ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОМЖ

Понедельник, 26 Декабрь, 2016

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ОРТА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ОМЖ

www.sabaktar.kz

Қазақстан тарихынан әңгімелер   5-сынып

 

Сабақтың тақырыбы және оқытудың негізгі мақсаттары

(нені үйренеді?)

Сағат саны

 

Мерзімі Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

(қалай үйренеді?)

Оқу нәтижелері

(нені үйренді?)

Сыныптағы өзара әрекеттестік Үйрену барысын бағалау Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар
 

І бөлім                                                Тарих әлемі (2 сағат)

 

1.         

Тарих  туралы түсінік

 

Мақсаты:

Тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптасу тарихымен танысады. Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы маңызын ұғынады.

 

1    

СТО,  ой-қозғау, топтық жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік оқыту, картамен жұмыс, уақыт сызығы

 

Оқушылар тарих жайлы қалыптасқан түсініктерін топпен талқылайды, біледі, терминдермен, даталармен және картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамиды.

 

Жұптық және топтық жұмыс негізінде әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдылары дамиды

 

Формативті бағалау

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

 

 

 

2.         

Тарихи жәдігерлер

 

Мақсаты:

Тарихи дерек дегеніміз не, оның түрлері, олар қалай пайда болады. Археология, этнография ғылымдары нені зерттейтіндері, олардың тарих ғылымын терең меңгерудегі маңызы туралы білім алады.

1    

Топтық жұмыс, СТО-дың 3 фазасы

еркін жазу,

ойын әдістері,

 

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.

Топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.

Жаңаша тәсілдер арқылы пәнге қызығушылығы мен оқу қабілеттері артады.

 

 

 

 

 

Топтық жұмыстар жасай отырып, жақын арадағы даму аймағы қалыптасады.

 

Формативті бағалау

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

үлестірмелі материалдар

ІІ бөлім                                            Тарихқа саяхат (14 сағат)
3.        Адамның шығу тегі

 

Мақсаты:

Адамның пайда болуы туралы эволюциялық жөне діни ілімдердің калыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы білім беру.

1    

Блум таксономиясы; СТО стратегиялары, топпен жұмыс

 

Салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой корытындылай білу қабілеттері дамиды.

 

Кері байланыс орнайды, ынтымақтаса жұмыс жасайды.

 

Критериал-ды бағалау

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

үлестірмелі материалдар

4.        Қазақстан территориясындағы тас дəуірі кезеңі

 

Мақсаты:

Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дөуіріндегі Қазакстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім алу.

 

1    

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, СТО элементтері, кластер қорғату,

Кестемен жұмыс

 

Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра біледі, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамиды  

Өздігінен оқуға қол жеткізеді

 

Топты бағалау

 

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

үлестірмелі материалдар,

5.        Қазақстан территория-ғы қола дəуірі

 

Мақсаты:

Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу.

 

1    

Топтық жұмыс, СТО элементтері, постер қорғату, ақпараттық оқыту, сәйкестендіру

 

Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.

Ашық сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойланады.

 

Топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.

 

 

Өзін-өзі бағалау

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

үлестірмелі материалдар бейнебаян

6.        Сақ тайпалары

 

Мақсаты:

Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен танысады.

1   .

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту,  дарынды және талантты балаларды оқыту ақпараттық оқыту,

 

Топтық жұмыс негізінде ынтымақтаста жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.

 

 

Қабілеттері әртүрлі оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар.

талантты және дарынды оқушыларға кеңейтілген, дамытушы тапсырмалар бере отырып ынталандыру.

 

Формативті бағалау

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

үлестірмелі материалдар бейнебаян

7.        Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары

 

Мақсаты:

Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім алады.

 

1    

Топтық жұмыс, СТО элементтері, кластер,

БҮҮ, ақпараттық оқыту, венн диаграммасы,

ойын әдістері.

 

Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

Сандық технология-да құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі.

Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады. Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады.

 

Қабілетті оқушылармен араласу арқылы жақын арадағы даму аймағы қалыптастады.

 

Өзін-өзі бағалау

 

Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар,

үлестірмелі материалдар бейнебаян

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *