Публикации с меткой: бейнелеу өнері

5 7 СЫНЫП ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАДА 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ ПӘННЕН

Четверг, 24 Август, 2017

2017-2018 оқу жылына 5,7 сынып жаңа жоспарлар

Математика, Биология, География, Қазақ тілі, Орыс тілі, Технология, Қазақстан тарихы, Информатика, Бейнелеу өнері, Ағылшын тілі, дене шынықтыру

т.б  хабарласыңыз

Читать полностью »

5 СЫНЫП

Пятница, 28 Июль, 2017

2017-2018 оқу жылына 5 сынып жаңа жоспарлар

Математика, Биология,  География, Қазақ тілі, Орыс тілі, Технология, Қазақстан тарихы, Информатика, Бейнелеу өнері, Ағылшын тілі, дене шынықтыру, т.б  хабарласыңыз Читать полностью »

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 6 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОМЖ

Четверг, 22 Декабрь, 2016

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 6 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОМЖ

www.sabaktar.kz

6  сынып бейнелеу өнері

  Тақырыбы с/с Сабақтың мақсаты Оқытуда қолданыла-тын  әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі Күтілетін нәтиже Үйрену  мақсатында бағаны  қоса, бағалау Барлық оқушыларды сабаққа тарту  жұмысы Негізгі  дереккөздер немесе ресурстар
1 Өнердің пайда болуы 1 Оқушыларды өнердің шығы тарихымен таңыстыру. Қазақстан жерінде жартастар бетіне салынған бейнелерге түсініктеме беру. Сурет салу өнерінің даму тарихымен таңыстыру. Кім  шапшаң»  , , БҮҮ кестесі,тәжірбиелік тапсырма  АКТ бойынша «Автор» орындығы

Почта ойыны

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу; Критерийлер бойынша  топтық  және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.

Рефлексия  арқылы білімдерін  тексеру.

Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
2 Ежелгі Египеттегі өнер мектебі 1 Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдіқалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.  Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңір Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.

Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.

Тақырыпты меңгереді

Өз-өзін бағалауды үйренеді.

Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар және сұрақтар  беру  арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
3 Кескіндеме өнерінің түрлері,жанрлары 1 Кескіндеме өнерінің жанрлары түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану Миға шабуыл

Жигсо, Спираль

Топтастыру әдісін пайдалану  сұрақ-жауап немесе диалог арқылы үй жұмысын тексеру, СТО стратегиялары

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

 

Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия  арқылы  білімдеріне талдау жасау. Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
4 Натюрморт  «Гүлдер, көкеністер менжемістер» 1 оқушыларға ыдыстардан құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету. Кім  жылдам

Миға шабуыл

Жигсо әдісі

Венн диаграммасы,ББҮ

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,

өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды

 

Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалайды және өзін-өзі бағалайды. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
5 Пейзаж  «Жаңбыр астында» 1 оқушылар кескіндеме өнерінің жанры пейзаж туралы білім алады және суретін салып үйренеді Миға шабуыл

Автрорлық орындық

Жигсо әдісі

проблемалық сұрақ,  деңгейлеп оқыту,ББҮ

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту, Талантты  және дарынды  балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Оқушылар кескіндеме өнерінің жанры пейзаж туралы біледі және соған байланысты суреттер сала алады. Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауы  және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия  арқылы  білімдеріне талдау жасау. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы. Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 6 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ

Четверг, 22 Декабрь, 2016

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 6 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ

www.sabaktar.kz

Бейнелеу Уақыты: Кабинет: Мұғалім:   Сабақ 1
Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері
Сілтеме
Сабақтың жабдығы Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Оқушыларды өнердің шығы тарихымен таңыстыру. Қазақстан жерінде жартастар бетіне салынған бейнелерге түсініктеме беру. Сурет салу өнерінің даму тарихымен таңыстыру.
Күтілетін   нәтиже . Өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

 

 

Әдіс- тәсілдер . Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын

                                                        Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
                                                                     Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы  топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді
Үй тапсырмасын сұрау

 

 
Қызығушылықты ояту Оқушылар,бос уақыттарыңда немен айналысқанды ұнатасыңдар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

 

  «Аквариум» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада  топпен жұмыс жасату

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

 

Сергіту сәті  
Ой толғаныс 1. Петроглифтердегеніміз не?

2.Ежелгі адамдар жартастарда нен бейнелеген?

3.Петроглифтер туралыа лғашқы мәліметтерді жинақтаған кім?

 

 

 

 

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Рефлекция

сұрақ-жауап) (3 мин)

1.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

2.      Өзім  турал не білеміз?

3.      Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін  не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

   
Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2-сабақ
Сыныбы 6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Ежелгі Египеттегі өнер мектебі
Жалпы мақсаты  Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдіқалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.  Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру.

 

Сілтеме  Бейнелеу өнері  оқулығы, 6- сынып.  Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындаш
Оқыту нәтижелері Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.

Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.

Тақырыпты меңгереді

Өз-өзін бағалауды үйренеді.

Негізгі идеялар Көру, ойлау, байқау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Сандар арқылы топқа бөліну

 

Оқушыларға Ежелгі Египет мектебі, өнері жайлы түсіндіремін. Ежелгі Египетті даналықтың бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілерді дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі айтады. Ежелгі Египет мәдениеті ең көне және өте жоғары деңгейде дамыған. Олардың үй қабырғаларына, тұрмыстық бұйымдарға салған бейне көріністері мазмұнға бай әрі осы елдің тарихы туралы қызықты ақпараттар береді.

Египеттіктер суретті көмірмен, қылқаламмен, қызыл және қара бояулармен салған. Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металл таяқшалармен қырнау, қашау арқылы түсірді.

Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына баулитын арнайы мектептер болды. Олар өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Біртіндеп сурет салудың әдіс-тәсілдерін игеру арта түсті. Сурет салу өнеріне баулуда техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлінген. Ежелгі Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойында тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінетін. Денелерді бұлай орналастыру жер бетін жазық тік сызық түрінде жиектің теменгі шекарасында және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп бейнелеуге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы қозғалысты ғана беріп қоймайды, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен арақатынастық орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды біле бермейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс — мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.

Сондай-ақ оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

1. Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?

2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?

1.“Қалам үстел үстінде” сұраққа-жауап

1.Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?

2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?

2.«Миға шабуыл» Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс — мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.  Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

3.Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпта білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу жасайды.

Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс
  1. Білемін
  2. Білдім
  3. Білгім келеді

 

Үйге тапсырма  Оқулықтағы «Ежелгі Египет өнері» туралы оқу, іздену

 

 

 

3 сабақ   6 сынып
Сабақ тақырыбы: Кескіндеме өнерінің түрлері,жанрлары
Жалпы мақсат: Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту
Сабақтың  мақсаттары Кескіндеме өнерінің жанрлары түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Күтілентін нәтижесі: Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар: Сабаққа  қызығушылығын арттыру
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, маркер

АКТ

Интерактивті тақта

Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі

ü  Топтық жұмыс

ü  Жұптық жұмыс

ü  Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері: «Адам мүмкіндік-тері»  тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz

 

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма

Сабақ кезеңдері

 

Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының  іс- әрекеті
І Ұйымдастыру

 

 

Ынтымақтастық  атмосферасын  орнату үшін  шеңберге тұрып,  «Жылы лебіз »  тренингін  өткіземін Оқушылар арасында ынтымақтастық  атмосферасы орнайды. Сынып  оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін  айтады.
ІІ  Өткен сабаққа қысқаша шолу

 

«Мен – саған,  сен- маған» әдісі арқылы  сұрақ  -жауап алу (диалогтік  оқыту)

 

 І топ:

1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
2. Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
3.Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
ІІ топ: 1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді
ІІІ Білу ,тану

Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді

Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер.Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар.Олар : тарихи,тұрмыстық,соғыс тақырыбы,жануарларды бейнелеу,адам келбетін бейнелеу,натюрморт,теңіз пейзажы және табиғатты бейнелеу.

«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда
өлі табиғат француз сөзі
бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.

Пейзаж-қоршаған ортаны бейнелеу,табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны,шындық өмірді әсерлі,нақты береді.

Тарихи жанр-маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді ,қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі.
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

— Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», — дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Кескіндеме өнерінің жанрлары.
Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық,                       соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу
(портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу

Ғалымбаева. Дастарқан

 

                        К. Әжібекұлы. Томирис                               Б. Зәуірбекова                                                                                                            

                                                                                             Сәукеле киген қыз

Қолдану

«Бейнесюжет»

майлы бояумен

Натюрморт,

пейзаж салу әдісі

Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу

Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау

Талдау Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сыни ойлана отырып ,  А Ғалымбаеваның «Дастарқан»  атты натюрмортын  орындайды

Пейзаж. И Левитан «Алма ағашы гүлдегенде»

 

Жинақтау

 

 

 «Кім жылдам»
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім………….
2. Маған қызықты болды…………..
3. Қиын болды…………………
4. Мен түсіндім……………….
5. Енді менің қолымнан келеді………
6. Мен сезіндім………………..
7. Мен үйрендім………………
8. Мені таң қалдырды………
9. Мен жасапкөремін………
Бағалау БҮҮ кестесін  толтыру БҮҮ  кесесін  толтырады

білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді
     
Бағалау Қорытынды  баға  қою Күнделікке бағаларын  қойғызу.
Рефлексия Сабақтан алған әсерін айту Сабақтан алған әсерін айтады
Кейінгі тапсырмалар  Натюрморт жанрын бейнелеген суретшілер турал мәліметтер жинақтау.

 

Натюрморт,пейзаж  салу