ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Атыс дайындығы

Атыс дайындығы

2356
0

Сабақтың тақырыбы: Атыс дайындығы. Калашников  автоматы  жəне  қол  пулеметінің  атқаратын  қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеу тəртібі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты:Елін,жерін сүюге,саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды,Қазақстан Республикасы  Қарулы күштеріне дегенқұрметті,батылдық-қа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты: Автоматты толық емес бөлектеу мен жинақтауды үйрету

әне оған қабілеттілігін арттыру,дамыту құрылысымен таныстыру.Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат, АК — 74 макеті, графопроектор, компютер

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

 ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

  • Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
  • Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
  • Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?

Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс

  • Қарауыл дегеніміз не?
  • Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

Сақшы дегеніміз не?

     б) Негізгі бөлім – 25 минут.  

Калашников автоматы мен пулеметі.

Автомат пен пулемет қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ орнатылған. Түнгі уақытта ату және бақылау үшін түнде атуға арналған әмбебебап көздеуіш бекітіледі.

Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі, жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.

Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты  атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5атысқа дейін) және ұзақ (10атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Оқжатар қорабында автоматта 30 патрон, пулеметте 45 патронға дейін болады. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.

 

Сипаттамалары АК

74

АК

74Н

АКС74 АКС 74Н РПК74 РПК74Н РПКС74 РПКС74Н
Атудың көздеу қашықтығы, м. 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000
Оқтың шекті ұшу алыстығы, м. 3000 3000 3000 3000 3150 3150 3150 3150
Нақты атыс қашықтығы, м. 500 500 500 500 600 600 600 600
Шоғырланған атыс қашықтығы, м. 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000 1000
Атыс жылдамдығы, ату/мин. 600 600 600 600 600 600 600 600
а) кезекпен атқанда 100 100 100 100 150 150 150 150
ә) жекелей атқанда 40 40 40 40 50 50 50 50
Жарақталған оқжатармен

қосқандағы салмағы, кг

 

3,6

 

5,9

 

3,5

 

5,8

 

5,46

 

7,76

 

5,61

 

7,91

Сүңгі-пышақтың салмағы, г 450 450 450 450

 

Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктерден тұрады:

  • 1- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы (пулеметте сирағымен);
  • 2 – ұңғы аузындағы тежеуіш компенсатор (пулеметте – 13 жалын сөндіргіш);
  • 3 — ұңғы қорабының қақпағы;
  • 4 — газ поршені мен бекітпе жақтауы;
  • 5 — бекітпе;
  • 6 — қайтармалы механизм;
  • 7 – ұңғы бастырмасы мен газ түтігі;
  • 8 – құндақ;
  • 9 – оқжатар;
  • 10 -сүңгі-пышақ;
  • 11 – сүмбі;
  • 12 – жабдығымен пенал;

 

 

 

 

 

 

Суретте автоматтың (пулеметтің) негізгі бөліктері мен механизмдері

және оның жабдықтары: а-автоматтың; ә-пулеметтің; 1- ұңғы қорабымен, соққы-ағытқыш механизмімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен, ал пулеметте сирағымен берілген ұңғы; 2-ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3-ұңғы қорабының қақпағы; 4-газ поршенді бекітпе жақтауы; 5-бекітпе; 6-қайтармалы механизм; 7-ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8-құндақ; 9-оқжатар; 10-сүңгі-пышақ; 11-сүмбі; 12-жабдығымен пенал; 13-жалын сөндіргіш.

Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.

Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде – бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты олып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).

Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқажатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңесінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кірумен жүзеге асырылады.

Егер аустырғыш автомат жағдайындағы атысқа қойылса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.

Егер аустырғыш жекелей атысқа қойылса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.

 

     в) Қорытынды бөлім –

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
  • Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.

Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар

Үйге тапсырма:

Бағалау:

 

Сабақтың тақырыбы: Атыс дайындығы. Калашников  автоматын(қол  пулеметін)  атуға  даярлау,  автомат жабдықтары, атудан кейін автоматты тазалау жəне майлау тəртібі, автоматты сақтау, автомат пен оқтарды тексеру жəне атуға даярлау, ату кезінде болуы мүмкін кедергілер жəне оларды жою амалдары..

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау жұмыстарын жүргізуді үйрету.

Дамытушылық ; Атыс қаруымен жұмыс жасай білуге үйретіп , шапшаңдылықтарын, жұмыс жасай білу қабілеттерін, көру , бұйрық беру т,б қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Тазалыққа, жылдамдылыққа, отанды қорғауға және қырағы болуға, тәрбиелеу.

 

Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

  • автоматтан (пулеметтен) автоматты атыс жүргізу үшін не істеу керек?
  • автоматтан (пулеметтен) жекелей атыс пен кезекпен ату қалай жүргізіледі?

     б) Негізгі бөлім – 25 минут.  

Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.

Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.

Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):

  • күн сайын;
  • сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;
  • тазалау кезінде тексеру керек.

Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.

Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:

  • қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;
  • көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.
  • ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
  • ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.

Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібі

Күнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.

Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.

Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп  қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.

Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:

а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек — шүріппе соққышқа соғылады.

ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.

Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.

Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.

Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.

Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.

Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.

Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.

Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.

Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.

Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.

Ұрыстық оқсауыттарды қарау.

Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.

Оқсауытты қарау кезінде:

  • оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;
  • капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;
  • ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.

Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған  оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.

Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:

  • автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;
  • автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;
  • оқжатарды қарау қажет.

Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.

Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.

 

 

Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.

Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде тазалау, майлау және дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау:

  • атысқа дайындық кезінде;
  • атыс аяқталғаннан соң; (ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау, бекітпе тазартылып, майланады).
  • ұрыстық жағдайда, ұрыс тыншыған кезінде және ұзақ жаттығуларда үзіліс кезінде күн сайын жүргізіледі;
  • егер автомат (пулемет) қолданылмаса тазалау аптасына бір рет жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі.

Казармада немесе далада автоматты тазалау осы мақсатқа арналған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайда  — таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.

Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң сұйық қару майымен тазалау офицерлер жетекшілігімен жүргізіледі.

Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға оралғаннан соң ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) қайта тазалануы керек.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлауға қолданылатын майлар:

—  суық қару майы  автоматты (пулеметті) тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5С-тан +50С-қа дейінгі температурада майлау үшін;

  • қару майы: тазаланған соң +1С-тан +5С-қа дейінгі температурада майлау үшін;
  • ҰТЕ: тазалауға арналған;
  • шүберек немесе КВ-22 қағазы: сүрту мен тазалауға;
  • талшықтан тазартылған кендір: тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін;

Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;

  • Автоматты (пулеметті) бөлшектеу;
  • Керек жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау;
  • Ұңғы арнасын тазалау.

Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты (пулеметті) майлап, жинауды жүргізеді.

Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, кендірге (шүберекке) аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты не кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.

Автоматты (пулеметті)  сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды, егер онда күйенің ізі, тат, немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.

Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді.

Автоматты (пулеметті) майлауды былайша жүргізеді:

  • ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш компенсаторды және жалын сөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;
  • автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін;
  • майлап болғаннан кейін автомат (пулемет) жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді.

Жылдың суық мезгілінде автоматты (пулеметті) тек сұйық қару майымен майлау қажет. Келесі майлаудың алдында  бұрынғы  майды тазалап тастау керек.

Майды кептіру үшін автоматты (пулеметті) толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту керек.

Ескерту. Ауа райы +5С-тан төмен болған кезде  қару майын қолдануға тыйым салынады.

Ұзақ уақыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты (пулеметті) сұйық қару майымен майлап, ингибиттелген, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет.

Автоматтар (пулеметтер) мен оқсауыттарды сақтау және күтіп ұстау.

Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты.

Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне, пулеметте «1» бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жиналып, серіппелі ілгекпен бекітіледі. Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі.

Автомат (пулемет) казарма немесе далалық жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір бөлімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сөмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады.

Ғимаратта орналасу жағдайында автоматты (пулеметті) есіктен, пештен және жылытқыш аспаптардан қашық, құрғақ жерде, ал соғыс уақытында — қолда ұстау керек.

