Публикации с меткой: АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 11 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

Суббота, 5 Ноябрь, 2016
  •  АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 1 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

sabaktar.kz

 

 

Сабақ жоспары

Пән: Қоғамдық білім негіздері
Сынып: 11 Сабақ: 1

Күні:

Тақырыбы: Философиялық антропология пәні және оның құрылымы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға философиялық антропология пәні және оның құрылымы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Философиялық антропология пәні. «Антропология» термині адам туралы ғылым деген ұғымды білдіреді (грек. «апіһгороз»-адам, «Іо§оз»-ілім). Адамды түрлі жақтарынан медицина, психология, анатомия және физиология, т.б. ғылымдар зерттейді.

Антропологияға философиялық козқарас арнайы ғылыми көз-қарастан өзінің айқын көрінісінің түтастығымен және жүйелілігімен ерекшеленеді. Философия, жалпы, ауқымды антропологиялық, дүниетанымдык маңыздылығы бар мәселелерді зерттейді. Оны биология, медицина ғылымы түрғысынан қарағандағы адамның нендей мәнге ие екендігі кызыктыратыны секілді, оның назарынан адам бойындағы ең басты нөрсе мен оны айкындаушы фактор, оның өмір сүру аспектілері мен кырларының біртүтастығы неге негізделгені де сырт қалмайды.

Философтар адам туралы ерте заманның өзінде ойлана бастаған. Адамтану- философияның басты мәселесі. Оның күрылымы Сократтың «өзіңді таны» деген сөзінде көрініс тапқан. Олар «адам-дүние» деген дүниетанымдық қатынастың адамның табиғатқа, басқа адамдарға, адам қолымен жасалған жасанды тіршілік ортасына деген қарым-қатынасынан күралады.

Адам философиясының негізін салушы Сократ деп танылған. Ол өзінің философиялық түсініктерінің негізі етіп адам болмысының мәні мен мағынасын қойған болатын. Содан бері адам мен оның не үшін жаратылғандығы туралы әр түрлі көзқарастағы көптеген философтар айналысты. Антропологиялық мәселе коне дөуірлерден XVII—XVIII ғасырларға дейінгі үзақ уақыт бойы толығымен философия аясына жатқызылды. «Антропология» терминінің езін адамды зерттейтін философия белігі ретінде Аристотель алғаш рет айналымға енгізген болатын.

Адам туралы түрлі тұжырымдар. Антиқалық философияда адамға ерекше сана- акылға иелік етуші, ғаламның бір бөлігі деп қараған. Космоцентризм деп аталған осы түжырымдаманың түрғысынан қарайтын болсак, адам ғаламның туындысы- «микрокосмос».

Орта ғасырларда (VI-XIV ғғ.) Шығыста да, Батыста да діни көзқарастардың үстемдігі орнады. Қоғамның барлық лялары дінге бағынды. Осы кезде теоцентризм (грек. Іһеоз -құдай) принципі үлкен рол атқарды. Адам дегеніміз-құпияжәне оның мәнін түсіну мүмкін емес деген түсінік қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірінің (XV-XVI ғғ.) философиясында адамның бостандығы мен шығармашылық белсенділігі, оның танымдық қабілеті ерекше атап көрсетілді.

Философияның міндеттерін аныктай келіп, Кант езінің белгілі төрт сұрағын тұжы- рымдады:

  1. Мен не біле аламын?
  2. Менің не істеуім керек?
  3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?
  4. Адам дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §1, 5-9 бб

Сабақ жоспары

Пән: Қоғамдық білім негіздері
Сынып: 11 Сабақ: 2

Күні:

Тақырыбы: Адамның шығуы мен қалыптасуы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Адамның шығуы мен қалыптасуы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (адам,шыгуы) деп аталады.

Саналы адам (ното заріепз) осыдан 50 мың жылдай бұрын қалыптасты. Ол адамның тарихы Жер бетінде алғашқы тік жүруші адамдар пайда болған осыдан 1,5-2 млн жыл бұрынғы тарихтың қойнауына кетеді. Бұл Шығыс Африқада бірнеше себептердің түйісулеріне байланысты орын алған. Бұл туралы ғалымдар арасындағы пікірталас осы уақытқа дейін жалғасып келеді. Бұлардың қатарларына климаттың, планетамыздың радиаңиялық фонының өзгеруі, жақын ғарыштың Жерге әсері болуы да мүмкін. Эволюциялық теорияның негізін қалаушы Чарльз Дарвин (1809-1882 жж.) адамның ата-тегі мен жануарлардың дамуын айқындаушы факторлардың ортақтығына, адам мен приматтардың дене түрпаттарының ұқсастығына баса назар аударған. Бірақ қазіргі заманғы ғалымдар адамның дамуы мен қалыптасуына өсер еткен факторлар ретінде әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыларға Дарвин көбірек маңыз береді.

Философиялық антропология үшін эволюция үдерісінде адамның бас сүйегі мен ми көлемінің ұлғаюы маңызды айғақ болып саналады. Бұл көп жағдайларда жануар ақуызы барлық-түліктерді тамаққа пайдалану нәтижесшде іске асқан. алдымен, қабығы жаңа байланыстармен байып дамыған. Осылардың нәтижесінде сөйлеу, ойлау және еңбек әрекеттері үшін алғышарттар қалыптасқан.

Адамда оның өмірі мен әрекетін камтамасыз ететін екі арна бар:

  • § биологиялық дамудың негізінде жататын генетиқалық;
  • § адамның ерекшеліктерін білдіретін мәдени-лингвисти- ісалық.

Еңбек деп адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында табиғатты өзгертуге багытталған мақсатты әрекетін айтамыз.

Қоғамдағы адам. Материалдык өндірістің екінші жағы да бар ол-адамның өзінің өндірілуі мен қайта өндірілуі, яғни бала туу, тәрбиелеу, әлеуметтендіру, яғни осы үдерістермен байланысты барлық іс-әрекеттерді қамтиды. Қоғам дамуының бастауымен, антропосоңиогенез (адам мен коғамның қалыптасуы) барысында өндірістің екі торабы да күрделі, қарама-қарсылықты арақатынаста болды.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §2, 10-12 бб

 

Сабақ жоспары

Пән: Қоғамдық білім негіздері
Сынып: 11 Сабақ: 3

Күні:

Тақырыбы: Адамның мәні мен тіршілігі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адамның мәні мен тіршілігі туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Мән-қарастырылып отырған нәрсеге немесе құбылысына тән аса маңызды қасиеттер. Бір-бірлерін толықтыра отырып, олар заттың ішкі негізін құрайды. Тіршілік дегеніміз-бұл заттың немесе құбылыстың шынайы болмысы; өмірде өзін қалай көрсететіндігі мен қалай ұстайтындығы.

Философия тарихында адамның мәнін аньщтауға талай талпыныстар жасалынған болатын.

Биоцентристер

Теоцентристер

Социоцентристер

Биоцентристер (натуралистер) адамның мәнін тек оның табиғи бастауына, яғни биолоғиялық тәніне апарып таңады. Олар адамның тіршілігінің түрліше жактары оның дене кұрылысына байланысты деп санаған. Табигатцентристер адамды ғаламның ерекше сапалы- саналы бөлігі деп есептеген. Антропоцентристер бүкіл дүниені адам арқылы бағалаған. Өйткені оны ең жоғары кұндылық деп қарастырған.

 

Социоцентристер адамды езінің барлық қасиеттері мен құбылыстарын қоғамнан алды деген пікірде болған.

 

Теоцентристер адамның мәнін оның жанына апарып теңестірген. Жанды олар адамның табиғи бастауына (денесіне) қарсы қойып, соңғысьш күнөқар деп есептеген. Адам рух- тың (Құдай берген бастаудың), жанның, тәннің қосындысы деген. Адамның табиғаты оны Құдай жаратқандықтан адамдардың ақылы жетпейтін құпия деп есептелінген.

Адамның тіршілігі жеке тұлғаның тұтас тіршілік иесі ретінде оның қажеттіліктері мен қасиеттерінің барлық түрлерінде керініс табады. Бұл тұтастык, ең алдымен, адамның үш-биологиялық, әлеуметтік және психиқалық-негізгі бастауының бірлігі болып табылады. Сайып келгенде, бұл биопсихоәлеуметтік құбылыс. Осы факторлардың біреуін тастасақ, біз адамды жоғалтып аламыз. Адамның қабілеттіліктерінің дамуы әр уақытта осы негізгі факторлармен, яғни табиғи тума қабілеттіктермен, әлеуметтік ортамен және ішкі «менімен» байланысты.Өмір жаңалықтарының өзгеруіне бейімделе отырып, адам өз тіршілігін (өмір сүру тәсілдерін) өзгертеді және осымен бір уақытта өзінің мәнін қалыптастырады.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3, 13-15 бб

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Пән: Қоғамдық білім негіздері
Сынып: 11 Сабақ: 4

Күні:

Тақырыбы: Адам болмысының мәні

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам болмысының мәні туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Өмірдің мәнінің адамдық өлшемі бар. Адам жоқ жерде мән де, мәнсіздік те жоқ. Тек адам ғана өзін қоршаған ортамен бірлікте өмірдің мәні туралы түсінік түзуге қабілетті. Бұл әрекеті еріксіз емес, өзінің өмірге кезқарасына, ұстанымдары мен ұмтылатын мұраттарына сай іске асырады. Көптеген мәселелер адам баласының объективтік жағдайларына байланысты.

Жазушы В.Каверин айтқандай, тұлғаның өмірінің мақсаты: «Күресу мен іздену, табу және берілмеу». Өмірдің мәні-бұл адамның жасампаздьпына басқалармен қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктеріне байланысты, кейде басқалар үшін өзін-өзі құрбан етуге байланысты оның өзін-өзі іске асыруға бағыттайтын құндылықтар мен мұраттарды саналы түрде, дербес таңдауы.

Өмірдің мәні болмағандықтан, адамда «тобырлық сезім артады, жаны жабырқап, тұлғаның мәнісі кеми береді. Оның қандай қуаныштары болды? Кімді жұбатты, кімге ақыл-кеңес берді, кімге жылы сөз айтты, кімге кемек беріп, қол үшын созды, кімді жылытып, корғап қалғанына» байланысты деп жазды А.И.Герцен. Адамның рухы қаншалықты жоғары болса, ол соғұрлым еркін, соғұрлым өмірден көбірек ләззат алады, соғұрлым кеп адамға, жалпы қоғамға әсер етеді.

Өмірдің мәні-адам өзінің өмірін бағындыратын және сол үшін өзінің өмірлік мақсаттарын бағыттап, жүзеге асыратын бағаланған құндылық (құндылықтар). Ол мәнісінде құндылық сипатта және тек тіршілік стетіндер үшін емес, не үшін өмір сүру керек екендігін сезінгендер үшін пайда болады. Мән-адамның рухани өмірінің болігі.

Өмірдің мәні туралы мәселе-бұл адамның өлімінің мәні оның мәңгілігі туралы да мәселе. Өмірдің мәні тек осы кезге ғана емес, сонымен бірге жаны тірі адам болмайтын мәңгілік уақытқа байланысты анықталынады. Өмірдің мәнісін түсіну дегеніміз-ол өзгерістердің мәңгілік ағысында озінің орнын табу дегенді білдіреді. Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы адам өледі, бірақ артында өшпестей із қалдырған адамның өзі елгенмен, аты өлмейді: келер ұрпақтың есінде оның аты мәңгіге қалады: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? Өлмейтұғын артында сез қалдырған». Егер адам өмірден өткеннен кейін артында із қалдырмаса, онда оның өмірі мәңгілікке байланысты текке өткені.

