Дидактикалық материалдар | Сарамандық тапсырма

Среда, 4 Январь, 2017

Дидактикалық материалдар  (5-7 сыныптар)  Кіріспе

Тілде талай – талай қызық, алуан сыр бар.Оны тек тіл ғылымын терең түсінген ғана біледі.Ол үшін ерінбей,жалықпай оқу керек.

Біздің ана – тіліміз сөздік қоры бай, мағынаға мол,оралымды тіл.

Тіл қоғаммен бірге жасайды.Қоғам жаңарып, тіліміздің қорына жаңа сөздер енеді.Сөздердің жасалуы бір заңдылықпен жүзеге асады.Сондықтан оқушыларға тіл сабағын қызықты да тартымды өткізу керек.Ол үшін сарамандық тапсырмалар, қызықты ойындар жиі жүргізілуі қажет.

Сөйтіп, әр тарауға, әр тақырыпқа құрылған сарамандық материалдар көп шығарылса, тіл мен әдебиетке деген қызығушылық артар еді демекпін.

Сарамандық тапсырма

Зат есім

№ 1

Берілген сөздерден туынды зат есімдерді тауып астын сыз.

Тау, егін, егемендік, әжесі , қайырымдылық, келін, күрек, балта, зауыт, оқулық,  ұшқыш, дәптер, бор, дабыл, бәйге , жылан.

№2

Төменде берілген сөздерді бірде заттық, бірде сындық, бірде етістік мағынасында қолданып, сөйлем құрастырып жаз.

Үлгі: Жаз болды. Сен дәптеріңе жаз. Жаз, күл, тақ ,жақ, ақ.

№ 3

Жалпы есімдерді тауып, астын сыз.

Тау, Алтай, Гүлнұр, дәптер, оқулық, Шолпан, батыр, сен, адам, өсімдік, Қарағанды, Алатау.

№ 4

Берілген сөйлемді оқып, зат есімдерді тап. Мағынасын түсіндір.

  1. Ала мысық алаңсыз еді. 2. Смағұлдың ұйқысы шайдай ашылды. 3. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. 4. Бөлме іші тым – тырыс. 5. Жұрт әлгі әншіні сахнаға шақырады.

№ 5

Ілік септігінің жалғаулары жалғанатын сөздерді ойлап жаз.

№ 6

Берілген сөздерге оның тұсындағы жұрнақтардың тиістісін қойып, олардан басқа мағыналы  зат есімдер пайда болғанын аңғар.

Оқу, егін, өн                                                   — шылық, — іс,– лық.

Шаруа, өндір                                                  — ші, — ім, — ын

Су, ер, от                                                        — шылық, — ғыншы

қу, біл, жақсы                                                  — лық, — лік, — ім

№ 7

Атау тұлғада тұрып көптік мағына білдіретін қандай сөздерді білесің.  Мысал келтір.   Үлгі: халық, шаш.

№ 8

Сөйлем ішінен тәуелденіп тұрған зат есімді тауып, түсіндіріп айт.

  1. Әкесі қауын егіп, күрке жасады. 2. Азанда оянсам, апам күндегідей мақталыққа кетіп қалыпты. 3. Ала мысықтың төсегі жұмсақ. 4. Дәулет көкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты. 5. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен. 6. Ол – денесі шағын, түсі солғын, қара жолағы мен секпілі бар әдемі, қоңыр торғай.

№9

Берілген мысалға талдау жасап, тәуелдіктің бірінші жағынан кейін жіктік жалғауының қай жағы жалғанғанын түсіндір

Сен шәкіртімсің                                                 Сен інімсің

Сен жиенімсің                                                    Сен ағамсыз

Сіз ұзтазымсыз                                                   Ол ағам

Сендер шәкірттерімсіңдер.Сендер ағаларымсыңдар.

Сіздер ұстаздарымсыздар.Сіздер жерлестерімсіздер.

№10

К әрпімен басталып, сол к әрпіне аяқталатын

зат есімдер тауып, берілген шақпақты кім тез толтыра алады?

1.1,2,3 және 5 буыннан құралған бес зат есім.

2.Құрамында 3 а дыбысы келетін бірнеше сөз тауып жазыңдар.

3.Сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған.Берілген сөздің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қойыңдар.

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *