Сын есім

Среда, 4 Январь, 2017

Сын есім. Тапсырмалар

№1

Берілген сөздерден туынды сын есімдерді тауып астын сыз.

1.Күн бұлт, әлі жел соғып тұр. 2.Қанат есін жиып түрекелсе, балалы аю дегенінің бірі үлкен, бірі кіші екі қаңбақ екен. 3.Аспан шайдай ашық. 4.Қанаттың қабаған күшігі Ақтөс те қорқады. 5.Кейбір сидиған бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, оған сәуле түсірмеуге тырысады.

№2

Төменде берілген зат есім сөздерінің алдына сапалық сынын білдіретін сөздерді ойлап жазып, олардың сөйлемде қандай мүше болатынын  ажырат.

Үлгі:Әдемі білезік қыздарға жарасып-ақ тұр.

Орамал,мектеп,қалам,нан,сүлгі,тон өсімдік,жануар,сөмке, өнім,сақина,жол, садақ.

№3

Төмендегі берілген сын есімдердің мағыналарын анықтап, олардың жанына заттың атын білдіретін сөздерді қосып жаз. Олардың қандай сын  есімдер екенін түсіндір

Үлгі:Әдемі,көйлек,сұлу қыз.

Әдемі ,сұлу, тұщы,момын тар, жұқа, бұйра, қараңғы,талапты, сәнқой, дәмді,қою,терең,биік адал,жас,қорқақ

№4

Біріккен атау болу үшін қандай сын есімдер керек?

… бөкен,… төбе,…арқа,… бота,…тау,…көл,… жөтел,… қат,…қат,… қу,…торғай.

№5

— шақ,-шек,-улы,-улі  жұрнақтары арқылы сын есім жаса.

№6

Сын есімнің қосымшаларын сызықша арқылы бөліп жаз.

Үлгі:сый-лы,қонақ-шыл…

Сыйлы, қонақшыл,бәтуасыз, қайғылы, тіртіпті, шұбырынды, щұрайлы,сыйлас, көңілшек, ажарлы, сыртқы, мемлекеттік, күдікті,ақылды.

№7

Берілген сын есімдерден түбірлес сөз өрбітіп жаз.

Үлгі:Көк-көкшіл-көкше-көгілдір.

Сары,ақ,кіші,сұр.

 

№8

Сөйлемдерден сын есімді тауып олар сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын ажырат.Жақша ішіндегі сын есімдердің алдындағы сөздермен қалай бірге, бөлек жазылатынын түсіндір.

1.Құралай қара (ала) мысығын сипалап, ештеңені сезбеген кісіше терезеге қарап отыр.

2.Қызыл (ала) қызғалдағым,сені жақсы көріп отырмын.

3.Менің досым – қайқы мұрынды , кең танаулы, ұзын қасты, қара (сұр) қазақ жігіті.                      №9

Бұл қызық

«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың» (Абай) деген сөйлемдегі сөздердің бәрі де жалғаулы сөздер екен.Ал олар қай жалғаулар?

Сан есім

№1

Төмендегі цифрмен берілген есептік  сан есімдерді сөзбен жазып, олар құрамына қарай қандай сан есімдер екенін түсіндіру.

Үлгі:алты (дара сан есім)

6,9,12,14,16,23,69,189

№2

Берілген сөйлемдердегі сөзбен жазылған сан есімдерді цифрмен жазып, ондағы қосымшалар қалай жазылатындағын түсіндір

1.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

2.Бір көлде он екіден қаз ойнайды.Алсам деп бірін – бірі наз ойлады.

№3

Берілген есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге және жинақтау сан есіміне айналдырып жаз. Екі,бес,жеті,он үш, жиырма,төрт,он бір,сегіз,қырық,алпыс,сексен,алты,бір,

жетпіс,жиырма үш.

№ 4

Төмендегі сөздердің жазылуына қарап, жай саннан кейін дефис бірде қойылып, бірде қойылмай жазылу себебін түсіндіру.

6- мектеп ( алтыншы мектеп)

5- мектеп (бес мектеп)

7- бригада ( жетінші )

№ 5

Үлгідегі сөздердің жазылу емлесіне қарап, бақылау диктантында қатең болса түзеп жаз. Олардың жазылу емлесін оқулықтан қайталап оқы.

Үлгі: отыз – даған емес, отыздаған (болжалдық сан есім, дефиссіз жазылады.)

№ 6

Үлгі  :   берілген  мысалдарға   қарап, болжалдық сан есімдердің жазылу емлесін түсіндіру.

Үлгі:  Бес – алты адам. 20-30 оқушы.

№ 7

Сан есімдер сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт және қандай мүше бола алатынын  түсіндір.

  1. Біздің көргеніміз – төртеу.
  2. Жиырма бос маған тағы қайтып келді.

   Есіңе сақта

Сөз құрамына, лексика – грамматикалық мағынасына талдаудың сызбасы.

Зат есім

1.Құрамына қарай

2.Тұлғасына қарай

Негізгі түбір,туынды түбір

3.Лексикалық мағынасы

4.Грмматикалық мағынасы

5.Құрылысына қарай:Дара, күрделі

6.Сұрағы     7.Мағынасына қарай:1.жалпы,жалқы

2.Деректі,дерексіз

Бір сын есімге көп зат есім

Мынадай үлгіде (схемада) бір сын есімге көп зат есім тауып айту керек

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *