Публикации с меткой: абайтану

АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

sabaktar.kz

 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік 11-сынып 05.09.2016
Жалпы мақсаттар            Ұлы ойшыл, ақын, данышпан  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек оқыту. Ақынның қазақ әдебиетіне енгізген жаналығын, қосқан үлесін меңгерту.
Міндеттер Өлеңдерін талдау, мәнерлеп оқу  арқылы поэзияны сүюге тәрбиелеу, шығармашылық ізденіс дағдыларын қалыптастыру. Курсқа арналған барлық жоспарлы метериалдарды толық игерту, қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана  білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, қорытындылау сабақ ретінде.
Абай лебі — заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі — деп сабағымызды бастаймыз.
— Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?
 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Абай өмірінен мәлімет.
1. Абай – ұлы ақын.
Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттанған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондықтан. Ендеше, Абай өлеңдеріне шолу жасайық.
«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңі ермек үшін»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»
«Оспанға»
«Ұлы Абайға»
« Сегізаяқ»
2. Абайдың поэмалары
3. Абайдың лирикасы:
«Тіршіліктің көзі — табиғаттың өзі»
а) Табиғат лирикасына шолу
ә) Махаббат лирикасы.
«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? » дегендей Абайдың махаббат, ғашықтық тақырыптағы өлеңдеріне шолу жасайық.
Жас әнші, термешінің орындауында «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін тыңдайық.
25 мин
Ойтолғау «Мен Абайды қаншалықты білдім?» — эссе жазу. 10 мин
Үйге тапсырма Мазмұндау 2 мин
Бағалау     3 мин
 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Қазіргі абайтану мәселелері 11-сынып 12.09.2016
Жалпы мақсаттар  Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігін, ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік

жайлы өсиеттерін, қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігін үйрету

Міндеттер Қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана  білуге, жұрт алдында өз ойын толық жеткізуге қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту    Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

1. Құнды сөз

Абай тіліндегі көркем сөз айшықтарын тауып,

ақынның сөз саптауының ерекшеліктерімен

танысу, ақынның қазақтың әдеби тілінің дамуына

қосқан үлесін тану. (Әдебиет теориясы: өлеңнің

тілі, композициялық құрылысы, образ, стиль, т,б,)

2. Құнарлы ой

Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде

сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды,

ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың

мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу.

25 мин
Ойтолғау Абай өлеңдерінің құрылысына:

буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас бойынша

талдау жасау, өлеңге анықтама жазу. (Әдебиет

теориясы бойынша жұмыс)

10 мин
Үйге тапсырма Мазмұндау 2 мин
Бағалау     3 мин

 

 

 

 

 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Он  бесінші қарасөзі 11-сынып 12.09.2016
Жалпы мақсаттар  Қарасөздегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі,жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдауды пайымдауды үйрету
Міндеттер Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір

парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Он бесінші қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші — әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.

Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к…н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

25 мин
Ойтолғау «Менің осы тоқсандағы жетістіктерім» есеп жазу 10 мин
Үйге тапсырма Мазмұндау 2 мин
Бағалау     3 мин
 

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы   Мерзімі
Кемпрекова Абайтану Отыз бірінші қарасөзі 11-сынып 26.09.2016
Жалпы мақсаттар   Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным — түсініктерін дамыту.
Міндеттер Абайдың қарасөздерінің астарына үңіліп, мағынасын ашу. Қарасөзді мәнеріне келтіріп оқуына мән беру, әдеби мәтінді өз беттерінше талдауға, тұжырым жасауға үйрете отырып, жүйелі, сауатты сөйлеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Абай шығармашылығымен танысады
Дереккөздер мен жабдықтар Абай энциклопедиясы Абайдың өлеңдер жинағы
Сабақ кезеңі Сабақ барысы Уақыт
Қызығушылықты ояту Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Сұрақ-жауап, іздену, пікіралмасу, талдау.

 5 мин

 

Мағынаны тану

 

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Сабақтың мақсатын анықтау

Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к…не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ. Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ. Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті. Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар. Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес. Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.

25 мин
Ойтолғау — Бұл қара сөздің идеясы қандай?

— Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?

— Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?

— Абай бар асыл ойын кімге арнады?

 

10 мин
Үйге тапсырма «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара сөзін жаттау. 2 мин
Бағалау     3 мин

 

 

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 11 СЫНЫП

sabaktar.kz

Түсінік хат

 

  1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
  2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
  3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор

қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі

абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.

  1. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының: қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер,

кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

  1. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін,өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

  1. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып,білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие

мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып,қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

8) Курс жүктемесінің көлемі:

 

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

 

 

Мақсаты: Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолын таныстыру, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін таныту,сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, өскен ортасын, көзқарастарын таныту. Оқушылардың шығармашылық іздену жұмыстарын дамыту.Көркемдік эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
  • Абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
  • Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
  • Сан қырлы талант табиғатын ашу;
  • Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны

  • Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік — 1 сағат. Курсты оқытудың

мақсат-міндеттері, өзектілігі.

  • Қазіргі абайтану мәселелерін оқытуға — 1 сағат бөлінген:

1) абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму

бағыттары.

  • «Білімдіден шыққан сөз» тарауын оқытуға — 2 сағат бөлінген:

1) Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын

шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы;

2) «Өзіңнен өзің есеп ал», он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі,

жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар

арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы

туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы;

3) Отыз бірінші қарасөздегі ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп

білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары.

  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тарауын оқытуға — 7 сағат бөлінген:

1) үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақынның тұтас халыққа

арнап айтқан үндеуі;

2) «Осы мен өзім – қазақпын» — 1 сағат, тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның

тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі,

өмір философиясының қағидалары;

3) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі — 1 сағат, өлеңдегі еңбекші халықтың

мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік,

қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы

жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез

психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы;

4) «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі — 1 сағат, қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға

сипаттама, үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері, адамға тән

аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі;

5) «Бөтен елде бар болса» өлеңінде қазақ қауымында етек алған атқамінерлер арасындағы бас

араздық, бақастық көріністерін сынауы, «Нанымы жоқ, анты бар» деген жолдағы жинақтаушылық

сипаттағы ой тұжырымы;

6) «Сегіз аяқ» өлеңі — 2 сағат, Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой

толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері,

өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму

жолына бағыттаудағы идеялары;

7) «Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңіндегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді,

опасыз, сатқын жандарды шенеуі, адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі;

8) «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі — 1 сағат, Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық,

кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз

тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік

маңызы;

9) Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы,

қазақ тұрмысының әлеуметтік құрылымы туралы пікірі, бай, мырза, би, болыс, есті кісі,

ғаріп-қасар, қу мен сұм ұғым-түсініктері хақындағы философиялық пайымдаулары, аталмыш қарасөздің

танымдық, тәрбиелік мәні.

  • «Абай – сатирик» тарауын оқытуға — 4 сағат бөлінген:

1) «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің

әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, жағымпаз болыстың

портреті, іс, оқиға желісін болыстың өз атынан баяндау тәсілі, болыстың іс-әрекет, мінез-құлқын,

психологиясын бейнелеу шеберлігі, патшадан шен таққан болыстардың халық үстінен байыған

дүниеқоңыз, шенқұмар мінездерін әшкерелеуі, өлеңнің көркемдік-эстетикалық құрылымы, екі өлеңнің

өзара үндестігі, ақынның билеушілер мінезін суреттеудегі шеберлігі, ақын өмір сүрген дәуірдегі

тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм;

2) «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңіндегі ақынның өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы

ойлары, дүмше молдаларды сынап-мінеуі, ой көзі, көңіл көзі, парасат көзі жайында ой қорытуы;

3) «Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері, ұлттың

бойындағы мерез мінезбен күресуден қажыған ақынның қамығып, қынжылуы, ақынның қоғамдағы

қайшылықтарға сыни көзқарасы, өлеңде айтылған ақынның өзекті ойы, ақынның надандық пен

қараңғылыққа қарсылық білдірген жан айқайы;

4) «Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы, ел

ішін дендеп кеткен өсек, өтірік, ұрлық, пәлеқор-жалақорларды «улы сия, ащы тілмен» шенеуі,

ақынның туған елінің тоқыраған тағдырына кейіген кекті үні;

5) қырық бірінші қарасөзіндегі қазаққа ақыл беруге қам жеген адамға екі түрлі нәрсе

керектігі туралы пікірлері, адамшылықтан кетіретін жайттарды сынға алуы, билік пен байлықтың

ұлттық мүддеге қызмет етуі жөніндегі ұстанымы.

  • «Махаббатсыз дүние бос» тарауын оқытуға — 4 сағат бөлінген:

1) Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат

лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары;

2) «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы

махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық

ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары;

3) «Сен мені не етесің» өлеңіндегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы

түйінді ойлары мен пікірлері, өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі;

4) «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы,

Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы

талап-талғамы;

5) «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты лирикалық өлеңіндегі қазақ әйелінің сөзбен

сомдалған портреті, сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мұраты;

6) «Қызарып, сұрланып» өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты

кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі.

  • «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» тарауын оқытуға — 7 сағат бөлінген:

1) ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары,

Абайдың діни танымы;

2) Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай — 2 сағат, Жүсіп Баласағұнның

«Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар

мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы, «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін

қамтитыны, «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы,

Жәуанмәртілік – адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде;

3) Абайдың «Толық адам» философиясы — 1 сағат, Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым

таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы, өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой

толғауға негізделуі, толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі, адам

бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы

ақын пікірі, Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс

заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері;

4) Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі — 2 сағат, «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде

ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы, наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы, Абайдың

исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы, абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен

іргелі ғылыми еңбектер;

5) «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы

ой-толғанысы, жаратылыс құбылыстары туралы тұжырымы;

6) жетінші қарасөзіндегі жан мен тән құмары туралы ұғымдар, бала мінезінің өзгеріске түсу

сырлары, ғылым, білім тәрбиесі, дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырларын білу туралы ақынның

кесімді пікірі;

7) отыз сегізінші қарасөзінің негізгі идеясы Алла, Адам хақында, Алла тағала болмысы,

ақынның хақиқат туралы ойы, өлшеулі мен өлшеусіздік ұғымы, пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер

турасындағы ой толғамдары;

8) қырық үшінші қарасөзіндегі жибили және кәсиби ұғым-түсініктері, жан қуатының үш

элементі жайындағы философиялық көзқарастары, ақынның дүниені, болмысты тануы, Абайдың хауас

туралы көзқарасы, хауас ұғымының Абай шығармаларындағы көрінісі, ішкі-сыртқы сезім түйсіктері,

ақын Алланың бойындағы сегіз сипатқа өз жанынан екі сипат қосып (әділет, рахым) 10 сипатқа

айналдырып, хауас ретінде тануы;

9) «Осы үш сүю болады имани гүл» — 2 сағат, Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей

тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету, ақынның ішкі нанымы, адамшылық

жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы, Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю

«Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы.

  • «Қазақтың бас ақыны» тарауын оқытуға — 5 сағат бөлінген:

1) Абайдың өнегелі, өрнекті сөздерін тегіс тану, білу – абыройлы борыш, қасиетті парыз,

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны;

2) Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы — 2 сағат, Абай

туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері,

даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы;

3) Абайдың ақындық мектебі — 2 сағат, Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы,

прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі, Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі

тұжырымдар мен байыптаулар, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Мұқаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов,

Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің абайтану ілімін дамытудағы қызметі, Абайдың талантты

ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында;

4) Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар — 1 сағат, ақынның әдебиеттегі дәстүрін

ілгері дамытқан ақындар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов,

М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.

  • Қорытынды сабаққа — 1 сағат бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аптасына -1 сағат. Барлығы- 34 сағат.

 

Өтілетін тақырыптар Сағаты Мерзімі                                           

                       

Ескерту
1. Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік 1 01.09  
2. Қазіргі абайтану мәселелері   08.09  
Білімдіден шыққан сөз  
3. Он  бесінші қарасөзі 1 15.09  
4. Отыз бірінші қарасөзі 1 22.09  
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым  
5. Тоғызыншы  қарасөзі 1 29.09  
6. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым 1 06.10  
7. Жақсылық ұзақ тұрмайды 1 13.10  
8. Сегіз аяқ 1 20.10  
9. Ішім өлген, сыртым сау 1 27.10  
10. Қажымас дос халықта жоқ 1 03.11  
11. Жиырма екінші қарасөзі 1 17.11  
Абай – сатирик  
12. Болыс болдым, мінеки 1 24.11  
13. Көзінен басқа ойы жоқ 1 01.12 08.12
14. Менсінбеуші ем наданды 1 08.12  
15. Бойы бұлғаң 1 15.12  
16. Қырық  бірінші қарасөзі 1 22.12  
Махаббатсыз дүние бос  
17. Қор болды жаным 1 29.12  
18. Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол 1 12.01.15  
19. Сен мені не етесің 1 19.01  
20. Білектей арқасында өрген бұрым 1 26.01  
21. Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы 1 02.02  
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ  
22. Абайдың діни танымы 1 09.02  
23. Жүсіп Баласағұн , Йасауи ілімдері және Абай 1 16.02  
24. Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес 1 23.02  
25. Жетінші  қарасөзі 1 02.03  
26. Отыз  сегізінші қарасөзі 1 09.03  
27. Қырық   үшінші қарасөзі 1 16.03  
28. Осы үш сүю болады имани гүл 1 06.04  
«Қазақтың бас ақыны»  
29. А.Байтұрсынұлы«Қазақтың бас ақыны» 1 13.04  
30. Абай өлеңдерінің тілі 1 20.04  
31. Қазақ  поэзиясына енгізген жаңалығы 1 27.04  
32. Абайдың ақындық мектебі 1 04.05  
33. Абайдың талантты ақын шәкірттері 1 11.05  
34. Қорытынды сабақ 1 18.05  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы,

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ,                         22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ САБАҚ ЖОСПАР 9 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ САБАҚ ЖОСПАР 9 СЫНЫП

sabaktar.kz

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
2   Абайтану 9    

 

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың жалпы мақсаты:ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

2.М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

3.Электрондық оқулық

4.Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

 

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 

Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі Абайға көп үміт артты. Оны 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза деген молданың медресесіне оқуға беріп, білім алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген.

Медресе деген — жатын орны, тамақ ішетін үй-асханасы өз ішінде, бұл жағынан мектеп-интернат сияқты, мұсылман дінінің жолын үйрететін оқу орны. Абайдың адамдық, ақындық өмірбаянында осында өткізген 3,5 жылдың орны ерекше. Ол мұңда мұсылмандық қағидаларын, үстірт болса да—тарих, география, есеп пәндерін оқиды. Көбінесе жаттауға құрылған дін оқуы бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын, табиғатынан алғыр жеткіншекке қиынға түспейді. Жас шәкірттің бұл жылдардағы зор жетістігі- қыр еліне таңсық араб, парсы, түркі тілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. сияқты түбі бір туыс елдердің ортақ тілі) жетік біліп шығуы. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: «…қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ. А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады»,— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.

Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі  құрбыларынан ерекше мұнда не үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

ХожаХафиз —буһәммаси

Мәдәтбер я шағири фәрияд.

Түркі, араб, парсы сөздері аралас бұлшумақты қазақшаласақ, шамамен:

 

Фзули, Шәмси, Сейхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

ХожаХафиз — барлығың

Медет беріп жырыма,

Ақынның бағын жандырғын,—дегенге келеді. 12-13 жасар шәкірт ақындықтың күні аталған кісілердің аруағына сиынады (фариад), «ақындық(шағири) жолына демеп (мәдәт), қолдай көріңдер» дейді. Неткен ғажап, керемет десеңізші! Бұл жас өспірім Абайдың осынау ұлы ақындарды өз тілдерінде оқып, түсініп әрі дұрыс бағалай алғаны ғой.

Медреседегі оқуының соңғы жылында Абай өз бетімен 3 айдай орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Сондағы алған білімі кейін оның 35-40 жастарында орыс оқуына қайта оралып, тілін айтарлықтай жетік меңгеріп алуына негіз болады. Осының бәріне ол өздігінен талап қылу арқылы қол жеткізген. Балаларға арналған өлеңдерінде ұлы ұстазды талаптануды адамның ең асыл қасиеттерінің бірі деп көрсетуі тегін емес.

СемейдегіАхмет Риза медресесінде оқуы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық өмірінде қандай роль атқарды? Дәлел келтіріңдер.

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнынбасар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. «әке балаға сыншы» деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызд істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, «жеті жұрттың тілін біліп», тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайынд алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

«Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған… Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен…

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған»,—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, «қарадан хан болған» айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, «өлеңшілдікті» бойына жарасты іске санамайды.

Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары «әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді» деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердін үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: «Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған», — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, «мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын» дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрагүл (баласы): «Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді», — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай «закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148  асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: «Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады» дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

 

 

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

 

Үзінді Беті Пікір
     

 

 

Сабақты қорыту.

  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)
  2. Абайдың руы. (Тобықты)
  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)
  6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

 

 

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу

        

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
3   Абайтану 9    

 

Сабақтың тақырыбы:Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;

Сабақтың жалпы мақсаты:Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  лекция

Сабақтың көрнекілігі:

1.Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

2.М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

3.Электрондық оқулық

4.Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

 

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 

 

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

 

Оқу мен өлең соңында Абай жасы қырыққа таянғанда бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік алады. Бұған патша өкіметінің саясатына қарсы шықты деп жазаланып, Семейге айдалған орыс зиялыларымен кездесіп, достасуы да игі әсерін тигізеді. Әсіресе Семейдің Н. Гоголь атындағы кітапханасында орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың кітабын сұрап тұрған дала қазағына таңырқап, өзі келіп танысқан Е. П. Михаэлис деген оқымыстының көп септігі болады. Абай енді кейінгі ғасырларда ғылымы, өнері мен мәдениеті қатты дамыған Ресейдің, Еуропаның (ағылшын, француз, неміс, поляк, испан, т.б.) өмірінен хабардар болып, сол елдерден шыққан ойшылдардың, ақын, жазушылардың шығармаларын орыс тілінде оқиды. Шынайы ақындықты сирек кездесетін асыл өнер, елді тәрбиелеп, мінін түзеудің құралы деген ойға келеді. Сөйтіп, «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел!» — деп, қазақ жұртына ақындықтың жаңа соқпағын ашқанын жариялады. Шынында да, ол өзіне дейінгі қазақ ақындары айтпаған жаңа ойларды жаңа өлең өрнектерімен әсерлі етіп айтып берді. Өлең жолдарын, өзі айтқандай, бөтен, басы артық сөздерден тазартып, түрі келісті, мазмұны терең, яғни «іші алтын, сырты күміс», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» сөз жақсысын жасады. Ол әуезділігі, шумақтарындағы әр жолдың буын саны, ұзын-қысқалығы, ұйқасу реті жағынан өте келісті және бұрын болмаған жаңа өлең түрлерін енгізді. Қазақ өлеңін қызықты, тапқыр теңеулермен, жаңаша, бейнелі сөз қолданыстарымен байытты. Басқа елдердің, соның ішінде, әсіресе орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов сияқты ұлы ақындары мен тамаша мысалшысы Крыловтың шығармаларын керемет көркем етіп аударды.

Абай шығармаларында қазақ өмірінің, адам мінезінің данышпандық білгірлікпен және ақындық шеберлікпен дәл тауып суреттелмеген жақтары жоқ деуге болады. Атақты ақын Қасым Аманжоловтың тебірене: «Айтпаған сөзің аз қапты-ау!» — деуі – дәл тауып айтылған сөз.

Абай өлең мен өнер, тіл құдіреті, жыл мезгілдері, адамның түрлі көңіл күйлері мен күшті сезімдері, дала тұрмысының әсерлі көріністері мен қызықтары, табиғат сұлулығы мен жастар сүйіспеншілігі, әр түрлі мінездер, жас ұрпақ жайы, т.б. туралы ғажайып көркем өлеңдер тудырды.

Патша отаршыларының зымияндық саясатының салдарынан ел ішінің бүлінуі, мансап үшін партия-партия боп жауласып, жағаласуы, ұрлық-қарлық,  арызқойлықтың өршуі, жатып ішер жалқаулық, түтіні шыққан үйді («тамақ пісіріп жатыр» деп) аңдыған «мырза» қайыршылық, «егіннің ебін, шаруаның тегін білмей» жатқан қырсыздық, кеппе мақтаншақтық пен қызыл көз қызғаншақтық, атқамінерлердің патша шенеуніктері алдында құрдай жорғалап, елге қаһар шашқан екі жүзді ұсақтығы, әкімдермен ауыз жаласқан парақорлығы, халыққа қамқор болар деген оқыған жастардың мансап, құлқын жолына түсіп, өз қандастарын жауластыруға себешпі бола бастауы, надандық пен топастық, ар-иман, әділдік, турашылдықты ұмытқан өктемдік қиянат, қоғам өмірі мен жеке адам бойындағы осы кеселдерді түземек болған өз басына жасалған көп қастық, үзілмес жаулық — осының бәрі ақын жанын күйзелтіп, «қыранша қарап қырымға, мұң мен зарды қолға алғызып», мәңгі өлмейтін асыл жырларға айнала берді.

Абайды бір заман көршілес жатқан елдер дана кісі, қара қылды қақ жарған әділ би, алдына жан салмайтын шешен деп білсе, алыс-жақындағы зиялы адамдар, өзінің дарынды да өнерпаз шәкірттері зор оқымысты хакім, қазақта болмаған терең ойлы, көркем өлең жазған әулие ақын деп таныды. Оның осындай атағы көзі тірісінде Алтай-Тарбағатай, Көкше мен Жетісу өңіріне жетті. Кейбір өлеңдері жырақтағы басқа жұрттың қалаларында шығатын газеттерде, жинақтарда жарық көре бастады. Оның оқымыстылығы мен жаңашыл ақындығы жайында орыс білімпаздары хабардар бола бастады. Оны Семейдегі өлкетану және география жөніндегі ғылыми құрамдардың мүшелігіне сайлады. Сондағы орыстан шыққан оқымысты таныстары «алтын басты адам» деп білді. Тіпті XX ғасырдың басында сонау алыс Америка ҚұрамаШтаттарында шыққан американ саяхатшысы Кеннанның кітабында Абай есімі құрметпен әрі таңырқаныспен аталды. Бұл кезде ұлы ақынның өлеңдері мен әндері қазақ сахарасына көшірме, ауызша түрде кеңінен тарай берді. Ақсақалдар Абайдың жазғандарын оқытып, тыңдайтын болды. Қыр елінің қыздары ұзатылғанда—қымбат жасау ретінде ақын өлеңдерін көшіртіп ала кететін жаңа салт шықты. Қазақ жерінің тұс-тұсындағы ақындар Абайды аспандата дәріптеп, арнау өлеңдер шығарып жатты. Құнанбай қажы өлгенде көңіл айта келген Байкөкше ақын:

Құнан қайтса, алдынан жарылқасын

Алтын қалды артында ат басындай, — деп, күллі қазаққа қадірлі Құнанбай қажының соңында өзінен де озған ұлы қалды деп бағалайды. Абайды көрген әйгілі Әсет ақын:

Шіркін-ай, Абайда да арман бар ма, Артына өлмейтұғын сөз қалдырған, — десе, алыстағы Көкшетаудан ұлы әнші-ақын Біржан сал: Абайдай тумас адам сөзге зерек, Зейіні — түпсіз дария, көзің жетпес, — деп тебіренді.

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының рухани көсемі, кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлы өзі шығарып тұрған әйгілі «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында (1913) Абай поэзиясын аса жоғары бағалап, «… онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп жазды.

Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері «соқыр кісі сыбдырынан танырлық» деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге келген кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой-сезімі еді.

Осылайша жасынан жалындап шығып, ерте кемелденген, атақ — даңқы жер жарған бұл кісі ата дәулетінің қызығын көрген, өз байлық-салтанаты да жетіп артылған жан еді. Оны Құдай ағайын-туыс пен өз кіндігінен тараған ұл, қызға да кенде қылмаған-ды.

Бірақ ол өзінің әйгілі «Сегіз аяқ» деген өлеңінде:

 

Атадан алтау, Анадан төртеу,—

Жалғыздық көрер жерім жоқ-

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,—

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым — тап шыным, — деп жазғанындай, сол заманның ең дана, сонымен қатар ең қайғылы, жаны жаралы кісісі болды.

Өйткені ол халықтың ауыр халіне жаны ашып, соның қамын ойлап, қайғылы, қапалы өмір кешті. Өз қандастары тарапынан қастандық пен жаулықты көп көргенін былай қойғанда, «Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ», елге «үлгі шашпақ» болған үміті тасқа шапқан балтадай майырылып, надан, топас қауым, «не ермей, не ерік бермей» қор қылды. Сөйтіп, өз сөзімен айтқанда, дүниеден «жылай — жылай өтті».

Міне, содан бергі ғасырға жуық уақыт — Абай үлгісі, ақын даналығы халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан мектебі, білім қазынасы болып қалуда. Арғы — бергі замандарда ғұмыр кешкен барлық данышпандар сияқты, Абай да ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңара беретін, «артына өлмейтұғын сөз қалдырған» ардақты жан.

Өлеңнің өзге сөзден несі бөлек?

 

III. Ойтолғаныс сатысы

 

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

 

Үзінді Беті Пікір
     

 

Сабақты қорыту.

          Абай аналары –

          Зере, Ұлжан

 
  Абай заманының шерменделері –

              Керімбала, Үмітей

 
        Махаббат, бостандық аңсаушылары –

                     Мәкен, Мағрипа

 
            Абай аулының адуын бәйбішелері –

                        Қаражан, Мәніке

                       Абай сүйген арулар –

                    Тоғжан, Әйгерім

 
                  Абайдың сырласы –

    Салтанат, Ер мінезді Нұрғаным

 
       Күндестік бұғауындағылар – 

                 Айғыз, Ділдә

 
  Байлар есігіндегі күңдер –

   Иіс, Баян, Есбикелер

 

 

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)

3.Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей, сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды… Мен ішпеген у бар ма! …» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

 

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
4   Абайтану 9    

 

Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың жалпы мақсаты: Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

  • М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж
  • Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
  • Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;
  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

 

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. «әке балаға сыншы» деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызды істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, «жеті жұрттың тілін біліп», тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

«Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған… Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен…

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған»,—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, «қарадан хан болған» айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, «өлеңшілдікті» бойына жарасты іске санамайды.

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары «әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді» деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру, ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердің үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: «Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған», — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, «мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын» дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрағұл (баласы): «Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді», — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай «закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148  асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: «Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады» дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

Жасөспірім Абайдың әкесінің ел ісіне байланысты ауыр тапсырмаларын қалай орындағаны туралы «Абай жолы» романына сүйеніп айтып беріңдер.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?

 

Сабақты қорыту.

 

н қ. І ң. с
р е з   я ы   с
о а а г   ы л  
д с а   а л  
н ы м. й   б з д
а. а ұ т ә ғ л о
т ұ ғ ы а б ы  
з р б ЗД а.   о

 

Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «Мәз болады болысың», «Қыс»).

 

Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

 

 

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ 9, 10, 11 СЫНЫП

Понедельник, 5 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ 9, 10, 11 СЫНЫП

ӘР СЫНЫП 1000т

  • 9 сынып
  • 10 сынып 
  • 11 сынып

Ақысы төленгеннен кейін  8 (707) 198-42-12  номеріне  WhatsApp  арқылы

  • Квитанция
  • Электрондық почта емайл
  • қай пән қай сынып керек екендігін WhatsApp арқылы жазып жіберіңіз немесе  [email protected]  почтасына