Автомат (пулемет) автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал танкте қолда болуы керек.

Автоматтарды  (пулеметтерді) темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнай пирамидаларда ұстау керек. Пирамидалар жоқ кезінде қолда немесе сөрелерде ұстау керек.

Автоматтың (пулеметтің) ұңғы арнасына су тимеуінен сақтану керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың (пулеметтің) жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.

Оқсауыттар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек.

 

 

     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматты (пулеметті) тексеріп қарау қай уақытта жүргізіледі?
  • автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулар қандай?
  • жауынгерлердің күнделікті қарау және тазалау кезінде автоматты (пулеметті) тексеру реті қандай?
  • автоматтың (пулеметтің) керек – жарақтарын тексеру қалай жүргізіледі?
  • жауынгерлер оқсауытты қашан және қандай мақсатпен қарайды?
  • автоматты (пулеметті) атысқа дайындау үшін не қажет екенін атаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21 такырып

 

Такырыбы:Атыс дайындығы.Калашников  автоматын(қол  пулеметін)  бұзу  жəне  жинау,  оқтауға дейінгі  бөлшектері  мен  механизмдерінің  орналасу  қалпы,  оқтау  жəне  ату кезіндегі автоматтың мехнизмдерінің жұмысы.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың білімін жетілдіру.Автоматты бөлектеуге және жинақтауды үйрету. Қарудың материалдық бөлігін түсіндіру.

Дамытушылық ; Атыс қаруымен жұмыс жасай білуге үйретіп , шапшаңдылықтарын, жұмыс жасай білу қабілеттерін, көру , бұйрық беру т,б қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Тазалыққа, жылдамдылыққа, отанды қорғауға және қырағы болуға, тәрбиелеу

Сабақ өтетін орын – АӘД кабинеті.

 

Әдіс — Әңгіме.

Көрнекті құралдар – АӘД оқулығы, суреттер.

 

Сабақтың жүргізу тәртібі

Кіріспе – 5 мин.

Оқу сұрақтары:

  1. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау.
  2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру

 

1 оқу сұрағы – 10 мин.

Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.

 

 

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

 

 

 

 

 

 

 

А т а қ т ы        к  он с т р у к т ор
М и х а и л   Т и  мо ф е е  в и ч  

К а л а ш н и к о в.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан автоматты (АВ) немесе жекелей (ОД) атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі.

 

 

 

 

Тактико – техникалық мінездемелер АКМ, АК -74, РПК — 74

 

 

Мінездемелер АКМ АК — 74 РПК — 74
Ұңғы калибрі 7,62 5,45 5,45
Нақты атыс қашықтығы (метр) 400 500 600
Атудың көздеу қашықтығы (метр) 1000 1000 1000
Тура атыс қашықтығы (метр)

; кеуделік фигураға

; жүгірмелі фигураға

350

525

440

625

460

640

Атыс қарқыны минутына около 600 около 600 около 600
Ұрыстық ату жылдамдығы (мин)

; кезекпен ату

; жекелей ату

до 100

до 40

до 100

до 40

до 150

до 40

Оқжатармен қосқандағы массасы (кг) 3,6 3,2 5,0
Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы 450 450 ——
Оқтың ұшу қашықтығы (метр) 3000 3150 3150
Бастапқы оқ жылдамдығы 715 900 960
Оқжатар сыйымдылығы 30 30 45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:

  1. Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.

Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады.

Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) бөлшектеу кезінде оқжатарды бөліп алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті артқа жылжытады да, оны автоматтан (пулеметтен) бөлектеп алады.

  1. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.

Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.

Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

  1. Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
  2. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу.

Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың (жалпы сөндіргіштің) орнықтырғышы батырылады.

Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.

  1. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашаны алады.
  2. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
  3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
  4. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
  5. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.

 

 

3 оқу сұрағы – 10 мин.

 Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру  

 реті.

  1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
  2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
  3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайда.Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалы бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
  4. Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
  5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
  6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
  7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады.
  8. Сүмбіні қосу.
  9. Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.
  10. Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

 

Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) жинау кезінде пулеметті қосқаннан кейін НСПУ көздеуішін қояды.

Автоматты (пулеметті) құндағынан ұстап, көздеуіштің қыспа құрылғысы саңылауын қару қадамасына орналастырады, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасының артта тұрғанына көз жеткізіп, көздеуішті алға тірелгенше жылжытып, тұтқаны алға қарай соңына дейін айналдыра отырып, оны бекіту керек.

 

 

Қорытынды – 5 минут.

 

 

Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.

 

 

 

 

 

  • абак

Сабақтың тақырыбы: Атыс дайындығы.

Калашников автоматынан(қол пулеметінен) атуға ыңғайлануға жаттығу, оқжатарды оқтау жəне оны қалташыққа салу, таянып жатып атуға дайындалу (ату қалпын қабылдау жəне автоматты оқтау), ату(нысананы жəне өткізгішті дəлдеу, автомат дүмін иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу жəне ату кезінде автоматты ұстау), атуды аяқтау, оғын алу жəне атуды аяқтаған соң автоматты тексеру.

  1. Сабақтың мақсаты:

Өткізілетін орны:  10 сынып БӘД бөлмесі

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, автоматтың макеті.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

 

  • автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?
  • автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?
  • бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.
  • автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?

Б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.

 

Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері.

Жалпы ережелер.

Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатармен қоса тасымалданады.

Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден әр түрлі жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды. Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.

Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жабдықталады. Ату орны ретінде – ор, жыра, тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалынуы мүмкін.

Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки  автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға  кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек.  Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет.

Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Автоматшы (пулеметші) (Ахмедовке) ату орны анау жерде – ұрысқа!» Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.

Ату орнын ауыстыру үшін: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедов, анау жерге жүгіріп өт – алға!» деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтумен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды.

Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады.

Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады.

Әрбір автоматшы (пулеметші) ату үшін ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол-аяғы мен денесі үшін біріңғай жағдай жасауы қажет.

Автоматтан (пулеметтен) ату – атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатуда құралады.

Атысқа оңтайлану.

Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға – адым бас!», содан кейін «Оқта!», ал керек болған жағдайда: «Оқта!» пәрменінің алдында атыс орны көрсетіледі.

Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пулеметті) оқтауды қамтиды.

  • «Белдікке» жағдайындағы автомат үшін – оң қолды белдіктің бойымен жоғары көтеріп, автоматты иықтан алады да, оны сол қолмен ағытқыш жақтау мен ұңғы қорабынан ұстайды, бұдан кейін автоматты оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстайды. Сонымен бір уақытта оң аяғымен алға толық қадам жасап, сәл оңға жылжиды. Алға еңкейіп, өзінің алдына, жерге қояды. Бұдан кейін біртіндеп сол аяғының санына және сол қолының иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жатып, тез етпетінен жатады да, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады; бұл ретте автомат құндағымен сол қолдың алақанында ұсталады.
  • Автоматты «кеудеге» жағдайында ұстау үшін – сол қолмен құндағының астынан және ұңғы бастырмасынан алып, оны біраз алға, жоғары қарай көтріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады.

Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті) ұңғы бастырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.

Тұрып ату қалпын қабылдау үшін:

  • егер автомат (пулемет) «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін нысана жаққа тез бағыттау қажет.
  • егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезгілде оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, автоматты қарқынды түрде нысанаға қаратады.

«Кеудеге» жағдайында автоматтан ату үшін бауды мойыннан түсірмеуге рұқсат беріледі, өйткені ол автоматты атыс кезінде нық ұстап тұрады.

 

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қандай жерлерде ату үшін орын жабдықталады?
  • Қандай жерлерде ату үшін орын таңдау қажет?
  • Ұрыста автоматшы (пулеметші) қандай жылжу тәсілдерін пайдаланады?
  • Автомат (пулемет) ұрыста қозғалу кезінде қандай жағдайда ұсталынып тұрады?
  • Автоматшының жатып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.
  • Автоматшының тұрып ату үшін қолданылатын жағдайы туралы айтыңдар.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь