АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП

Четверг, 22 Декабрь, 2016

АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ САБАҚ ЖОСПАР 10 СЫНЫП

www.sabaktar.kz

Түсінік хат

 

  1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
  2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
  3. Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор

қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі

абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.

  1. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының: қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін; шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын; Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер,

кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

  1. Курсты оқытудың мақсаты:

1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін,өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

  1. Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып,білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие

мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып,қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

8) Курс жүктемесінің көлемі:

 

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

Мақсаты: Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолын таныстыру, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін таныту,сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, өскен ортасын, көзқарастарын таныту. Оқушылардың шығармашылық іздену жұмыстарын дамыту.Көркемдік эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
  • Абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
  • Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
  • Сан қырлы талант табиғатын ашу;
  • Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу;

 

 

 

 

10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің білім мазмұны

  • Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла — 1 сағат, Абай өмір сүрген дәуірдіңерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі.
  • «Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі» тарауын оқытуға — 2сағат бөлінген:

1) абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов,Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

  • «Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы» тарауын оқытуға — 6 сағат бөлінген:

1) ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіндігі, Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат-қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер турасындағы ой тұжырымдары;

2) «Талапты ерге нұр жауар» — 2 сағат, отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы,хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

3) «Еңбек етсең ерінбей» — 1 сағат, отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік,мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы;

4) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі — 2 сағат, өлеңнің идеясы, өлеңге қойған

эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;

5) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі- 1 сағат, поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне»жөн-жоба көрсетуі.

  • «Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер» тарауын оқытуға — 7 сағат бөлінген:

1) Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі;

2) Табиғат лирикасы — 3 сағат, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі;

3) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық,

тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі;

4) «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні;

5) Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам — 2 сағат, отыз жетінші

қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі;

6) «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі — 2 сағат, ақынның адал еңбекпен мал табуды насихаттауы, ар-ұяттан безген тойымсыз би, болыстарды шенеуі, адамның үш асыл қасиеті ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген ой түйіні;

7)«Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңіндегі ақынның жас ұрпақты еңбек етуге,

отырықшылдыққа шақыруы, оқу оқып, білім алуға, білімін халықтың қажетіне жаратуға үндеуі.

  • «Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек» тарауын оқытуға — 6 сағат бөлінген:

1) Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі;

2) «Би екеу болса, дау төртеу болады» — 2 сағат, үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне

қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтуы, үшінші сөздің көсемсөз (публицистика) жанрына жататындығы, ақынның саяси-әлеуметтік болмыс туралы толғанысы;

3) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі — 4 сағат, өлеңнің идеялық мәні,

Абайдың қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттер жайындағы ойлары, алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу шеберлігі;

4) «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінде Абайдың сол дәуірдегі

қоғамдық-әлеуметтік топтардың іс-әрекетін әшкерелеуі, еңбексіздікті, алармандық мінез-құлықтарды сатира тілімен сынауы, ақынның алдамшылық, жәдігөйлік, айлакерлікке қатысты байламы, өлеңдегі түйінді ой;

5) «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңіндегі ақынның өрелі ойы, ел жағдайы туралы ой қорытуы, ақынның қосанжар өмір құбылысын салыстыруы, ақынның айтқалы отырған негізгі ойы;

6) «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі ақынның дүние, әлем туралы танымы, заман сырын, адам құлқын философиялық таразылауы, ой қуып, ақылға еру хақында, өлеңдегі өмір құбылыстарын суреттеу ерекшелігі, әлеуметтік өмірдің шынайы суреттері, адамгершілік, әділеттілік мәселелері.

  • Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға — 4 сағат бөлінген:

1) ақын сынының негізгі объектісі мен тақырыбы, Абайдың өз заманындағы қоғамдық

қайшылықтарды, ел билеу жүйесін, ұлық, болыс, би, т.б. пысықтардың жемқорлық айла-амалдарын әшкерелеу шеберлігі;

2) «Улы сия, ащы тіл» — 1 сағат, он бірінші қарасөзіндегі ант, серт, ұят, адалдық

ұғым-түсініктері, жағымсыз мінез, қылықтарды сынауы, ұлықтардың қарапайым жұртты алдап, ел ішіндегі бұзақыларды тыймауының салдары неге әкеліп соқтыратыны жайында айтқан пікірлері;

3) «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;

4) «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінде пысықтардың, қу мен сұмдардың елге салған лаңын айтуы, адал еңбекті, тыныштықты сақтау жайындағы пайымы, заман келбетін, әлеуметтік қайшылықты сипаттауы, адал еңбек еткен малды байларды жем етіп жүрген атқамінер әкімсымақ, қу пысықтарды шенеуі;

5) «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңіндегі адамгершілік қасиеттерден ада адамдардың

іс-әрекеті туралы ойлары, адам психологиясының келеңсіз жақтары, аярлық мінезі жайындағы тұжырымдары, ақынның әлеуметтік, саяси көзқарасы.

  • Абайдың аудармаларын оқытуға — 2 сағат бөлінген:

1) Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.

  • Поэмаларын оқытуға — 3 сағат бөлінген:

1) «Масғұт» поэмасы — 2 сағат, поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні;

2) «Әзім әңгімесі» дастаны — 1 сағат, «Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн»

хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың

аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі.

  • Қорытынды сабаққа — 1 сағат бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аптасына -1 сағат. Барлығы- 34 сағат.

 

Өтілетін тақырыптар Сағаты Мерзімі                                           

                       

 
1. Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла 1 05.09  
«Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі»  
2. «Абайтану» тарихы 1 12.09  
3. Абайды зерттеушілер 1 19.09  
«Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы»  
4.  Абайдың 32  қарасөзі 1 26.09  
5. Талапты ерге нұр жауар 1 03.10  
6.  Еңбек етсең ерінбей 1 10.10  
7. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы 1 17.10  
8. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы 1 24.10  
9. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін 1 31.10  
«Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер»  
10. Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер 1 14.11  
11. Желсіз түнде жарық ай   21.11  
12. Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай 1 28.11  
13. Көлеңке басын ұзартып 1 05.12  
14. Абайдың 37 қарасөзі 1 12.12.  
15. Абайдың 17  қарасөзі 1 19.12  
16. Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа 1 26.12  
17. Түбінде баянды еңбек егін салған 1 09.01.15  
«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек»  
18. Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек 1 16.01  
19. Би екеу болса, дау төртеу болады   23.01  
20. Абайдың 3  қарасөзі 1 30.01  
21.  Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да 1 06.02  
22. Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман 1 13.02  
23. Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап 1 20.02  
24. Абай өлеңдеріндегі адамгершілік мәселелері. 1 27.02  
Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын  
25. Улы сия, ащы тіл 1 06.03  
26. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ 1 13.03  
27. Сабырсыз, арсыз, еріншек 1 03.04  
28. Абайдың 11  қарасөзі 1 10.04  
Абайдың аудармалары  
29. Тұтқындағы батыр 1 17.04  
30. Өзіңе сенбе, жас ойшыл 1 24.04  
Абайдың поэмалары  
31. «Масғұт» поэмасы 1 01.05 08.05
32. Поэма тақырыбы мен идеясы 1 08.05  
33. «Әзім әңгімесі» дастаны 1 15.05  
34. Қорытынды сабақ 1 22.05  

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы,

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ,                         22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990

25) Республикалық «Абай» журналы.

 

 

 

 

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *