АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

Суббота, 5 Ноябрь, 2016

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП САБАҚ ЖОСПАР

sabaktar.kz

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 1

  Күні:

Тақырыбы: Кіріспе Адам, қоғам, құқық туралы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адам, құқық  және қоғам туралы жұйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:

1)жаңа материалды меңгеру;

2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;

3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;

4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;

5)аралас;

6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі

1)сұрақ — жауап;

2)баяндау;

3)әңгімелесу;

4)ізденіс;

5)топпен  жұмыс;

 6)проблемалық;

7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

«Қоғам» ұғымы дүниежүзілік және Қазақстан қоғамына ажыратылып, қоғамның негізгі даму бағыты:

—         экономикалық

—         әлеуметтік

—         саяси-қүқықтық

—         мәдени-рухани өмір аяларына жіктеліп қарастырылады.

Адамның өмірі мен қызметіне қатысты материалдар — оқулықта қамтылған білім мазмұнының бастыларының бірі. Қоғам мен табиғат туралы мәселелердің қайсысында болса да, олардағы негізгі ұғым ретінде адам мәселесі көрініс беріп отырады.

Қоғамның мәдени-рухани аясы тақырыбында жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына мәдениеттің әсері мен мораль туралы мәселелер қамтылған. Адамның қоғамдык қызметінде және отбасында қажет болатын тәртіптер мен қалыптар да аталған тарауда берілген.

Ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқыны барған сайын үдей түсуде. Дүние жүзінің әрбір түкпірінен шығып жатқан ақпараттар ағынына ілесе білу, заман қарқынынан қалыспау үшін сіздерге сапалы білім беретін, сара бағыт көрсететін, ақыл қосатын, сындарлы әрекетке бастайтын оқулық материалдарын жете меңгеруге тиіссіздер.

Сабақты қорытындылау: Қоғамның мәдени-рухани аясы тақырыбында жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына мәдениеттің әсері мен мораль туралы мәселелер қамтылған.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: 3-5 б

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 2

  Күні:

Тақырыбы: Адам проблемасы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, аданың сипаты туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Адам мәселесі
  1. «Адам» ұғымы
  1. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам 1 млн 750 мың жыл бұрын Африка Кения жеріндегі Олдувайда
Питекантроп адам 1 млн жыл бұрын Ява аралы
Синантроп адам 500-200 мың жыл бұрын Қытайда
Неандерталь адам 100-35 мың жыл бұрын Германияда
Саналы адам 40-35 мың жыл бұрын Европада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens («Саналы адам») пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология,  психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.

Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

«Адам» үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

Адам—Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.

Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 1

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 3-4

  Күні:

Тақырыбы: Адамның қызметі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;

4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;

5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Даралықтың сипаты.

Жеке адам ұғымы.

Тұлға. Даралық (лат. individuum — бөлінбейтін) den абсолютті қайталанбайтын, кеңктіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетіиде ғана өмір суретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.

Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айны­майтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.

Жеке адам үғымы. Жеке адам туралы ғылыми түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығының көрінісі ретінде қарастыратын биопсихоәлеуметтік 10 организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам деп белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілін, қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.

Сәби —жеке адам. Дегенмен, ол —әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады.

Әр жеке адам — қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи үрдіс субъектісі ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.

Тұлғ (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады/ Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлғасы туралы; психиатр холериктің тұл-ғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды — оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін түрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.

Философияда тұлға—қоғам мүшесі ретіндегі, әлеуметтік даралық сапасындағы адам, қоғамдық қатынастардық жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанныц барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.

Қызметтің сипаты:

Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Бұл сөздің негізгі мәні жан иесі ретінде тіршілік етуді, өмір сүруді білдіреді. Тіршілік жасап жатырмыз деген сөз еңбек етіп жатырмыз, бір пайдалы іспен шұғылданудамыз деген ұғымды білдіреді.

Адам өмірі тұтастай қызметпен, белгілі бір іспен шұғылданумен өтеді. Әрекетсіз адам болмайды. Өмір бар жерде қызмет те бар. Өйткені қызмет – адамның өмір сүруінің формасы.

Қызмет деп қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған, онымен белснді қатынас жасаудың тек адамға тән формасы айтамыз.

Қызметтің көптеген тұрапттары мен түрлері бар. Қызмет-рухани, материалдық, өндірістік, еңбекті және еңбексіз болып бөлінеді.

Адамның қызметінің мақсаты:

Мақсат – қызметтің көздеген нәтижесін алдын ала барлау және белгілі бір құралдары пайдалана отырып, оған жету жолдары сипатталатын адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі болып табылады.

Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар:

Мотив (франц motif – себеп, себепке итермелеу) дегеніміз – субъектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы; субъектіні белсенділікке келтіретін және оның бағыттылығын айқындайтын сыртқы немесе ішкі жағдайлардың жиынтығы; тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі.

 

Бекіту кезеңі:

  1. Даралыкка сипаттама беріңіздер.
    1. Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін негіздеңіздер.
    2. Жеке адамның калыптасуына қандай факторлар өсер етеді?

Сабақты қорытындылау: Тұлғаның қалыптасу шегін айкындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бакыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастаса, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3, жағдаят талдау

 

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 5

  Күні:

Тақырыбы: Адамның қабілеті

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамның қызметі, түрлері туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Қызметтің сипаты
  2. Адамның қызметінің мақсаты
  3. Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар

«Қабілет» дегеніміз — тұлғаның қызмет түрлерін атқару амалдары мен тәсілдерін тез, терең және орнықты меңгеруінен көрініс табатын, адамның оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын ішкі психологиялық, реттеуші қыз-метін атқару мүмкіндіктерін көрсететін дара-психология-лық ерекшелігі.

Қабілет жеке адамның өзгелермен арақатынастарының күрделі жүйесінде, түрлі қызметтер атқару үрдісінде қалыптасады. Іс-әрекеттің кейбір нақты түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің түрлі құрауыштардан тұратын кешенді құрылымы болады. Бұл кең таралған есе қайтару (компенсация) құбылысымен байланысты: іс-әрекеттің кейбір түрлерін атқаруға қажетті жоғары қабілеттілікке кейбір құрауыштардың салыстырмалы әлсіз немесе мүлдем болмауы жағдайында өзге құрауыштарды дамыту арқылы қол жеткізуге болады.

Дарынның сипаттамасы. Қабілетті дамытудың сапалык деңгейі дарын және даналық үғымдарымен беріледі. Дарын дen жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдың маңыздылығымен ерекшеленетін іс-әрекеттің өңімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.

Дарынның жүздеген типтері мен түрлері болады. Адамзат үшін олардың бәрі қажет. Ол абсолютті есту немесе көру, әдеттен тыс үйлестірушішк (құрылым жасай алу, құрастырғыштық), найзағайдың жарқылындай жылдам реакция немесе көркем шығармашылыққа деген қабілеттілік болуы мүмкін. Мақсат осындай дарындарды қайткенде ертерек оятуда, сол дарынға сай әуестікті дарытуда болса керек.

Көптеген зерттеушілер дарынның балаға ата тегі арқылы берілетінін қуаттайды. Олардың тұжырым-дауынша, белгісіз бір тылсым күш жоғалмай, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын сияқты. Мұны куәландыратын айғақтар да аз емес.

Бүған қарсы айғақтар да жоқ емес. Ата тегінде көрнекті тұлғалар болмаған қарапайым адамдардан шыққан данышпандар да жеткілікті.

Адамның зияттық (интеллектуалдық) ресурстары. Канадалық патофизиолог Г.Селъе ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру туралы кітабында атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар деген тұжырымға келген екен. Демек, теориялық тұрғыдан қарағанда адамның мүмкіндігі шексіз.

Физиологтардың жорамалдауынша, адамның миы 15 млрд жүйке клеткаларынан — нейрондардан тұрады. Алайда адамдар ойлау қуатының осындай мол қорының өте аз мөлшерін ғана пайдаланады.

Жад және оның мүмкіндігі. Жад—іс-әрекет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұымдастыру және сақтау үдерісі.

Жад субъектінің өткенін қазіргісімен және келешегімен байланыстырады, дамыту мен оқытуга негіз болатын аса маңызды танымдық функция атқарады. Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық

(лат. sensus — сезім, сезіну) деп аталатын гипотетикалық жүйешеге бөлінеді.

Мысалы, Юлий Цезарь, Александр Македонский, парсы патшасы Кир 30 мыңдай жауынгерлерін атымен атап және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистокл грек астанасында тұратын 20000 адамның аттарын атап, түстерінен тани білген. А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан сол ретпен айтып бере алған. Математик Леонард Эйлер жүзге дейінгі барлық санның алғашқы алты дәрежесін жатқа білген. Академик С.А. Чаплыгин жене шахматшы Гарри Каспаров бес жыл бұрын кездейсоқ бір рет қоңыраулатқан телефонный, нөмірін есінде сақтай алған.

Зият (интеллект; лат. intellectus—тану, түсіну, талқы) — адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі: Жалпылама алғанда, бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады. Зияттың табиғаты сезім, ерік, түйсік, елестету сияқты рухани қабілеттерден өзгеше болады.

Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның  жеке-типология лық даму  ерекшеліктерін зерттейтін теорияда қолданылады. Адамның зиятты-лығын айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффи­циенті (ағылш. Intellectual quotent, қысқаша — IQ) делінеді.

Сабақты қорытындылау: IQ — түрлі тестілерді негізге ала отырып жасалған ақылды дамыту көрсеткіші, жеке адамда бар білім мен мағлұматтылық деңгейі. Көпшілік психологтардың пайымдауы бойынша, негізінен, IQ жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §4, Ой толғау

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 6-7

  Күні:

Тақырыбы: Адам өмірінің  мәні

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Өмір және оның мәні туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Өмірдің мәні
  2. «Бақыт» түсінігі
  3. Адасу

Өмірдің мәні. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі.

Адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мрратынан турады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдык нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

«Бақыт» түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы 22 ұғым. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естіретіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз —аданың өзінің болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдың мұратына жету үйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің калай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалык сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.

Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын сұлу үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үіпін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар үшін өмірлерін қиюға да дайына еді.

Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс калган адам бақытты өзге жактан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға үласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықты белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көңілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мүң ұмытылып, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да қатты қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың жолы біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса, бәрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.

Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі — қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді.

Бекіту кезеңі:

  1. Өмірдің мөні неде?
  2. Бакыт дегенді қалай түсінеміз?

Сабақты қорытындылау: Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады.

Адамға еркіндік, демократия, материалдык және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §5-6, Еркін жазу

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ:  8

  Күні:

Тақырыбы: Қоғам ұғымы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қоғам ұғымы туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Қоғамды құраушы бөліктер.
  2. Қоғамдық қатынастар.
  1. Қоғамдық қатынастардың мазмұны

Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды «адамзат қоғамы» деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның «Жер» деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Қоғам дегеніміз — материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен бір-бірімен өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.

Қоғамды құраушы бөліктер.

Қоғамдар қызметіне қарай толып жатқан өрекет түрлерімен — саясатпен, шаруашылықтың белгілі бір түрімен, саудамен, табиғатты қорғаумен, мәдени және рухани шаралармен айналысуы мүмкін. Барлық қоғамның әлеуметтік негізі, түпкілікті ұясы — отбасы болып табылады.

Қоғамдық қатынастар.

Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қоғамдық қатынастар деп аталады.

Қоғамдық қатынастардың мазмұны. Мазмұнына қарай коғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі. Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктер өндіру адам қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан өндірістік қатынастар саяси, құқықтық, адамгершілік, діни және басқа қатынастардың сипатына тура әсер етіп отырады.

Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:

а) адам мен адам арасындағы;

ө) қоғам мен жеке адам арасындағы;

б)  қоғам мен коғам арасындағы;

в)   қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарға бөліп
қарастыруға болады.

Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары. Қоғам көп қырлы, күрделі объект. Сондықтан оны зерттеу әдістері де алуан түрлі. Солардық бірі-адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру.

Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын: ұлтқа дейінгі және ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Ұлтқа дейінгі қауымдастықтарға ру, тайпа, ұлыс жатады.

Ру—туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастығының өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы. Ол ежелгі адамдардың экономикалық қатынастарын арқау ете отырып қалыптасады.

Тайпа — адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның түзілуіне рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны да көсемдері, ақсақалдары басқарды, белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ тілі, дәстүрлері болды. Мүліктік теңсіздіктің шығуы, ақсүйектердің халық бұқарасынан ажырауы, қолбасылар рөлінің артуы тайпаның ыдырауына себеп болды.

Ұлыс —адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттың түзілімінің алдындағы баспалдақта турған сатысы.

Ұлт — белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт-дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы

Халық. Қазақстан халқы дегенде, біздің ойымызға республика аумағын мекен еткен қазақ ұлтының және одан өзге этностар мен диаспоралар өкілдерінің жиынтығы оралады.

Халық деп белгілі бір географиялық ортаға (әкімшілік бірлікте, мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде) тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

Бекіту кезеңі:

  1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
  2. Қоғам жөне оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша  тұжырымдаңыздар.

 

Сабақты қорытындылау: Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды «адамзат қоғамы» деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның «Жер» деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §7, 3-6 тапсырма


 

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 9

  Күні:

Тақырыбы: Мемлекет

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мемлекет туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

sabaktar.kz