ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Алғашқы әскери дайындық: Саптық дайындық

Алғашқы әскери дайындық: Саптық дайындық

6542
0

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық.

сап  түрлері  жəне  олардың  элементтері,  алдын-ала  жəне  орындауға берілетін пəрмендер, сарбаздың сапқа тұруға дейінгі жəне саптағы міндеттері, бір орында тұрып сəлем берген əскеримен сəлемдесу.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін білу, және орындалатын пәрмендерді ажырата алу.

Дамытушылық: : есту, сөйлеу, қозғалу жылдамдықтарын дамыту.

Тәрбиелілік: спортпен шұғылдануға, денсаулықтарын сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  • Өкізілетін орны: 1 БЖБ, 1 ӨҚН, Саптық алаң.
    Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, оқулық плакаттар
    Сабақтың барысы:
    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
    Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
    Әскери антты қабылдау  рәсімдері қалай өтеді?
  • ҚР-ның әскери анты дүниеге қалай келді?
  • ҚР Конституциясында және «ҚР ҚК мен қорғанысы туралы», «Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы» заңдарда әскери қызметшілердің құқығы мен міндеттемелері туралы не айтылған?
  • Әскери антта Қазақстан жауынгерлерінің ары мен абыройы туралы не айтылған?
  • Әскери антта жауынгердің моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған?
  • Жауынгерлік дәстүрлер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрсетілуі тиіс?
  • Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
    САП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ.
    Сап — әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
    Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
    Машиналар желісі — машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
    Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
    Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.
    Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
    Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.
    Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.
    Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
    Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.
    Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
    Лек — әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
    Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
    Жорық сабы – бөлімше леккке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.
    Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.
    Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.

    Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.
    Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.
    Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.
    Алдын ала берілетін пәрмендер — саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.
    Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-НАЛ» және т. б.
    Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.
    Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.
    Әскери қызметші:
    — өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;
    — нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;
    — саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;
    — сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;
    — бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.
    Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
    Аға шендінің «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп жауап қатады.
    Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек.
    в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
    Сұрақтар мен тапсырмалар:
    — Сап элеметтерін атаңдар.
    — Сапты басқару қалай орындалады?
    — Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?
    — Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6такырып,

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық.

2) саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Баскиімді– ШЕШ», «Баскиімді– КИ» пəрмендерін орындау.

Сабақтың мақсаты:                                          

Білімділік: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін білу, және орындалатын пәрмендерді ажырата алу.

Дамытушылық: : есту, сөйлеу, қозғалу жылдамдықтарын дамыту.

Тәрбиелілік: спортпен шұғылдануға, денсаулықтарын сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  1. Өткізілетін орны: Саптық алаң.
  2. Көрнекілік ұүралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.
  3. Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

Сап элеметтерін атаңдар.
— Сапты басқару қалай орындалады?
— Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?
— Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?

 

б) Негізгі бөлім – 25 мин. 

Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,

«Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек;  иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

    «Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.

    «Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.

    «Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.

Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.

    Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.

Қарумен «арқаға»  күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.

Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.

Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – саптал».

Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.

 

     в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
  • Қарумен «арқаға» күйінде бас киім қай қолмен шешіледі?
  • Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, қай пәрмені бойынша жүргізіледі?
  • «Еркін тұр! » пәрменінің жүзеге асырылуын айтап бер?

Үйге тапсырма :

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Саптық дайындық. бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру жəне қайтадан бір қатарға сап құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұруға және керісінше қайта сап құруға, қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап  беруге үйрету.

Дамытушылық: : есту, сөйлеу, қозғалу жылдамдықтарын дамыту.

Тәрбиелілік: спортпен шұғылдануға, денсаулықтарын сақтауға, отансүйгіштікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Өткізілетін орны: Саптық алаң.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық стенд.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?
  • Қарумен «арқаға» күйінде бас киім қай қолмен шешіледі?
  • Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, қай пәрмені бойынша жүргізіледі?
  • «Еркін тұр! » пәрменінің жүзеге асырылуын айтап бер?

 

     б) Негізгі бөлім – 22 минут.  

Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.

 Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және

керісінше қайта сап құру.

Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы  (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке командирден солға қарай сапқа тұрады.

Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.

Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.

Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері беріледі.

    «Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады.

«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.

Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені беріледі.

Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».

Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала «Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!» деп баяндайды.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.

Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір адым жасайды және сол аяғын қояды.

Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.

Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып, біріншілердің сызығына шығады.

Орнында бұрылулар

 

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және

бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.

 

Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Бастықты басып озғанда — әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

 

     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

    Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
  • бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
  • бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
  • қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?

 

 

 

 

8 – 9 такырып

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық. Саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік. Саптық дайындық кезіндегі бұйрықтар  түрлерімен таныстыру. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс жасауға үйрету.

 Дамытушылық: Саптық жүріс дағдыларын, пәрменге сай дұрыс әрекет етуге, бірігіп жұмыстануға дағдыландыру..

Тәрбиелілік: Отанын қорғай алатын, елін, жерін сүйетін жеке тұлғаны тәрбиелеу. Жауаптылыққа баулу.

Сабақтың типі:                    Жаңа сабақты меңгеру.

Өтетін  орны:                        Мектеп алаңы

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сапқа тұрғызу.
  2. Взвод командирінің баяндамасы.

3.Сәлемдесу.

  1. Сырт келбетін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сап дегеніміз не?
  2. Қатар дегеніміз не?
  3. Қаптал дегеніміз не?
  4. Мандайшеп дегеніміз не?
  5. Аралық дегеніміз не?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Орында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыста екі тәсілде орындалады:

  • Бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылуы керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
  • Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 70-80 см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 168-180 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайта келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарды қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!») пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым – бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын-ала пәрмені бойынша денені біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейіндей болу керек; артқа – иық буынның шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарай қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғалу керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орында адым – бас!» (қозғалыста: «Орында!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

 

 

ІV. Сабақты бекіту.

         Практика жүзінде орындау.

 

  1. Сабақты қорыту.
  2. Адыммен қозғалыс жасау минутына қанша адым?
  3. Жорықтық адыммен қозғалыс жасауда қандай пәрмен беріледі?
  4. Саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см

көтерілуі керек?

  1. Адыммен қозғалыс жасағанда адымның арасы, шамасы қанша см

VІ. Бағалау.

 

 

VІІ. Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық.

Бір  орында  жəне  қозғалыс  кезінде  сəлемдесу  тəсілдерін  орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Сап және оның элементтерін, пәрмендерді орындау.

Сарбаздың саптану алдындағы және саптағы міндеттері туралы түсініктерін жаттықтыру, меңгерту, қайталау.

Дамытушылық;Саптық тұрыс, «Саптан», «сәлемдесу» пәрмендерін орындау дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Тәрбиелілік:Өз Отанын сүюге, қорғауға даяр болуға, ептілікке, алғырлыққа, елжандылыққа сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі — 15 минут
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсырту.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу

Өткен тақырыпты қайталау:

Адыммен қозғалыс жасау минутына қанша адым?

  1. Жорықтық адыммен қозғалыс жасауда қандай пәрмен беріледі?
  2. Саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см

көтерілуі керек?

  1. Адыммен қозғалыс жасағанда адымның арасы, шамасы қанша см

Жаңа сабақ.

 

Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.

. Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.

Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.

Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.

Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.

Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

  1. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.
  2. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында және қозғалыста орындау

Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретте карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.

Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.

Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; «арқаға» күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.

Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша «аяққа» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

бірінші тәсіл — карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу планкасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында оқжатарда, ал бас бармақ — көздеу планкасының астында) ұстау керек, сол қолдың білегі — қарубау деңгейінде болу керек (13-сурет);

екінші тәсіл — оң қолды құндақтың мойнына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ құндақ мойнының алдында қиғаш жататындай етіп ұстау керек (13-сурет).

Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басын бұра отырып, бастықты көз қиығымен шығарып салу керек.

Карабин «қарауылға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.

Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек:

бірінші тәсіл — оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;

екінші тәсіл — карабинді дүмі табанның сыртқы жағына тиіп тұратындай етіп, оң аяққа ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;

үшінші тәсіл — сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап қою керек.

. «Қарауылға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орнында олар сапта болған кезде жүргізіледі.

«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «қарауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бұрып, оны көз қиығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен қол гранатаатқыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.

 

 Сабақты қорыту.

Бас киіммен болған кезде қалай амандасу қажет?\

— Егер бас киім киілген болса онда қалай амандасу керек?

— Әскери сәлемдесуді карабинмен орындау кезі?

— Команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек, ата:

 

 Бағалау.

 

 

 Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық. Саптан шығу, бастыққа бару, қайта сапқа тұру.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Сап және оның элементтерін, пәрмендерді орындау.

Сарбаздың саптану алдындағы және саптағы міндеттері туралы түсініктерін жаттықтыру, меңгерту, қайталау.

Дамытушылық;Саптық тұрыс, «Саптан», «сәлемдесу» пәрмендерін орындау дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Тәрбиелілік:Өз Отанын сүюге, қорғауға даяр болуға, ептілікке, алғырлыққа, елжандылыққа сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі — 15 минут
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсырту.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу

Өткен тақырыпты қайталау:

 

Саптан шығу және оған қайта тұру.

Бас киіммен болған кезде қалай амандасу қажет?\

— Егер бас киім киілген болса онда қалай амандасу керек?

— Әскери сәлемдесуді карабинмен орындау кезі?

— Команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек, ата:

 

Жаңа сабақ:  Бастыққа келу және одан кету

Әскери қызметші саптан шығу үшін команда беріледі.

Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН ШЫҚ (осынша АДЫМҒА САПТАН ШЫҚ)» немесе «Қатардағы жауынгер Әлімов. МАҒАН КЕЛ (ЖҮГІРЕ МАҒАН КЕЛ)».

Әскери қызметші өзінің тегін естігеннен кейін «Мен» деп, ал саптан шығу туралы (шақыру туралы) команда бойынша «Құп болады» деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші команда бойынша саптық адыммен бірінші қатардан бастап үш адымға (көрсетілген адым санына) саптан шығады, тоқтайды және сапқа қарап бұрылады. Екінші команда бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым қалғанда тоқтап, аяқты қоюмен бір уақытта оң қолын бас киімге апарады, одан кейін келгені туралы баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын төмен түсіреді.

Мысалы: «Лейтенант мырза. Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».

Әскери қызметші екінші қатардан шыққан кезде ол алдында тұрған әскери қызметшінің иығына сол қолын ақырын қояды, ол алға бір адым және оң аяғын қоймастан, оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.

Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатарда оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.

Әскери қызметші екіден, үштен (төрттен) тұратын лектен шыққан кезде ол саптан алдын ала оңға (солға) бұрыла отырып, жақын қаптал жаққа шығады. Егер жанында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен жанына бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан, артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді және одан кейін өз орнына тұрады.

Әскери қызметші қарумен саптан шыққан кезде қозғалыстың басталуы кезінде «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді.

. Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА ТҰР» немесе тек «САПҚА ТҰР».

Сапқа қарап тұрған әскери қызметші «Қатардағы жауынгер Әлімов» командасы бойынша өзінің тегін естігеннен кейін бастық жаққа бұрылады және «Мен» деп жауап береді, ал «САПҚА ТҰР» командасы бойынша, егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарып «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып, бірінші адым жасаумен қолын төмен түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып, қысқа жолмен саптағы өз орнына тұрады.

Егер тек қана «САПҚА ТҰР» командасы берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан, сапқа қайтып оралады.

Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталған күйге алынады.

Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді. Қару «арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды.

Әскери қызметші бастықтың жанынан кеткен кезде кетуге рұқсат ала отырып, оң қолын бас киіміне апарып «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын төмен түсіреді.

Бастықтың жанынан қарумен кеткен кезде «аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді, егер қажет болса әскери қызметші «Құп болады» деген жауаптан кейін басқа күйге алады.

Бастық әскери қызметшіні сапқа қайтаруға команда бергенде немесе оған кетуге рұқсат бергенде қолын бас киіміне апарады және төмен түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорыту.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Әскери қызметші бірінші команда бойынша қандай іс-әректтер жасайды?

— Егер тек қана «САПҚА ТҰР» командасы берілсе қандай іс-әректтер жасайды?

 

 Бағалау.

 

 Үйге тапсырма.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь