Публикации с меткой: дүние жүзі тарихы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 7 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

Четверг, 27 Июль, 2017

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 7 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

www.sabaktar.kz

Қысқа мерзімді жоспар

7-сынып

Жылына 68 с, аптасына 2 c.

 

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  6

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Орта ғасырлар тарихы
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Өткен білімді пысықтау
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

 

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би

 

 

Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші — еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды.

Орта ғасырларда католик шіркеуін түбірімен қайта құруға бағытталған қозғалыс — реформация өріс алды. Оның жақтастары папалардың діндарларды басқару құқын мойындаудан бас тартты. Шіркеу жерлерін тартып алуды, монастырьларды жабуды, икондар мен әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, киелі кітапты адамдардың бәріне бірдей оқуға рұқсат берілуін талап етті. Реформация Еуропаның көптеген елдерінде (Солтүстік Германияда, Швейцарияда, Нидерланд мен Англияда, Дания мен Швецияда т. б.) жеңіске жетті.

Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гуманистік идея өмірге келіп, нығая түсті.

Орта ғасырларда Осман түріктері Византия империясын басып алып, еуропалықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшін Шығысқа теңіз арқылы бет түзеді. Соның арқасында ұлы географиялық ашулар жасалды. Оның нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы, оның халықтары жайлы білімдері, ой өрістері кеңейе түсті. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — кітап басып шығару өмірге келді. Ол білімнің, ғылымның, өнердің кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Жоғары оқу орындары — университеттер ашылды. Мәдениет қалың халық бұқарасының игілігіне айнала бастады. Көптеген таңғажайып ортағасырлық өнер туындылары дүниеге келді. Ғылым-білімнің дамуы сағат, су двигателі, домна пеші, оқ-дәрімен атылатын қару сияқты құрал-саймандардың өмірге келуіне себеп болды.

Орта ғасырларда мемлекеттік биліктің демократиялық жүйесі өмірге келіп, қалыптаса бастады. Бұл жүйе адам құқықтарына негізделген заңдар жиынтығын (Юстиниан кодексі, «Яса» т.б.) қалыптастырды.

Орта ғасырларда халықтар мен мемлекеттердің бәрінің даму деңгейі бірдей болмады. Ерте орта ғасырлар мен дамыған феодализм кезінде Шығыс елдері шаруашылығы мен медениетінің дамуы жағынан Еуропа елдерінен едәуір алда болып келсе, кейінгі орта ғасырларда, әсіресе қайта өркендеу дәуірінде даму жағынан Еуропа алға озып шықты. Батыс Еуропа елдері жаңа, капиталистік қатынастарға аяқ басқанда Шығыста феодализм үстемдік қүра берді. Ал Африка мен Австралиядағы, Америка мен Азиядағы көптеген елдерде алғашқы қауымдық құрылыс сақталып қалды. Қорыта айтқанда, орта ғасырлар адамзат тарихындағы шаруашылық пен мәдениеттің қарышты қадаммен алға жылжу кезеңі болды.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің   қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы 

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.

Орта ғасыр деген ұғымды XV – XVI ғасырларда Қайта өркендеу дәуірінің итальян тарихшы-гуманистері (Ф.Бьондо, т. б.) енгізіп, ғылымда XVIII ғасырда бекіді. Орта ғасыр – Батыс Еуропада феодалдықтың өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарих ғылымында Орта ғасырға құл иеленуші Рим империясының күйреуі (шартты түрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды. Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт, ал Шығыс елдері кейіндеу дамығандықтан, бұл заңдылық сақталмайды. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихи деректемелеріне сай пайда болып, жете зерттелген. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарында да қолданылады. Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы – Константинопольдің құлауы (1453 ж.), Американың ашылуы (1492 ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі көзқарастар орын алып отыр. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

 

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны[өңдеу]

Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі орта ғасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойыншы анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да қоғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның қолына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды.

 

Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне қандай қажет болса, дінбасылары да,зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінеді. Сондықтан да олар әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста ешқандай талас-тартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды.

 

Сөйтіп орта ғасырларда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көзқарас олардың қоғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шарушылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  

Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

САБАҚ:

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:

 

СЫНЫП: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
·         Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік  

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Алдыңғы тақырып Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы  5 минут

 

Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

 

 

Ортасы   20 минут Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

(Мәтін бөліктерін тарату)

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған  болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын  Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның  қолында болды. Үшелік қаған қағанатты   20 әкімшілік аймақтарға бөліп, әр аймақта 7 мыңнан әскер ұстады.

Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек  тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ  тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш  тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы  Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.

 

Оғыз мемлекеті (Х-ХІ ғғ.).  Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны  Жетісу болғандығына күмән жоқ. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде партиархалды-феодалдық  мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.

Қолдану 8 минут  «Интервью» әдісі

 

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

 

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

Аяқталуы  20 минут Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

 

Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

 

 

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

Четверг, 27 Июль, 2017

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

www.sabaktar.kz

Қысқа мерзімді жоспар

5-сынып

Жылына 68 с, аптасына 2 c.

 

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  5

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік  

 

Ежелгі Қазақстан

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Қазақстан тарихы туралы түсінік
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.

Талдау:

Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

 

1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер

 

 

 

 

 

 

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Тарих — бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны — бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.

 

Тарих — ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер — еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады?

 «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі — сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.

Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер — азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.

Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.

Талдау

Жаңа тақырыпты  Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге   бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай  отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.
Сергіту сәті

2 минут

«Қара жорға» биі видеожазба
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»

 әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.

 

 

«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ» әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні «Жария

лау» әдісі

«Салыстыру кестесі» «Ыстық орын

дық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Балл
           
           
           
           
           
           

 

«Белгілер» әдісі

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Белгілер» әдісі. Рефлексия парағы.

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы адамдардың өмірі

Зерттеу сұрағы: Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  5

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Алғашқы адамдардың өмірі
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Кіріспе сабақ
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

 

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды  құттықтау хаттарын  алып, 1,2,3 топтарға  бөлініп отрады.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

«Әнді жалғастыр!»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.

Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3-4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3-4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады. Соңғы әннің соңы 2 жолын барлық топ орындайды».

1. «Әрқашан күн сөнбесін» (4 жол)

2. «Анашым» (4 жол)

3. «День рождения» (4 жол)

4. «Школный вальс» (4 жол)

5. «Жан досым» (4 жол)

 

 

Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әнді жалғастыр!»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

 «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

1.      Ертедегі адамдар қандай кәсіптермен айналысты?

(аңшылық, терімшілік)

2.      Жиі – жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді?

(жаңа жерлерді игерді. Ой — өрісі жетіле түсті)

3.      Ежелгіі адамдар қандай жерлерге қоныстанған? (табиғи үңгір, тау шатқалында)

4.      Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті? (аяздан тоңды, тамақ жоқ болды, ауру – сырқау көбейді, жабайы аңдар шабуылы)

5.      Ежелгі адамдар қандай жетістіктерге жетті?

(еңбек құралдарын жасады: шапқы, қырғыш , шоқпар , киім киді, от жақты, аңды қолға үйретті, топ – топ болып өмір сүрді.

6.      Алғашқы адамдардың өмір сүрген жасы? (30 -40 жас)

7.      Қазақстан жерінен ежелгі адамдардың сүйектері табылды ма? (Сүйегі табылған жоқ)

8.       Ежелгі тас ғасырын қалай атады?

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Адамзат баласының шығуы.
Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан табылып 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.
         Алғашқы адамдардың кәсібі.
Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды.
Алғашқы адамның қазақстандағы іздері. 
Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді.
Еңбек құралдары.
Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 киллограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты.
Отты пайдалану және жердің сууы.
Бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Ғалымдардың айтуынша, оның қалыңдығы екі километрге жеткен. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастайды.   

Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде  беріледі.

Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі  бағалайды.

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорытыу

1.     Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

2.     «Саналы адам» қашан қалыптасты?

3.     Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді? Жазыңдар.

 

 

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс  

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

Четверг, 27 Июль, 2017

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

www.sabaktar.kz

Жаңартылған оқу бағдарлама негізіндегі

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша

5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы адам қалай пайда болды

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  5

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5.1.1.1 – түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2 – адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік  

 

Алғашқы адам

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Өткенді пысықтау
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын  топ құрамындағы оқушылар саны бойынша  беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек.  Олар парақтың ортасындағы шеңберге  өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге  өздерінің өмірінде маңызы бар  бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

 

1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер

 

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.

Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка — Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.

Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды.

Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.

Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.

Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.

Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген.

Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды.

Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді.

Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады.

Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды.

Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.

Сойтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.

 «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Алғашқы адам қалай пайда болды?

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Адамзат баласының шығуы. Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан табылып 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты. В) Алғашқы адамдардың кәсібі. Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. С) Алғашқы адамның қазақстандағы іздері. Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді. Д) Еңбек құралдары. Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі – қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты. Е) Отты пайдалану және жердің сууы. Бұдан 100 мың жыл бұрын Жет беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Ғалымдардың айтуынша, оның қалыңдығы екі километрге жеткен. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастайды.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

 

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

 

Сергіту сәті

2 минут

«Қара жорға» биі видеожазба
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

А) Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

В) Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек

құралдары туралы әңгімеле?

С) Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп

ойлайсыңдар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні «Жария

лау» әдісі

«Салыстыру кестесі» «Ыстық орын

дық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Балл
           
           
           
           
           
           

 

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық шеңбер

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 7 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

Вторник, 27 Июнь, 2017

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 7 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

www.sabaktar.kz

Орта мерзімді жоспар

7-сынып

жылына68 с, аптасына 2 c.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаты Білім алушылар білуге тиісті оқу мақсаттары Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау Негізгі дерек көздер Cағат саны
1-тоқсан
7.1А   

VI – IX ғасырлардағы Қазақстан 18с

 

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу «Сақина салмақ ойыны» «Ыстық орындық» орындық әдісі. Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы. Қалыптастырушы бағалау. Кері байланыс кемесі. 7-сыныпқа арналған қазақстан тарихы оқулығы.

Маркер,ватман.

2
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.2 – ерте түрік  қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау   ;

6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің  сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

«Интервью» әдісі. Екі түрлі түсініктеме күнделігі. «Әлемді шарлау» әдісі. Рефлексия парағы. «Менің көңіл-күйім баспалдағы» Дидактикалық материалдар.

Маркер,ватман.

Ғаламтор ресурстары.

4