 

Тапсырма

Бұл ұғымдар неге өзара байланысты
Өмір Бақыт Өмірден адасу

 

 

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §4, 16-18 бб, өмір туралы өлең жаттау

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Пән: Қоғамдық білім негіздері
Сынып: 11 Сабақ: 5

Күні:

Тақырыбы: Адамның тілі мен ойлауы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адамның тілі мен ойлауы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Тіл-әлеуметтік құбылыс. Тіл-жанды табиғаттың өмірлік қызметі удерісінде танымдық және қатынастық міндет атқаратын белгілер жүйесі. Тіл-тек адамға ғана тән, оны өзге организмдерден бөліп тұратын ерекше қасиет. Адамзат дамуының алғашқы кезеңінде, еңбек және қорғаныс құралдары өлі жетілмей тұрғанда, өмір үшін күрес ширығып, адамның өзін-өзі сақтап қалуы тек ұжымдық әрекетке тәуелді болған жағдайда тілдің қажеттігі туды. Еңбек үдері жақсарту үшін адамдар өзара байланыста болуы, ақпарат алмасуы қажет болды. Тіл адам ойының дамуында шешуші рөл атқарып, олардың өміріне маңызды өзгерістер алып келді.

Тіл-жинақталған білімді тіркеу мен сақтау және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу құралы. Абстрактілі ойлау жүйесі тілдің арқасында өмір сүріп, дамиды. Тіл-ой қорытудың қажетті құралы, өйткені кез келген сөздің өзі-ақ қорытынды болып шығады.

Ойлау және оның органы. Ойлау адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ешқандай ажырамайтьш ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Еңбектің үнемі жаңа нышандары мен жалпылама қасиеттері жалпылама атқа ие болады.

Адамның ойлауы әркімнің биологиялық, физиологиялық органының ерекшелігімен ғана байланысты болса, онда адам алдын ала анықталған нәрсе. Онда еркіндіктің болуы мүмкін емес. Ол өзінің қандай болуын өзі тандай алмайды. Оның хайуанаттардан айырмашылығы шамалы. Еркіндік жоқ болса, жауапкершілік те жоқ, қоғамдык қатынастармен, адамгершілік қағидалар адамдардың еркінсіз-ақ автоматты түрде жүзеге асуы тиіс.

Мәселенің бір жағы: ойлаудың мазмұны өзінің органы-мидың бейнелемейтіндігінде. Ми-жалпы, әр адамның организмдік тәні ретінде ойлауды қамтамасыз етеді, ойлау-мидың қызметі. Осы тұрғыдан немесе осы мағынада ғана ойлаумен оның физиологиялық органы байланыста. Адамның жалпы тәнінің бітімі, құрылымы, соның ішінде адам миынын бітімдік ерекшелігі дүниеге адамдық қатынастың қалыптасу тарихы мен эволюциясында өзгеріп, тұрақтанран.

Тіл, ой және әрекет арасындағы байланыстар. Тілдің жағдайы ойлаудың сапасын айқындайды. Қазақ тілінің, жалпы тілдің ойлауға, әлеуметтік психологияға әсерінінен қазак ойшылдары да үнемі көңіл бөліп отырған. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайын даласы, тарихы, тұрмысы, асықпайтын-саспайтын сабырлы мінезі-бәрі көрініп тұр» деген екен М.Жұмабаев. О.Сүлейменов тіл мен санаға қатысты былай дейді: «Адам сәби күнінен Сөз атмосферасына түседі. Сөз оны өсіреді, өшіреді, қуат береді. Сөз адамның көркемдік талғамын қалыптастырады, көзқарасын, сана-сезімін оятады». Ағылшынның ұлы ғұламасы Ф. Бэкон да: «Тілдің мидін материалын қарап отырып сол тілде сөйлейтін халықтардың психиқалық құрылымы мен ділі туралы өте маңызды, сонымен қоса, аса көңіл аударып бақылауға тұратын қорытындылар жасауға болады» деп баға берген.

Бэкон Френсис (1561-1626 жж.) ағылшын философы, жаңа дәуірдің эксперименттік ғылымының және жаңа материализмнің негізін салушы. Ғылымның міндеттерін жаңаша түсіндірді, ғылыми ақиқатқа жету әдістерін одан әрі дамытты. Басты шығармасы-«Жаңа органон».

«Сөзден шатасу, жаңылыс жазу немесе қате оқу, қол сілтеу мен түрлі қылықтар, осылардың бәрінде мән бар,-дейді психолог З.Фрейд солардың көмегімен адам, әдетте, ең тереңде жатқан сырларын ашады».

Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) аустриялық дәрігер, невропатолог, психиатр. Психиқаны материалдық үдерістермен қатар жүретін және санадан тыс жатқан ерекше меңгілік психиқалық күштермен басқарылатын, өздігінен өмір сүретін нәрсе ретінде қарастырды. Шығармасы «Психология бессознательного». Психолингвист ғалымдардың бірі Н.Д.Левитов былай дейді: «Ой сөз бен тіркестерге енгізіледі. Тіл де, сонымен бірге тілдің дара және тәжірибелік қолданыстағы, әдетте, сол тілдің шындьны немесе нағыз күйі көрініс береді.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:                                       Үйге тапсырма беру: §5, 19-24 бб, Тіл туралы өлең жаттау

 

Сабақ жоспары

Пән: Қоғамдық білім негіздері
Сынып: 11 Сабақ: 6

Күні:

Тақырыбы: Ойлау мен болмыстың арақа-сы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ойлау мен болмыстың арақа-сы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ойлау мен болмыстың арақатынасы себеп пен салдарлық қатынастың шеңберінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ оның қайсысы бірінші екендігі жөнінде сұрақ олардың өзіндік табиғатын ашуға бағышталмаған. Себебі, мәселені солай қоюдың өзі де не жөнінде сұрап тұрғанын айқын керсетпейді және бұл олардың қайсысы себеп, қайсысы салдар екендігі анықталған күнде де ойлаудың тікелей өз табиғаты жөнінде сауал қойып түрған жоқ.

Материалистік философияда ойлаудың табиғаты туралы сауалға, ойлау — материяның немесе болмыстың бейнесі деп жауап беріледі. Бұл жауап, әрине, неғұрлым накты.

Бейне және бейнелеу.Ойлау бейнелеу мен бейне жасау табигатына тікелей қатысты. Ол, сөз жок, бар нәрсе. Бірак, ең алдымен, сол бейне деп нені айтамыз? Күнделікті көріп жүрген нәрсені білу мен оның табигатын тану — арасы алшақ екі түрлі нөрсе. Сол сияқты адамның ойы да сол ойдан тыс басқа нәрсенің керінісі делінеді.

Бір зат пен екінші заттың арасындагы байланыстан, олардың бір-біріне белгілі табын түсіруден де бейнелікті көруге болар. Бірақ ол — екі заттың өздеріне емес, соны бақы- лаушы адамга гана бейне. Ал заттардың өзара қатынасында олар — бейне емес, тек табиғи физиқалық, химиялық, т.б. үдерістер. Тек адам бір затты табигатын белгісін екінші заттан көре алады. Ягни өзара ықпал етуші екі зат бірін- бірі бейнелейді.

Шынайылық пен идеалдық шеқарасы осы жерде ажырайды. Яғни қоғамдық өмірде, адам қолымен жасалған дүниеде шынайы нәрсе — адамның өзі. Шынайылықтың болуы басқа, одан тыс нәрселерге қаншалық қажетті байланыста болғанымен, түпкілікті себебі тек езінде. Идеалдылық субъектінің негізгі қасиеті. Онсыз адам субъект бола алмайды. Идеалдылық шынайы қүбылыстың өкілдік формасы. Ол бір заттың, не үдерістің өзінің барлық объективтілік болмысымен, заттық қалпы, не пішінмен екінші заттың бүтін табиғатының белгісі, суреттемесі, көрсеткіші, өкілі больш тұратындығы. Адам бүйымдарьшьщ Гарльиы да оның жеке болмысынан тыс дүниедегі белгілері, суреттемелері, көрсеткіштері, өкілдері. Олардың заттық, объективтік болмысы, пішіні не қызметтері адам туралы сыр шертеді, соны бейнелейді, адамдық мәнмен сөулеленіп тұрады.

Тапсырма

  1. Ойлау және бейнелеудің ажыратындар

 

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §6, 25-30 бб

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ:                           Күні:

Тақырыбы: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Әділдік идеясы құқықтың негізі және де ол қоғамның барша мүшелерінен адал, парасатты болуды, бір-бірімен сыйластық орнатуды, бір-біріне зиян келтірмеуді, қабылдаған ережелерді бұзбауды талап етеді.

Азаматтық құқық дегенімізазаматтық заңдардың көрініс тапқан мүлікті және мүліктік қатынастармен байланысты бар мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 ж 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 ж 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал ерекше бөлімі 1999 ж 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

—         Тараптардың теңдігі;

—         Шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

—         Еркіндік;

Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол

—         Мүліктік қатынастар дегеніміз – мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Мысалы, сату – сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру

—         Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді – мүліктік қатынастармен тығызбайланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Сабақты қорытындылау: Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне  ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, Басқа да заң актілері, Әдеттегі құқықтар, Халықаралық шарттар (конвенциялар)

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 1, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

 

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 2                             Күні:

Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

—         Азаматтық құқық деген не?

—         Азаматтық құқықтың қайнар көздерін атап бер?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Азаматтық – құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар – жеке тұлға және заңды тұлға.

Заңды тұлға деп – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемлері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес баланысы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады.

Лецензия дегеніміз – заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді.

Коммерциялық заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Коммерциялық емес заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер т.б.

Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлға екі шартпен тікелей байланысты

  1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі – бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы.
  2. Азаматтықдың әрекет қабілеттілігі – азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, олардың орындауға және өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі.

Сабақты қорытындылау: азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі болу керек.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §2, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 3                             Күні:

Тақырыбы: Меншік құқығы және меншіктің түрлері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға  Меншік құқығы және меншіктің түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

—         Жеке және заңды тұлғалардың мәнін ашыңдар?

—         Лицензия деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: меншік дегеніміз – бұл жеке адамның затқа байланысты қарым-қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады.

Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар:

—         Жеке меншік – бұл азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.

—         Мемлекеттік меншік – мемлекеттік иелігіндегі мүліктер.

Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқық дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Заттық құқықтар – бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына беруі. Бұларға:

—         Жерді пайдалану құқығы – жеке немесе заңды тұлғаның мемлекет меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуді және пайдалануы.

—         Шаруашылықты жүргізу құқығы – мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етудің заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.

—         Оралымды басқару құқығы – меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.

—         Өзге де заттық құқықтар – сеніп тапсырылған басқару құқығы, жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы, жер асты байлығын иелену құқығы, кепіл.

Сабақты қорытындылау:елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің әр алуандығын қажет етеді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 4                            Күні:

Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

—          Жеке меншік деген не?

—          Заттық құқықтар деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Мәміле дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.

Мәміле – бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

Мәмілені жасау – мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.

Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.

Мәміле – арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер.

Әкімшілік актілер дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару орындарының актілері.

Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге:

—         бір жақты

—         екі жақты деп бөледі.

—         Бір жақты мәмілелер – біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруді қажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады.

—         Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт – сату – сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар арқылы жүзеге асырылады.

Шарт дегеніміз – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарт еркіндігінің қағидасы:

—         Шартты жасау еркіндігі;

—         Шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

—         Жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

—         Тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

—         Тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдреді;

Сабақты қорытындылау: сенімхат – бұл тұлғаның (сенім білдіруші) екнші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

 

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 5                             Күні:

Тақырыбы: міндеттемелік құқық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға міндеттемелік құқық  туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар

—         Шарт анықтамасын беріңдер?

—         Мәміле деген не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: міндеттемелерді орындау дегеніміз – борыш-қордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Бұл әрекеттерге мүлікті беру, жұмыс орындар, ақша төлеу және т.б. жатады.

Несие беруші – борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.

Борышқор – міндеттемедегі несие берушінің пайдасын белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.

Айып төлеу (айыппұл, өсім) – міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізі алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.

Кепілақы – бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның есепшотына беруі.

Кепілдік – негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.

Кепіл – бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.

Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.

Кепіл зат – кепілге салынған мүліктің кепіл ұстаушының иелігіне берілетін кепіл түрі.

Сабақты қорытындылау: Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олар міндеттемені орындауды күрделендіруге немесе тиісінше орындауға алып келуі мүмкін

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §5,  Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

 

 

 

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 6                             Күні:

Тақырыбы: Азаматтық – құқықтың жауапкершілік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық – құқықтың жауапкершілік туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Азаматтық – құқықтық жауапкершілік дегеніміз – шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған суъектіге қолданылатын мүлікті өндеу немесе мүліктің салмақ салу нысандарда болып келетін жауапкершіліктің түрі.

Азаматтық – құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді атқарады.

—         Жазалау қызметі – міндеттемені бұзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.

—         Тәрбиелік қызметі – құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.

—         Қалпына келтіру қызметі – шығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру.

Зиян – заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.

Залал – зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған пайдалар.

Моральдық зиян – жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.)

Заңда 18 жасқа дейінгілердің кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14-18 жас аралығындағылар жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болып табылады.

14 жасқа толмағандардың келтірген зияны үшін ата-аналары, қамқоршылары немесе тиістіт  мекемелер өздерінің кінәлі емес екендігін дәлелдей алмаса жауап береді.

Сабақты қорытындылау:азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негіздерінде солжауапкершіліктің тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §6, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

 

 

Пән Құқықтану

Сынып: 11 «Б»                                     Сабақ: 7                             Күні:

Тақырыбы: Міндеттеменің жекелеген түрлері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Міндеттеменің жекелеген түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: міндеттемелердің жекелеген түрлерін меншіктік сипатына байланысты меншікке өтетін және меншікке өткейтін деп бөлуге болады. Біріншісіне – мүліктік несие шарты, мүлікті ақысыз иелену, лизинг, прокат, т.б. жатады.

Сатып алу – сату шарты шартының жекелеген түрлеріне бөлшектеп сатып алу, сату, тауар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, кәсіпорындары сату жатады.

Тауар жеткізілімі кәсіпкерлік қызмет аясында қолданылатын сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша тұтынушыларға электр қуаты, газ, су жеткізілімі жүзеге асырылады.

Рента шарты бойынша рента алушы рента төлеушінің меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде рента төлеп отыруға міндеттенеді.

Сақтау және сақтаудың міндеттемелері. Сақтау шартының жекелеген түрлері:

—         Ломбардта сақтау

—         Құндылықтарды банкте сақтау

—         Көлік ұйымдарының камераларында сақтау

—         Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау

—         Қонақ үйлерде сақтау

—         Тауар қоймасында сақтау

Жұмыс атқару мен қызметкер көрсетуге қатысты міндеттемелер үш шартқа бөлінеді.

—         Мердігерлік шарт

—         Тұрмыстық шарт

—         Құрылыстық шарт

Сабақты қорытындылау: . Біріншісіне – мүліктік несие шарты, мүлікті ақысыз иелену, лизинг, прокат, т.б. жатады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §7, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

 

 

 

sabaktar.kz

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 10 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

Суббота, 5 Ноябрь, 2016
  •  АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 10 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

sabaktar.kz

Сыныбы  10

Мерзімі    ———————

Сабақтың тақырыбы:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. 1.       Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. 2.        Үй тапсырмасын тексеру
  2. 3.       Білімдерін жан- жақты тексеру
  3. 4.       Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. 5.       Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Конституциялық құқық.
  2. Конституциялық – құқықтық нормалар.
  3. ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.

Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.

Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1)      құқық беру әдісі, яғни конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;

2)      рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,

3)      міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;

4)      тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.

Конституциялық-құқықтық нормалар – мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық-құқықтық нормалар:

—          реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;

—          баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда – мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;

—          құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конституциялық-құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:

—          құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;

—          міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;

—          тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:

—          1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.

—          Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т.б. заңдар.

—          Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т.б. заңдар жатады.

—          Конституциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;

—          Қазақстан Президентінің конституциялықұқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;

—          Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сртының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;

—          Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т.б. шешімдері.

  1. 6.       Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
    1. Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?
    2. 2.       Конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?
    3. 3.       Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
    4. 7.       Жаңа материалды бекіту:
      1. Қазақстан Республикасы конституциялық-құқығының қайнар көзі дегеніміз не?
      2. 2.       Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
      3. 8.       Үйге тапсырма:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.
      4. 9.        Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  ———————

Мерзімі    ———————

Сабақтың тақырыбы: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. 2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

2. Конституциялық құқық дегеніміз не?

3. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.

2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.

3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.

4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.

Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «Адам және азамат» деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі – адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.

Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.

Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:

— туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

— басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;

— Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;

— «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;

— егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

— тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну  нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алу

Азаматтығын тоқтату

Азаматтыққа қабылдамау

-тумысынан

-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;

-«ҚР азаматтығы туралы» Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;

— ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса

— азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;

— ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;

— халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша

— адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;

— ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;

Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;

— терорлық әрекеті үшін сотталған болса;

— сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

— басқа мемлекеттің азаматы болса

 

 

    Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз- жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін   Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.

Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жеке құқықтар мен бостандықтар – адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.

Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз – жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.

Саяси құқықтар мен бостандықтар – Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.

Жеке адамның конституциялық міндеттері – ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың   Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38- баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:

  • әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;
  • әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;
  • әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін —                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;
  • заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;
  • Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;
  • Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
  • Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді мемлекеттің баға жетпес құндылығы деп жариялайды?
  2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтықтың қандай құқықтары мен бостандықтары бар?

7. Жаңа материалды бекіту:

  1. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары не үшін қажет?
  2. Мазмұнына қарай конституциялық құқықтар мен бостандықтар неше топқа бөлінеді?

8. Үйге тапсырма: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

  1. 9.  Бағалау:

 

Сыныбы  ———————

Мерзімі    ———————

Сабақтың тақырыбы: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық мәртебесі, сайлану тәртібі және өкілеттігі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мызғымастығын және тұтастығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсендігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. 2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді баға жетпес құндылығы деп жариялайды?

2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?

3. Экономикалық және әлеуметтік құқықтарға қандай құқықтар мен бостандықтар жатады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

1. Кестені толтырындар.

 

 

 

 

 

 

 

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1. Қазақстан Республикасының Президенті.

2. Қазақстан Республикасының Парламенті.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

4. Қазақстан Песпубликасының Конституциялық Кеңесі.

5. Қазақстан Республикасының сот билігі.

6. Жергілікті мемлекеттік басқару.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары  органдары жүйесінде басты орын алды. Конституцияның 40- бабында сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, яғни Қазақстанда туған, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін халық жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап өз қызметіне кіріседі. Мемлекет басшысы өз қызметін тиімді атқару үшін Конституция мынадай талаптар белгілейді:

 

sabaktar.kz

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

Суббота, 5 Ноябрь, 2016

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

sabaktar.kz

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 1

  Күні:

Тақырыбы: Кіріспе Адам, қоғам, құқық туралы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адам, құқық  және қоғам туралы жұйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:

1)жаңа материалды меңгеру;

2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;

3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;

4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;

5)аралас;

6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі

1)сұрақ — жауап;

2)баяндау;

3)әңгімелесу;

4)ізденіс;

5)топпен  жұмыс;

 6)проблемалық;

7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

«Қоғам» ұғымы дүниежүзілік және Қазақстан қоғамына ажыратылып, қоғамның негізгі даму бағыты:

—         экономикалық

—         әлеуметтік

—         саяси-қүқықтық

—         мәдени-рухани өмір аяларына жіктеліп қарастырылады.

Адамның өмірі мен қызметіне қатысты материалдар — оқулықта қамтылған білім мазмұнының бастыларының бірі. Қоғам мен табиғат туралы мәселелердің қайсысында болса да, олардағы негізгі ұғым ретінде адам мәселесі көрініс беріп отырады.

Қоғамның мәдени-рухани аясы тақырыбында жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына мәдениеттің әсері мен мораль туралы мәселелер қамтылған. Адамның қоғамдык қызметінде және отбасында қажет болатын тәртіптер мен қалыптар да аталған тарауда берілген.

Ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқыны барған сайын үдей түсуде. Дүние жүзінің әрбір түкпірінен шығып жатқан ақпараттар ағынына ілесе білу, заман қарқынынан қалыспау үшін сіздерге сапалы білім беретін, сара бағыт көрсететін, ақыл қосатын, сындарлы әрекетке бастайтын оқулық материалдарын жете меңгеруге тиіссіздер.

Сабақты қорытындылау: Қоғамның мәдени-рухани аясы тақырыбында жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына мәдениеттің әсері мен мораль туралы мәселелер қамтылған.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: 3-5 б

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 2

  Күні:

Тақырыбы: Адам проблемасы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, аданың сипаты туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Адам мәселесі
  1. «Адам» ұғымы
  1. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам 1 млн 750 мың жыл бұрын Африка Кения жеріндегі Олдувайда
Питекантроп адам 1 млн жыл бұрын Ява аралы
Синантроп адам 500-200 мың жыл бұрын Қытайда
Неандерталь адам 100-35 мың жыл бұрын Германияда
Саналы адам 40-35 мың жыл бұрын Европада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens («Саналы адам») пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология,  психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.

Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

«Адам» үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

Адам—Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.

Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 1

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 3-4

  Күні:

Тақырыбы: Адамның қызметі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;

4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;

5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Даралықтың сипаты.

Жеке адам ұғымы.

Тұлға. Даралық (лат. individuum — бөлінбейтін) den абсолютті қайталанбайтын, кеңктіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетіиде ғана өмір суретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.

Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айны­майтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.

Жеке адам үғымы. Жеке адам туралы ғылыми түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығының көрінісі ретінде қарастыратын биопсихоәлеуметтік 10 организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам деп белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілін, қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.

Сәби —жеке адам. Дегенмен, ол —әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады.

Әр жеке адам — қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи үрдіс субъектісі ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.

Тұлғ (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады/ Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлғасы туралы; психиатр холериктің тұл-ғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды — оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін түрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.

Философияда тұлға—қоғам мүшесі ретіндегі, әлеуметтік даралық сапасындағы адам, қоғамдық қатынастардық жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанныц барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.

Қызметтің сипаты:

Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Бұл сөздің негізгі мәні жан иесі ретінде тіршілік етуді, өмір сүруді білдіреді. Тіршілік жасап жатырмыз деген сөз еңбек етіп жатырмыз, бір пайдалы іспен шұғылданудамыз деген ұғымды білдіреді.

Адам өмірі тұтастай қызметпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет те бар. Өйткені қызмет – адамның өмір сүруінің формасы.

Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белснді қатынас жасаудың тек адамға тән формасы айтамыз.

Қызметтің көптеген тұрапттары мен түрлері бар. Қызмет-рухани, материалдық, өндірістік, еңбекті және еңбексіз болып бөлінеді.

Адамның қызметінің мақсаты:

Мақсат – қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдары пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.

Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар:

Мотив (франц motif – себеп, себепке итермелеу) дегеніміз – субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі.

 

Бекіту кезеңі:

  1. Даралыкка сипаттама беріңіздер.
    1. Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін негіздеңіздер.
    2. Жеке адамның калыптасуына қандай факторлар өсер етеді?

Сабақты қорытындылау: Тұлғаның қалыптасу шегін айкындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бакыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастаса, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3, жағдаят талдау

 

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 5

  Күні:

Тақырыбы: Адамның қабілеті

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі, түрлері туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Қызметтің сипаты
  2. Адамның қызметінің мақсаты
  3. Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар

«Қабілет» дегеніміз — тұлғаның қызмет түрлерін атқару амалдары мен тәсілдерін тез, терең және орнықты меңгеруінен көрініс табатын, адамның оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын ішкі психологиялық, реттеуші қыз-метін атқару мүмкіндіктерін көрсететін дара-психология-лық ерекшелігі.

Қабілет жеке адамның өзгелермен арақатынастарының күрделі жүйесінде, түрлі қызметтер атқару үрдісінде қалыптасады. Іс-әрекеттің кейбір нақты түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің түрлі құрауыштардан тұратын кешенді құрылымы болады. Бұл кең таралған есе қайтару (компенсация) құбылысымен байланысты: іс-әрекеттің кейбір түрлерін атқаруға қажетті жоғары қабілеттілікке кейбір құрауыштардың салыстырмалы әлсіз немесе мүлдем болмауы жағдайында өзге құрауыштарды дамыту арқылы қол жеткізуге болады.

Дарынның сипаттамасы. Қабілетті дамытудың сапалык деңгейі дарын және даналық үғымдарымен беріледі. Дарын дen жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдың маңыздылығымен ерекшеленетін іс-әрекеттің өңімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.

Дарынның жүздеген типтері мен түрлері болады. Адамзат үшін олардың бәрі қажет. Ол абсолютті есту немесе көру, әдеттен тыс үйлестірушішк (құрылым жасай алу, құрастырғыштық), найзағайдың жарқылындай жылдам реакция немесе көркем шығармашылыққа деген қабілеттілік болуы мүмкін. Мақсат осындай дарындарды қайткенде ертерек оятуда, сол дарынға сай әуестікті дарытуда болса керек.

Көптеген зерттеушілер дарынның балаға ата тегі арқылы берілетінін қуаттайды. Олардың тұжырым-дауынша, белгісіз бір тылсым күш жоғалмай, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын сияқты. Мұны куәландыратын айғақтар да аз емес.

Бүған қарсы айғақтар да жоқ емес. Ата тегінде көрнекті тұлғалар болмаған қарапайым адамдардан шыққан данышпандар да жеткілікті.

Адамның зияттық (интеллектуалдық) ресурстары. Канадалық патофизиолог Г.Селъе ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру туралы кітабында атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар деген тұжырымға келген екен. Демек, теориялық тұрғыдан қарағанда адамның мүмкіндігі шексіз.

Физиологтардың жорамалдауынша, адамның миы 15 млрд жүйке клеткаларынан — нейрондардан тұрады. Алайда адамдар ойлау қуатының осындай мол қорының өте аз мөлшерін ғана пайдаланады.

Жад және оның мүмкіндігі. Жад—іс-әрекет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұымдастыру және сақтау үдерісі.

Жад субъектінің өткенін қазіргісімен және келешегімен байланыстырады, дамыту мен оқытуга негіз болатын аса маңызды танымдық функция атқарады. Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық

(лат. sensus — сезім, сезіну) деп аталатын гипотетикалық жүйешеге бөлінеді.

Мысалы, Юлий Цезарь, Александр Македонский, парсы патшасы Кир 30 мыңдай жауынгерлерін атымен атап және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистокл грек астанасында тұратын 20000 адамның аттарын атап, түстерінен тани білген. А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан сол ретпен айтып бере алған. Математик Леонард Эйлер жүзге дейінгі барлық санның алғашқы алты дәрежесін жатқа білген. Академик С.А. Чаплыгин жене шахматшы Гарри Каспаров бес жыл бұрын кездейсоқ бір рет қоңыраулатқан телефонный, нөмірін есінде сақтай алған.

Зият (интеллект; лат. intellectus—тану, түсіну, талқы) — адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі: Жалпылама алғанда, бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады. Зияттың табиғаты сезім, ерік, түйсік, елестету сияқты рухани қабілеттерден өзгеше болады.

Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның  жеке-типология лық даму  ерекшеліктерін зерттейтін теорияда қолданылады. Адамның зиятты-лығын айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффи­циенті (ағылш. Intellectual quotent, қысқаша — IQ) делінеді.

Сабақты қорытындылау: IQ — түрлі тестілерді негізге ала отырып жасалған ақылды дамыту көрсеткіші, жеке адамда бар білім мен мағлұматтылық деңгейі. Көпшілік психологтардың пайымдауы бойынша, негізінен, IQ жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §4, Ой толғау

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 6-7

  Күні:

Тақырыбы: Адам өмірінің  мәні

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Өмір және оның мәні туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Өмірдің мәні
  2. «Бақыт» түсінігі
  3. Адасу

Өмірдің мәні. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі.

Адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мрратынан турады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдык нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

«Бақыт» түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы 22 ұғым. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естіретіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз —аданың өзінің болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдың мұратына жету үйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің калай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалык сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.

Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын сұлу үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үіпін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар үшін өмірлерін қиюға да дайына еді.

Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс калган адам бақытты өзге жактан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға үласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықты белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көңілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мүң ұмытылып, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да қатты қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың жолы біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса, бәрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.

Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі — қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді.

Бекіту кезеңі:

  1. Өмірдің мөні неде?
  2. Бакыт дегенді қалай түсінеміз?

Сабақты қорытындылау: Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады.

Адамға еркіндік, демократия, материалдык және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §5-6, Еркін жазу

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ:  8

  Күні:

Тақырыбы: Қоғам ұғымы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қоғам ұғымы туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Қоғамды құраушы бөліктер.
  2. Қоғамдық қатынастар.
  1. Қоғамдық қатынастардың мазмұны

Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды «адамзат қоғамы» деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның «Жер» деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Қоғам дегеніміз — материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен бір-бірімен өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.

Қоғамды құраушы бөліктер.

Қоғамдар қызметіне қарай толып жатқан өрекет түрлерімен — саясатпен, шаруашылықтың белгілі бір түрімен, саудамен, табиғатты қорғаумен, мәдени және рухани шаралармен айналысуы мүмкін. Барлық қоғамның әлеуметтік негізі, түпкілікті ұясы — отбасы болып табылады.

Қоғамдық қатынастар.

Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қоғамдық қатынастар деп аталады.

Қоғамдық қатынастардың мазмұны. Мазмұнына қарай коғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі. Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктер өндіру адам қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан өндірістік қатынастар саяси, құқықтық, адамгершілік, діни және басқа қатынастардың сипатына тура әсер етіп отырады.

Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:

а) адам мен адам арасындағы;

ө) қоғам мен жеке адам арасындағы;

б)  қоғам мен коғам арасындағы;

в)   қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарға бөліп
қарастыруға болады.

Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары. Қоғам көп қырлы, күрделі объект. Сондықтан оны зерттеу әдістері де алуан түрлі. Солардық бірі-адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру.

Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын: ұлтқа дейінгі және ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Ұлтқа дейінгі қауымдастықтарға ру, тайпа, ұлыс жатады.

Ру—туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастығының өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы. Ол ежелгі адамдардың экономикалық қатынастарын арқау ете отырып қалыптасады.

Тайпа — адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның түзілуіне рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны да көсемдері, ақсақалдары басқарды, белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ тілі, дәстүрлері болды. Мүліктік теңсіздіктің шығуы, ақсүйектердің халық бұқарасынан ажырауы, қолбасылар рөлінің артуы тайпаның ыдырауына себеп болды.

Ұлыс —адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттың түзілімінің алдындағы баспалдақта турған сатысы.

Ұлт — белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт-дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы

Халық. Қазақстан халқы дегенде, біздің ойымызға республика аумағын мекен еткен қазақ ұлтының және одан өзге этностар мен диаспоралар өкілдерінің жиынтығы оралады.

Халық деп белгілі бір географиялық ортаға (әкімшілік бірлікте, мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде) тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

Бекіту кезеңі:

  1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
  2. Қоғам жөне оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша  тұжырымдаңыздар.

 

Сабақты қорытындылау: Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды «адамзат қоғамы» деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның «Жер» деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §7, 3-6 тапсырма


 

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 9

  Күні:

Тақырыбы: Мемлекет

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мемлекет туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

sabaktar.kz

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 11 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ

Суббота, 5 Ноябрь, 2016
  • АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 11 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ

sabaktar.kz

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Кіріспе

«Философия дегеніміз не?»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тарих пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Ойыншықтар үлестіріледі

 

 

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына  сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы,болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат,мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда — даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.

Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас — дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

  • Мифология (гр. Myfos — аңыз, logos — ілім) — әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
  • Дін— бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
  • Философия (қазақша пәлсапа) — дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы — нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
  1. Космоцентризм — әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
  2. Теоцентризм — барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш — Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
  3. Антропоцентризм — негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады.

Монизм (гр. Monos — біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама — идея, сана. Материалистер үшін — материя алғашқы бастама болып табылады.

Дуализм (лат. Duo — екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.

Деизм — (лат. Dues — Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.

Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.

Гностицизм (гр. gnostos — білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.

Агностицизм (гр. а — теріске шығару, ал gnostos — білім) — дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.

Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Диалектика (гр. Diolegomai — әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.

Метафизика — заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда — «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс БББ кестесі

 

Білем Білдім Білгім келеді
     

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс  

 

 

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы «Философия ой-сапа мектебі»
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

? Философиядағы «материя», қозғалыстың философиялық мәніқозғалыс және оның мәні, шексіз және мәңгілік дүние ұғымдары туралы түсінік беру.

? Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін шыңдау.

? Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

 

Өткен сабақта саған не әсер етті?

Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ
  1. «Табиғат», «Әлем», «Дүние» ұғымдары
  2. Дүниеніңғылыми және философиялық суреттемесі
  3. Философияның негізгі суреттемесі. Материализм және иеализм. Монизм және дуализм.
  4. Философия пәні және оның салалары

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Философиядағы «материя» ұғымы

– Левкипп

– Демокрит

– Ленин

  1. Қозғалыстың философиялық мәніҚозғалыс және оның түрлері
  2. Шексіз және мәңгілік дүние

– Кеңістік-материяның  объектівтік, яғни адам сана-сезіміне тәуелсіз өмір сүру формасы

Кеңістіктің екі тұғырнамасы мен оның сипаттамалары

Тұғырнама Сипаттамалар
   

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Рефлексия – «Қозғалыс» ұғымының философиялық мәні неде?

– Қозғалыстың түрлерін атай отырып, оны белгілі ұстанымдар бойынша топқа бөліңдер

– А.Эйнштейннің салыстырмалық теориясының қағидаларына қалай қарайсыңдар, олар сендердің көкейлеріңе қона ма?

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

sabaktar.kz