МАТЕМАТИКА 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңа бағдардамада обновленка

Вторник, 27 Июнь, 2017

МАТЕМАТИКА 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңа бағдардамада обновленка

www.sabaktar.kz

 

Математика   5 -сыныпқа арналған қысқа мерзім жоспары

Аптасына  5 сағат, барлығы 170  сағат

 

 Күні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Натурал сандар және нөл     Сабақ 1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.1.1

натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.2

тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;

 

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқушылар натурал сандар  жайлы түсніктерін қолданып есептер шығаруға үйренеді

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйренеді, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамытады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқушылар натурал  сандар ұғымын  біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдаланады

Сабақтың мақсаттары Оқушыларға натурал сандарды жазу жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру
Жетістік критерийлері  Оқушылар натурал  сандар ұғымын  біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдаланады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер,информатика сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік санау
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы  топқа бөлу

Алтын ереже құру  қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар  таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар  арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу

Оқушыларға жарыс  ретінді топпен сайыстыру мақсатында тапсырмалар беру

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен  тақырыпты еске  түсіруге байланысты бірненше сұрақтар дайындау

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою

Блалар сендер натурал сандар   дегенді қалай түсінесіңдер

Қандай  натурал сандарды білесіңдер?

Натурал сандар жиынын атаңдар?

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

Табыс критерийлері Берілген анықтамаларды біле отырып тапсырмаларды орындайды

Натурал сандарды біледі

стикерлер
Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

Топтастыру»  арқылы жалыпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекетіне балайнысты сабақты талдау  есептер шығарту

Сандарды кластарға бөліп жазыңдар.
1) 46870 – 46 мың 870                                 3) 8215734 – 8 млн 215 мың 734
2) 315600 – 315 мың 600                             4) 246047000505 – 246 млрд 47млн 505

Санауда қолданылатын 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, … сандары Натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан. Бастауыш сыныптарда натурал сандарға амалдар («+», «-», «*», «/») қолдануды үйренгенсіңдер. Натурал сандарға амалдар қолдануды еске түсіріп, қайталайық.

1 топ

            № 1 есеп.

            Есептеңдер.

1)      37 * 42 – 1461 = 1554 – 1461 = 93;

2)      728 : (617 – 526) = 728 : 91 = 8;

3)      1541 :  23 – 21 * 3 = 67 – 63 = 4;

4)      900 : 15 + 640 : 16 = 60 + 40 = 100;

5)      202 * 39 – 2952 : 41 = 7878 – 72 = 7806;

6)      (871 + 433) * 7 – 9120 = 1304 * 7 – 9120 = 9128 – 9120 = 8.

 

2 топ

            № 2 есеп.

1)      х + 85 = 1440 : 15

х + 85 = 96

х = 96 – 85

х = 11

11 + 85 = 1440 : 15

96 = 96

 

2)      64 + у = 12 * 8

64 + у = 96

у = 96 – 64

у = 32

64 + 32 = 12 * 8

96 = 96

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.  1)  23; 429; 81 923; 139 989; 299 999 натурал санынан кейінгі;  2)  29; 729; 1 00; 872 100 натурал санының алдында келетін 5 натурал, 3 жұп, 23 тақ   натурал санды атаңдар.

2.  Сандарды цифрмен жазыңдар:

1) елу екі мың алты жүз екі;                          2) тоғыз жүз жеті мың төрт жүз жиырма бес;

3) екі миллион он мың тоғыз;                        4) жеті миллион бір мың төрт.

3. Кітаптан төменде көрсетілген номердегі есепті шығарыңдыр:

№ 4.  Мәтінде кездесетін сандарды цифрмен жазыңдар:

4.  11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 312; 474; 558; 327; 441; 777 сандарының арасынан                                а) жұп сандарды                                         ә) тақ сандарды теріп жазыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

1.  1) 4, 5;  2) 1, 2, 3 цифрларын қолданып, барлық екі таңбалы санды жазыңдар. Олардың арасында              а) жұп сан;  ә) қанша тақ сан бар?

2. Сандарды  разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар:

1) 91=______________________                    2) 384 =_____________________

 

 

3) 4295=____________________                   4) 59231=___________________

5) 50 =______________________                  6) 290075=___________________

3. a) 5 және 21;   ә) 229 және 343;   б) 1001 және 1441 сандарының арасында қанша натурал сан орналасқан?

а)5 және 21______________1,2,3,4,5,6…21________21-4 = 17 сан___________

 

ә) 229 және 343______________                                б) 1001 және 1441____________

 

 

 

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Табыс критерийлері Тақырыптың мағанасын түсінеді, топпен есептер шығарады стикерлер
Сергіту сәті

1 минут

  Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы

16 минут

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

Топтарға шығармашылық тапсырма:

№ 1есеп. Мына сандарды кластар атауымен жазыңдар.

1) 70563 – 70 мың 563

2) 4036008 – 4 млн 36 мың 8

3) 435072601 – 435 млн 72 мың 601

4) 8617500324 – 8 млрд 617 млн 500 мың 324.

№26 есеп. Қандай сан разрядтық қосылғыштардың қосындысы ретінде жазылған.

1) 9∙100 + 6∙10 + 5 = 965

2) 5∙1000 + 7∙100 + 3∙10 + 6=5736

3) 8∙10000 + 5∙1000 + 4∙100 + 2=85402

4). 7∙10000 + 3∙1000 + 9∙10 + 4=73092

№ 3 есеп. Есептеңдер.

1) (3377+783):8=4160:8=520;

2) (2465-917):18=1548:18=86;

3) (1401+975):24=2376:24=99;

4) 45∙28 – 290=1260-290=970;

5) 16∙39:24 + 74=26+74=100;

6) 330:22∙8 – 30=15∙8-30=120 – 30=90;

 

Қортындылау.

—          Натурал сандар не үшін қолданылады?

—          Ең кіші натурал сан неше?

—          «+», «-» амалдарының компоненттерін ата;

—          «*», «:» амалдарының компоненттерін ата.

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.

 

Бас бармақтар

Табыс критерийлері Білімдік денгейлерін жетілдіреді, тапсырманы жинақтайды стикерлер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алавды

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Математикаі сабағында

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 Күні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Координаталық сәуле.               Сабақ 2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.3.1.1

өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;

5.5.2.2

натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

5.1.2.1

Сабақтың мақсаттары Бүгін сабақта оқушылар координаталық сәуле ұғымымен танысады және координаталық сәуледе натурал сандарды кескіндеуді үйренеді.
Жетістік критерийлері  оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады;

тақырып мазмұнын өздігінен ізденіп, топ жұмысына белсене араласып, өзін өзі реттеуді қалыптастырады;

оқушылар алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өздіктерінен  жұмыс жасай білуге үйренеді;

есеп шығару, салыстыру, талдай білу дағдылары қалыптасады;

Координаталық сәуленің бойында нүктелерді кескіндеуді үйренеді

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Сурет өнер
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Табиғатқа саяхат. .
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

—           Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.  3 мин

. Өткенді пысықтау топпен

 

Сандарды жаз Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз
4 мыңдық, 5 ондық, 7 бірлік 4 000 + 000 + 50 + 7 = 4 057
30 мыңдық, 4 жүздік, 2 бірлік 30 000 + 400 + 00 + 2 = 30 402
2 жүздік 200
7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік 700 + 50 + 6 = 756
9 жүздік 900  + 00 + 0 = 900
3 897 – нің алдындағы сан. 3 000 + 800 + 90 + 6 = 3 896
9 389 – дан кейінгі сан 9 000 + 300 + 90 + 0 = 9 390
7 мыңдық 9 жүздік, 5 бірлік 7 000 + 900 + 00 + 5 = 7 905
3 мыңдық 3 000 + 00 + 0 = 3 000
2 мыңдық 5 жүздік 2 000 + 500 + 00 +0 =2 500

 

. Өткенді қайталау

(дербес жұмыс)

Х ∙ 9 = 12 ∙ 6           у + 452 = 155 ∙ 5      63 ∙ у = 63 ∙ 3 ∙ 0         80 ∙ а = 1 000 – 680

Х ∙ 9 = 72          у + 452 = 775                63 ∙ у = 0                          80 ∙ а = 320

Х = 72 : 9        у = 775 – 452                   у = 0 : 63                          а = 320 : 80

Х = 8                       у = 323                             у = 0                                 а = 4

8 ∙ 9 = 72        323 + 452 = 775               63 ∙ 0 = 63 ∙ 0                     80 ∙ 4 = 320

 

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

Табыс критерийлері Тақырыпты түсіне отырып есептерді шығарады стикерлер
Сабақтың ортасы

8 минут

 

А. Ұзындықбірлігі ретінде кез келген кесіндінің ұзындығын алуға болады. О А ОА- бірлік кесінді
О К О-координаталар басы
0 1 2 3 4
Оқылуы : К(3) — К нүктесінің координатасы 3-ке тең.
Есептер шығару.
.Ауызша .
1)А,С,Д нүктелерінің координаталарын табыңдар (14- сурет)
А(4), С(9),Д(10)
2) E,F,L,M,N нүктелерінің координаталарын табыңдар (14- сурет)
E(10),F(50),L(140),M(110),N(70).
.Ауызша.
1)P(10), S(40),T(50),Q(110)
2)X(60),Y(150),Z(270).
Топтық жұмыс

.Бірлік кесіндінің ұзындығы ретінде 1 см-ді алып, координаталық сәулені салыңдар және А(3), В(7), С(9) нүктелерін кескіндеңдер.
.Координаталық сәуледеА,В,С,Д,Е нүктелері берілген.(18-сурет).1)С нүктесінің сол жағында; 2) В нүктесінің оң жағында орналасқан нүктелеріді атаңдар.
Жауабы: 1)С нүктесінің сол жағында В,Е нүктелері орналасқан;
2) В нүктесінің оң жағында С,Д,А нүктелері орналасқан.

Оқулықпен жұмыс істеу арқылы постер жасайды.

Келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Қандай кесінді бірлік кесінді болу мүмкін?
  2. Координаталық сәулені қалай саламыз?

Координаталық сәуледе А(3) нүктесін кескіндейді.

«Координаталық сәуле» деген сөзге «синквейн» жасау.

№1 Өздеріңнің қалауларыңша бірлік кесіндіні таңдап алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында: K(1), L(3), N(7), P(10) нүктелерін белгілеңдер.

2. Бірлік кесінді ретінде ұзындығы 1 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында 2, 6, 8 және 9 сандарын кескіндейтін A, B, C және D нүктелерін белгілеңдер. OA, OB, OC және OD кесінділерінің қзындықтарын сантиметр есебімен табыңдар.

№3. Егер Мақсат 4 марка сатып алса, 20 тг ақшасы артылып қалады. Ал 6 марка сатып алу үшін 220 тг ақшасы жетпейді.

·         Марканың бағасы неше тг?

·         Мақсатта неше теңге болды?

Таныстырылы м, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы

16 минут

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

 

 

Кез келген кесінді сыздырту.

Сәуле сыздырту

Координаталық сәуле дегеніміз не?

Координаталық нүкте дегеніміз не?

Координаталық басы дегеніміз не?

Жұппен жұмыс. Меңгеру

 

Сыни тұрғыдан талдау (жұппен жұмыс)

Кері байланыс.

 

Қортындылау.

1. Координаталық сәуле қалай сызылады?

2. Координаталық сәуленің санақ басы ретінде қай нүкте алынады?

3. Бірлік кесінді деген не?

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

 

  1. Тақырыпты өздігінен талдап, шешім шығара білуі
  2. Есеп шартын талдай алуы

(Берілгені, табу керек, шешуі, жауабы деген этаптарын толық анықтай алуы)

3.      Амалдарды орындау реті және орындалуын білуі

  1. Жеке тапсырмаларды орындауы
  2. Топ жұмысына белсене араласуы
 

Смайликтер

Табыс критерийлері Дұрыс шешім қабылдауға  талпынады  
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Математика сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

 

 

Сандарды жаз Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз
4 мыңдық, 5 ондық, 7 бірлік  
30 мыңдық, 4 жүздік, 2 бірлік  
2 жүздік  
7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік  
9 жүздік  
3 897 – нің алдындағы сан.  
9 389 – дан кейінгі сан  
7 мыңдық 9 жүздік, 5 бірлік  
3 мыңдық  
2 мыңдық 5 жүздік  

 

 

 

 

 

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *