ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

Четверг, 27 Июль, 2017

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ жаңартылғын обновленка

www.sabaktar.kz

Жаңартылған оқу бағдарлама негізіндегі

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша

5 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы адам қалай пайда болды

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  5

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5.1.1.1 – түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2 – адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік  

 

Алғашқы адам

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Өткенді пысықтау
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын  топ құрамындағы оқушылар саны бойынша  беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек.  Олар парақтың ортасындағы шеңберге  өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге  өздерінің өмірінде маңызы бар  бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

 

1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер

 

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.

Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка — Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.

Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды.

Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.

Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.

Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.

Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген.

Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды.

Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді.

Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады.

Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды.

Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.

Сойтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.

 «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша  өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар  алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Алғашқы адам қалай пайда болды?

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Адамзат баласының шығуы. Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан табылып 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты. В) Алғашқы адамдардың кәсібі. Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды. С) Алғашқы адамның қазақстандағы іздері. Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді. Д) Еңбек құралдары. Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі – қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты. Е) Отты пайдалану және жердің сууы. Бұдан 100 мың жыл бұрын Жет беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Ғалымдардың айтуынша, оның қалыңдығы екі километрге жеткен. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастайды.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

 

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

 

Сергіту сәті

2 минут

«Қара жорға» биі видеожазба
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

А) Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

В) Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек

құралдары туралы әңгімеле?

С) Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп

ойлайсыңдар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

 

Оқушының аты-жөні «Жария

лау» әдісі

«Салыстыру кестесі» «Ыстық орын

дық» орындық әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Балл
           
           
           
           
           
           

 

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық шеңбер

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *