауыш сыныпқа арналған сергіту сәттері

http://sc0018.kokshetau.akmoedu.kz/

 

2.1 Сөздік қорды толықтыру

 

1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану

 

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және Тілдік нормаларды қолдану 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
   
2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша ой-пікір білдіру 1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) айту

 

(МК,Ұ) «Сезімді тап» ойыны. Мұғалім ойынның басында оқушылардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұрайды (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш). Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұрайды. Қалған балалар ол қандай сезімді білдіріп тұрғанын табу керек.

 

(МК) Мұғалім «Мен оқушымын», «Мен мектепке келдім», «Мен 1-сыныпқа келдім», «Мен қуаныштымын» деген қысқа фразалар айтқызу арқылы сезімін білдіретін рөлдік ойындар өткізеді.

 

(Ж) Оқушылар мектепке келген алғашқы күнгі көңіл-күйлерін жұпта пантомимо арқылыкөрсетеді.

 

(Ө) Оқушылар өзінің мектепке келген күні туралы сурет салады. Өз есімін жаза алатын оқушылар суреттің төменгі бөлігіне жазуына болады.

(Т,Қ) Оқушылар бір-біріне суреттер көрсете отырып, қарапайым фразаларды қайталайды.

 

Мүғалім оқушылардың мынақабілеттерін бағалайды:

·   бірнеше сөздермен өз сезімдерін білдіре алуын;

·   басқалардың айтқанын тыңдай алуын.

 

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларөз сезімдерін берілген үлгі бойынша сөз, қысқа сөз тіркесі арқылы айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушыларөз сезімдерін берілген үлгі бойынша сөз, қысқа сөз тіркесі, сөйлем арқылы қайталап айтады.

 

Оқушылардың алдына нақты оқу мақсатынқойыңыз

Тірек сөздерді ірі әріптермен жазыңыз және оларға сілтемені жиі жасаңыз. Жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын молайту үшін қайталау маңызды, сондықтан оқушыларға көбірек дағдылануғамүмкіндік берілуі тиіс.

Оқушылардың жетістіктерінкөрсету үшін дайын жұмыстардың ең жақсыларын көрсетіңіз және алдағы жұмыстарына үлгі ретінде қалдырыңыз.

Оқушылардыңтілін дамытуға арналғанқосымша жаттығулар:
«Мектепке алғаш келген кездегі сезімдер» тақырыбына қатысты әңгімелер, өлеңдер, ұйқастар айтыңызжәне оқушыларғабұл жұмыс түрлеріне қатысуына, бірнеше рет қайталауына мүмкіндік беріңіз.

 

http://www.balakai.kz/

 

http://erketai.kz/

 

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау) 1.5.1.2 мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану