Рубрика: АБАЙТАНУ

АБАЙТАНУ САБАҚ ЖОСПАР 9 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ САБАҚ ЖОСПАР 9 СЫНЫП

www.sabaktar.kz

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
2   Абайтану 9    

 

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың жалпы мақсаты:ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап

Сабақтың әдісі:  сауаттылық хаттар, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

2.М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

3.Электрондық оқулық

4.Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

 

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 

Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі Абайға көп үміт артты. Оны 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза деген молданың медресесіне оқуға беріп, білім алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген.

Медресе деген — жатын орны, тамақ ішетін үй-асханасы өз ішінде, бұл жағынан мектеп-интернат сияқты, мұсылман дінінің жолын үйрететін оқу орны. Абайдың адамдық, ақындық өмірбаянында осында өткізген 3,5 жылдың орны ерекше. Ол мұңда мұсылмандық қағидаларын, үстірт болса да—тарих, география, есеп пәндерін оқиды. Көбінесе жаттауға құрылған дін оқуы бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын, табиғатынан алғыр жеткіншекке қиынға түспейді. Жас шәкірттің бұл жылдардағы зор жетістігі- қыр еліне таңсық араб, парсы, түркі тілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. сияқты түбі бір туыс елдердің ортақ тілі) жетік біліп шығуы. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: «…қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ. А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады»,— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.

Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі  құрбыларынан ерекше мұнда не үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

ХожаХафиз —буһәммаси

Мәдәтбер я шағири фәрияд.

Түркі, араб, парсы сөздері аралас бұлшумақты қазақшаласақ, шамамен:

 

Фзули, Шәмси, Сейхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

ХожаХафиз — барлығың

Медет беріп жырыма,

Ақынның бағын жандырғын,—дегенге келеді. 12-13 жасар шәкірт ақындықтың күні аталған кісілердің аруағына сиынады (фариад), «ақындық(шағири) жолына демеп (мәдәт), қолдай көріңдер» дейді. Неткен ғажап, керемет десеңізші! Бұл жас өспірім Абайдың осынау ұлы ақындарды өз тілдерінде оқып, түсініп әрі дұрыс бағалай алғаны ғой.

Медреседегі оқуының соңғы жылында Абай өз бетімен 3 айдай орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Сондағы алған білімі кейін оның 35-40 жастарында орыс оқуына қайта оралып, тілін айтарлықтай жетік меңгеріп алуына негіз болады. Осының бәріне ол өздігінен талап қылу арқылы қол жеткізген. Балаларға арналған өлеңдерінде ұлы ұстазды талаптануды адамның ең асыл қасиеттерінің бірі деп көрсетуі тегін емес.

СемейдегіАхмет Риза медресесінде оқуы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық өмірінде қандай роль атқарды? Дәлел келтіріңдер.

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнынбасар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. «әке балаға сыншы» деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызд істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, «жеті жұрттың тілін біліп», тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайынд алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

«Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған… Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен…

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған»,—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, «қарадан хан болған» айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, «өлеңшілдікті» бойына жарасты іске санамайды.

Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары «әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді» деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердін үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: «Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған», — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, «мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын» дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрагүл (баласы): «Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді», — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай «закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148  асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: «Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады» дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

 

 

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

 

Үзінді Беті Пікір
     

 

 

Сабақты қорыту.

  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)
  2. Абайдың руы. (Тобықты)
  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)
  6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

 

 

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу

        

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
3   Абайтану 9    

 

Сабақтың тақырыбы:Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;

Сабақтың жалпы мақсаты:Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  лекция

Сабақтың көрнекілігі:

1.Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

2.М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

3.Электрондық оқулық

4.Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

 

  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

 

 

Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

 

Оқу мен өлең соңында Абай жасы қырыққа таянғанда бірыңғай өлең жазумен, кітап оқумен айналысуға мүмкіндік алады. Бұған патша өкіметінің саясатына қарсы шықты деп жазаланып, Семейге айдалған орыс зиялыларымен кездесіп, достасуы да игі әсерін тигізеді. Әсіресе Семейдің Н. Гоголь атындағы кітапханасында орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың кітабын сұрап тұрған дала қазағына таңырқап, өзі келіп танысқан Е. П. Михаэлис деген оқымыстының көп септігі болады. Абай енді кейінгі ғасырларда ғылымы, өнері мен мәдениеті қатты дамыған Ресейдің, Еуропаның (ағылшын, француз, неміс, поляк, испан, т.б.) өмірінен хабардар болып, сол елдерден шыққан ойшылдардың, ақын, жазушылардың шығармаларын орыс тілінде оқиды. Шынайы ақындықты сирек кездесетін асыл өнер, елді тәрбиелеп, мінін түзеудің құралы деген ойға келеді. Сөйтіп, «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел!» — деп, қазақ жұртына ақындықтың жаңа соқпағын ашқанын жариялады. Шынында да, ол өзіне дейінгі қазақ ақындары айтпаған жаңа ойларды жаңа өлең өрнектерімен әсерлі етіп айтып берді. Өлең жолдарын, өзі айтқандай, бөтен, басы артық сөздерден тазартып, түрі келісті, мазмұны терең, яғни «іші алтын, сырты күміс», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» сөз жақсысын жасады. Ол әуезділігі, шумақтарындағы әр жолдың буын саны, ұзын-қысқалығы, ұйқасу реті жағынан өте келісті және бұрын болмаған жаңа өлең түрлерін енгізді. Қазақ өлеңін қызықты, тапқыр теңеулермен, жаңаша, бейнелі сөз қолданыстарымен байытты. Басқа елдердің, соның ішінде, әсіресе орыстың А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов сияқты ұлы ақындары мен тамаша мысалшысы Крыловтың шығармаларын керемет көркем етіп аударды.

Абай шығармаларында қазақ өмірінің, адам мінезінің данышпандық білгірлікпен және ақындық шеберлікпен дәл тауып суреттелмеген жақтары жоқ деуге болады. Атақты ақын Қасым Аманжоловтың тебірене: «Айтпаған сөзің аз қапты-ау!» — деуі – дәл тауып айтылған сөз.

Абай өлең мен өнер, тіл құдіреті, жыл мезгілдері, адамның түрлі көңіл күйлері мен күшті сезімдері, дала тұрмысының әсерлі көріністері мен қызықтары, табиғат сұлулығы мен жастар сүйіспеншілігі, әр түрлі мінездер, жас ұрпақ жайы, т.б. туралы ғажайып көркем өлеңдер тудырды.

Патша отаршыларының зымияндық саясатының салдарынан ел ішінің бүлінуі, мансап үшін партия-партия боп жауласып, жағаласуы, ұрлық-қарлық,  арызқойлықтың өршуі, жатып ішер жалқаулық, түтіні шыққан үйді («тамақ пісіріп жатыр» деп) аңдыған «мырза» қайыршылық, «егіннің ебін, шаруаның тегін білмей» жатқан қырсыздық, кеппе мақтаншақтық пен қызыл көз қызғаншақтық, атқамінерлердің патша шенеуніктері алдында құрдай жорғалап, елге қаһар шашқан екі жүзді ұсақтығы, әкімдермен ауыз жаласқан парақорлығы, халыққа қамқор болар деген оқыған жастардың мансап, құлқын жолына түсіп, өз қандастарын жауластыруға себешпі бола бастауы, надандық пен топастық, ар-иман, әділдік, турашылдықты ұмытқан өктемдік қиянат, қоғам өмірі мен жеке адам бойындағы осы кеселдерді түземек болған өз басына жасалған көп қастық, үзілмес жаулық — осының бәрі ақын жанын күйзелтіп, «қыранша қарап қырымға, мұң мен зарды қолға алғызып», мәңгі өлмейтін асыл жырларға айнала берді.

Абайды бір заман көршілес жатқан елдер дана кісі, қара қылды қақ жарған әділ би, алдына жан салмайтын шешен деп білсе, алыс-жақындағы зиялы адамдар, өзінің дарынды да өнерпаз шәкірттері зор оқымысты хакім, қазақта болмаған терең ойлы, көркем өлең жазған әулие ақын деп таныды. Оның осындай атағы көзі тірісінде Алтай-Тарбағатай, Көкше мен Жетісу өңіріне жетті. Кейбір өлеңдері жырақтағы басқа жұрттың қалаларында шығатын газеттерде, жинақтарда жарық көре бастады. Оның оқымыстылығы мен жаңашыл ақындығы жайында орыс білімпаздары хабардар бола бастады. Оны Семейдегі өлкетану және география жөніндегі ғылыми құрамдардың мүшелігіне сайлады. Сондағы орыстан шыққан оқымысты таныстары «алтын басты адам» деп білді. Тіпті XX ғасырдың басында сонау алыс Америка ҚұрамаШтаттарында шыққан американ саяхатшысы Кеннанның кітабында Абай есімі құрметпен әрі таңырқаныспен аталды. Бұл кезде ұлы ақынның өлеңдері мен әндері қазақ сахарасына көшірме, ауызша түрде кеңінен тарай берді. Ақсақалдар Абайдың жазғандарын оқытып, тыңдайтын болды. Қыр елінің қыздары ұзатылғанда—қымбат жасау ретінде ақын өлеңдерін көшіртіп ала кететін жаңа салт шықты. Қазақ жерінің тұс-тұсындағы ақындар Абайды аспандата дәріптеп, арнау өлеңдер шығарып жатты. Құнанбай қажы өлгенде көңіл айта келген Байкөкше ақын:

Құнан қайтса, алдынан жарылқасын

Алтын қалды артында ат басындай, — деп, күллі қазаққа қадірлі Құнанбай қажының соңында өзінен де озған ұлы қалды деп бағалайды. Абайды көрген әйгілі Әсет ақын:

Шіркін-ай, Абайда да арман бар ма, Артына өлмейтұғын сөз қалдырған, — десе, алыстағы Көкшетаудан ұлы әнші-ақын Біржан сал: Абайдай тумас адам сөзге зерек, Зейіні — түпсіз дария, көзің жетпес, — деп тебіренді.

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының рухани көсемі, кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлы өзі шығарып тұрған әйгілі «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында (1913) Абай поэзиясын аса жоғары бағалап, «… онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп жазды.

Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері «соқыр кісі сыбдырынан танырлық» деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге келген кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой-сезімі еді.

Осылайша жасынан жалындап шығып, ерте кемелденген, атақ — даңқы жер жарған бұл кісі ата дәулетінің қызығын көрген, өз байлық-салтанаты да жетіп артылған жан еді. Оны Құдай ағайын-туыс пен өз кіндігінен тараған ұл, қызға да кенде қылмаған-ды.

Бірақ ол өзінің әйгілі «Сегіз аяқ» деген өлеңінде:

 

Атадан алтау, Анадан төртеу,—

Жалғыздық көрер жерім жоқ-

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,—

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым — тап шыным, — деп жазғанындай, сол заманның ең дана, сонымен қатар ең қайғылы, жаны жаралы кісісі болды.

Өйткені ол халықтың ауыр халіне жаны ашып, соның қамын ойлап, қайғылы, қапалы өмір кешті. Өз қандастары тарапынан қастандық пен жаулықты көп көргенін былай қойғанда, «Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ», елге «үлгі шашпақ» болған үміті тасқа шапқан балтадай майырылып, надан, топас қауым, «не ермей, не ерік бермей» қор қылды. Сөйтіп, өз сөзімен айтқанда, дүниеден «жылай — жылай өтті».

Міне, содан бергі ғасырға жуық уақыт — Абай үлгісі, ақын даналығы халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан мектебі, білім қазынасы болып қалуда. Арғы — бергі замандарда ғұмыр кешкен барлық данышпандар сияқты, Абай да ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңара беретін, «артына өлмейтұғын сөз қалдырған» ардақты жан.

Өлеңнің өзге сөзден несі бөлек?

 

III. Ойтолғаныс сатысы

 

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.

 

Үзінді Беті Пікір
     

 

Сабақты қорыту.

          Абай аналары –

          Зере, Ұлжан

 
  Абай заманының шерменделері –

              Керімбала, Үмітей

 
        Махаббат, бостандық аңсаушылары –

                     Мәкен, Мағрипа

 
            Абай аулының адуын бәйбішелері –

                        Қаражан, Мәніке

                       Абай сүйген арулар –

                    Тоғжан, Әйгерім

 
                  Абайдың сырласы –

    Салтанат, Ер мінезді Нұрғаным

 
       Күндестік бұғауындағылар – 

                 Айғыз, Ділдә

 
  Байлар есігіндегі күңдер –

   Иіс, Баян, Есбикелер

 

 

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)

3.Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей, сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды… Мен ішпеген у бар ма! …» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

 

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

Мерзімі  Пән Сыныбы Пән мұғалімі Тексерген
4   Абайтану 9    

 

Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың жалпы мақсаты: Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы туралы ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, лекция

Сабақтың міндеті:

Сабақтың көрнекілігі:

  • М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж
  • Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
  • Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;
  1. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

 

  1. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. «әке балаға сыншы» деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды. Он үш жасар балаға беделді ел басшылармен маңызды істерді кеңесу оңай ма! Бірақ қазақтың салт-дәстүрлерінен жақсы хабардар, дін қағидаларына жетік, «жеті жұрттың тілін біліп», тарихымен танысқан ақылды жас тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны жайында алғаш қалам тартқан жақын туысы Кәкітай:

«Он бес жаста балалық қылмай, үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып, басшылыққа бұрынғы төрелермен (ел билеушілермен.— Ұ.А.) талас қылып, әкесіне үлкен көмегі тиген. Тұрғылас елдің жақсылары баласынбай, өзіне (Абайға.- Ұ. А.) қарай бастаған… Аталарындай атақты, үлгі аларлық би болады дескен…

Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы (бәрінен озық.— Ұ.А.) шешен болады. Өзінің зейіні артық болған соң, кәрі (көне) мақалдарды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған»,—деп жазады. Сөйтіп, бұл жылдар Абайдың ел басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, даугерлік, билік айту, шешендік өнеріне жаттығу, өзінің туған халқын, заманын терең танып-білу кезеңі болды. Бұл кезде әзіл-оспақ, жастық-махаббат тақырыбына шығарған бірді-екілі өлеңдері болмаса, атақты ауылдың ел ісіне екпіндеп араласқан перзенті, «қарадан хан болған» айбынды Құнанбайдың баласы ақындық қумайды, «өлеңшілдікті» бойына жарасты іске санамайды.

Абайдың 15-20 жылы ат үстінде, ел басқару ісімен өтеді. Бірақ, Көкбай ақын айтқандай, жұрт ісімен айналысқандағы мұраты, ойлаған ойы әділдік пен дұрыстық, шындық болады. Бұл қасиеттері алыс-жақын қазаққа танылып, жақсы атағы шартарапқа жайылды. Замандастары «әділ, таза, дұрыстығы (мұндай) күшті биді Тобықты іші (Абайдың елі.— Ұ.А.), бұрынғы-соңғы заманның қайсысы болса да көрмеген еді» деп куәлік жасайды. Сондықтан көршілес елдер өздерінің шиеленіскен дауларына төрелік (билік) айтуды өтінеді. Сан ру, ел бас қосқан үлкен даулы жиындарда Абайды бірауыздан төбе би (билердің үстінен билік айтатын) етіп сайлайды. Бұл туралы ақынның өмірін жете зерттеген үлкен ғалым М. Әуезов: «Әділдігі сонша, Абайға досынан гөрі, дұшпаны көбірек билік айтқызған», — десе, Көкбай ақын Абаймен жауласьш жүргендердің оның билігіне жүгінген кездері болғанын айта келіп, «мұндай жағдай бұрын-соңды болды деп ойламаймын» дейді. Осындай беделді кісімен шікірейген орыс әкімдері де санасып, кейбір үлкен даулардың шешімін Абайға тастап отырған.

Абайдың жігіт ағасы жасындағы кезін Тұрағұл (баласы): «Жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді», — деп сипаттайды. Сонымен бірге ол әкесінің өзіне-өзі сын көзбен қарап, кейбір мінім-ау дейтін мінездерін түзеуге тырысқанын, түзегенін айтады. Педагог Абай «закон күші қолымда болса, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегенді өз тәжірибесіне сүйеніп айтқан сияқты. Абайдың сөзі мен ісінің бөлінбегеніне, өлеңдері мен қара сөздерінде мадақтаған асыл қасиеттердің бәрі де оның өз бойында болғанына дәлелдер көп. Мәселен, өз кезінде хакім Абай (хакім — 148  асқан оқымысты, зор ғалым дегенді білдіреді) атанған ол жастарды ынта қойып, ғылым, өнер үйренуге үндеумен болса, өзі жұрттан асқан білімді кісі бола тұра, оқуға, үйренуге тоймаған. Ақынның: «Білдім дегендермен шекіскісі келіп тұрады» дейтіні де содан болар. Елдің қауырт шаруасынан қолы босамаған ол Семейге келгенде апталап, айлап кітапханаға қатынап, бір марқайып қалады екен. Бертінде жылына 2-3 рет сонау екі күншілік Семейден көлікпен кітап алдырып оқып отырған.

Жасөспірім Абайдың әкесінің ел ісіне байланысты ауыр тапсырмаларын қалай орындағаны туралы «Абай жолы» романына сүйеніп айтып беріңдер.

III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
  • Құнанбайдың Абайды оқуын бітіртпей шақыртып алуының қандай себептері бар?

 

Сабақты қорыту.

 

н қ. І ң. с
р е з   я ы   с
о а а г   ы л  
д с а   а л  
н ы м. й   б з д
а. а ұ т ә ғ л о
т ұ ғ ы а б ы  
з р б ЗД а.   о

 

Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «Мәз болады болысың», «Қыс»).

 

Оқушылар білімін бағалау.

Үй тапсырмасы: Абай өмірі туралы реферат жазу.

 

 

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ 9, 10, 11 СЫНЫП

Понедельник, 5 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ 9, 10, 11 СЫНЫП

ӘР СЫНЫП 1000т

Ақысы төленгеннен кейін  8 (707) 198-42-12  номеріне  WhatsApp  арқылы

  • Квитанция
  • Электрондық почта емайл
  • қай пән қай сынып керек екендігін WhatsApp арқылы жазып жіберіңіз немесе  SABAQTAR@mail.ru  почтасына
АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ЖОЛДАРЫ:
 17-Халык-mainpage_zayavka_03 1. Халық банк есеп шотына Халық банк есеп шотына     4402 5735 7630 9381      өзіңізбен бірге жеке куәлікті н / е карточка арқылы апарып аудара аласыз.     ИИН    :     881 025 300 586
kkb_logo 2. Каз.коммерц     4003 0327 8248 5652 ИИН: 881 025 300 586. KZ0792 6011 PN01 8407 60
  3. Терминал арқылы QIWI кошелектің яғни Qiwi кошелек => QIWI пополнение кошелька =>       8 707 198 42 12      нөміріне аудара аласыз.     ЕДИНИЦА РЕТІНДЕ ЕМЕС

УЛГІ: