АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

Суббота, 5 Ноябрь, 2016

АДАМ ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР 1 ЖЫЛҒА ТОЛЫҚ

www.sabaktar.kz

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Адам
МақсатыКүтілетін нәтиже Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тарих пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Ойыншықтар үлестіріледі 

 

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына  сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философияәлеуметтанупсихология,физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр (ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау, яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады
Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасауОқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс БББ кестесі 

Білем Білдім Білгім келеді
 

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс  

 

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Адам  өмірінің  ерекшеліктері
МақсатыКүтілетін нәтиже Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тарих пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетінежақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

 

Өткен сабақта саған не әсер етті?

Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасауОқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Рефлексия Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктеріАдам — табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» — деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден — оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден — адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам — ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Әр адам –қайталанбас тұлға
МақсатыКүтілетін нәтиже Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тарих пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар үлестіріледі  Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Даралық. Жеке адам. Тұлға және оның қалыптасуы.
Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады.
Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі «Мен»-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді.Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Шығармашылық тапсырма

1-топ

Сөзжүмбақ

2-топ

Ребус

3-топ

Тест құрастыру

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасауОқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс БББ кестесі 

Білем Білдім Білгім келеді
 

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс  

 

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Адамның қызметі
МақсатыКүтілетін нәтиже Тақырыптың  маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тарих пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Ойыншықтар үлестіріледі 

 

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына  сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту «Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, алайда содан бері оның  әлі нақты анықтамасы жоқ. Себебі ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ деп ойлаймыз. Дегенмен, адам — қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклас­сиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционал­шыл­дықтар және т.б. келіседі.  Адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзіне және қоғамға қажеттерінің барлығын өзі өндіреді. Адам — өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмыл­дырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты ретінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теория­ның басты, негізгі категориясы ретінде  қарастырылады. Соны­мен, адам капиталы — экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды  іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылар­дың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды, еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — адамның тұтыну күшінің қызметі.
Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасауОқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мәтінмен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс БББ кестесі 

Білем Білдім Білгім келеді
 

 

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс  

 

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

www.sabaktar.kz

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *