БИОЛОГИЯ 7 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ ҚМЖ

Четверг, 22 Декабрь, 2016

БИОЛОГИЯ 7 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ ҚМЖ

www.sabaktar.kz

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлар дүниесін қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Зоология — (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Мағынаны тану  Зоология — (зоо… гр. logos – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар.
Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекиядадамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымыА.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды.

 

Ой толғаныс 1.Зоология дегеніміз не?
2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?
3.Зоология сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
     

 

 

 

 

 

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Сабақты бастамас бұрын жануарлар әлемі туралы видеоролик көрсетіледі. Осыдан сұрақ туындайды: 1. Жануарлардың өсімдіктермен салыстырғанда саны қанша? 2. Неліктен әрбір жануарлардың сыртқы пішіндері әртүрлі? Греция ойшылы Аристотель б.з.д. 384-322 жж аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген. Карл Линней (1707 – 1778) Қосарлы атаутізімді енгізді. Мысалы: Ақ түбітті үйқоян, Күміс түсті үйқоян, Ақкіс үйқояны. «Ақ түбітті», «Күміс түсті», «Ақкіс» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Барлығына ортақ – екінші атау «Үйқоян». Жозеф Питон де Турнефор (1656-1708). ХVІІ ғасырдың соңында класс ұғымын енгізді. 1825 жылы француз зоолог-анатомы Анри Мари Бленвиль «Тип» терминін ұсынды. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасы: түр туыс тұқымдас отряд класс тип жануарлар дүниесі Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеудегі айырмашылықтар: Өсімдіктерде Жануарларда Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі Ашықтұқымдылар бөлімі Қарапайымдар типі Бүрлі өсімдіктер класы Плазмалылар класы Қылқан жапырақтылар тұқымдасы Тамыраяқтылар тұқымдасы Қарағай туысы Амеба туысы Түрі – кәдімгі қарағай Түрі – кәдімгі амеба
Мағынаны тану  Тест 1. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы

А) ботаника в) зоология С) гельминтология Д) Анатомия

2. Жүйелеудің атасы деген атқа ие болған кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк

3. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр

4. Класс ұғымын енгізген кім? А) Бленвиль в) Турнефор С) Линней Д) Ламарк 5. Төменгі сатыдағы жануарларды тап. А) қандауырша в) құстар С) сүтқоректілер Д) балықтар 6. Омыртқасыз жануарларды тап А) жорғалаушы в) қосмекенділер С) бунақденелілер Д) қабықтылар

7. Ғаламшарымыздағы жануарлар саны А) 1млн в) 1,5млн С) 1,5мың Д) 1мың

8. Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады? А) Жіктеу в) Жүйелеу С) топтау Д) Біріктіру

9. Жүйелеудегі ең жоғарғы өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр

10. Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк V. Жұмбақ жануарлар

1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. (қораз)

2. Бұл үй жануары Библияда аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. (Мысық)

3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)

4. Бұл таңғажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. (Кенгуру)

5. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді. (Кірпікшелі кебісше)

Ой толғаныс 1. Жануарларды дене құрылысының ерекшеліктеріне байланысты неше топқа бөледі? 2. Желілер типі деп неге аталған?

3. Адамдар жануарларға жата ма?

 4. Қосарлы атаутізімді енгізген және жүйелеудің атасы деп кімді айтаыз?

 5. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасын ата
Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
   

 

 

 

 

 

 

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология,териология бөлімдері бар.[1]

Алға қой өлінеді. Олар жануарлар систематикасы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар экологиясы, филогениясы, этологиясы, зоогеографиясы, палеозоологиясы. Зерттеу объектілеріне байланысты З. протозоология, омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы, ал оның ішінде, гельминтологияға, малокологияға, карцинологияға, энтомология, ихтиология, герпатология, орнитология, териологияга бөлшектенеді. Жануарларды суреттеп жазу ерте дүниеде жүргізілген. Бұл істер Ерте Грекиядан басталады да, негізінде Аристотельдің еңбектерімен байланысты. Ол 500 жануарлар түрін сипаттап, оларды жіктеген. 16-17 ғасырда жануарлар әлемі жөнінде мол мағлұматтар жиналған. Микроскоптың пайда болу нәтижесінде көзге көрінбеитін жануарлар әлемі зерттеле бастаған. Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемінің жіктелу негізі 17 ғ. мен 18 ғасырдың бірінші жартысында Дж. Рей мен К. Линней еңбектерімен қаланды. Ч. Дарвин, органикалық элемнің эволюциялық теориясымен З. өзіндік үлкен үлесін қосқан. Ол «Бигл» кемесімен дүниежүзілік саяхатының нәтижесінде 1839 ж. «Ізденіс күнделігі» атты еңбегін жариялады. Бұл еңбектерінде ол бірінші рет оңтүстік американдық және аралдардағы кемірушілер, жыртқыш құстар, кесірткелер, бақалар т.б. жануарларды сипаттап жазған. Оның З. аса маңызды еңбектері: маржан рифінің жаратылу тарихы «Зоология», (1-5 том, 1839-1843 жж.), және «Мұртаяқты шаяндылар», (1-2т. 1845). Зоологияның дамуына көптеген ғалымдардың еңбектері үлес қосты. Олардың арасында аса көрнекті ғалымдар: Ж.Л. Бюффон, Ж. Кювье, Э. Жоффруа Сент-Илера, П.С. Паллас, Жан Батист Ламарк, К.Ф. Рулье, К. Вольф, К.М. Бэр, А. Уоллес, Р. Оуэн, Э. Геккел, Ф. Мюллер, А.О. және В.О. Ковалевскилер, И.И. Мечников, М.А. Мензбир,И.И. Шмальгаузен, В.Н. Беклемишев т.б. бар. Қазіргі уақытта салыстырмалы зерттеулермен қатар, 3. жануарлардың физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясының ерекшеліктерін экспериментальдық зерттеулер арқылы анықтауда. Зоология, жануарларды қорғау және пайдалану, ауыл шаруашылық өсімдіктерімен орман шаруашылығына, тағамдық және өндірістік қорға зиян келтіретін, сондай-ақ адамдар мен жануарларға қауіпті ауру коздырушыларын тасымалдаушылардың санын реттеудің ғылыми негізі болып табылады. Қазіргі заман зоологиясы медицина, ауыл шаруашылық және ветеринариямен тығыз байланысты, ал оның кейбір бөлімдері паразитология, гидробиология, эпизоотология, эпидемиология құрамына енеді.

Мағынаны тану  1-топ

Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі. Қазақстанға 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П.С.Паллас құс пен аңның 41 түріне, Э.А.Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ Н.А.Северцовтің «Түркістан жануарларының таралуы», П.П.Сушкиннің «Қырғыз даласының құстары», Н.А.Зарудныйдың «Арал теңізі құстары», т.б. ғылыми еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды. 20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ҒА-ның Зоология институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары (К.И.Скрябин, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, Б.С.Виноградов, В.А.Селевин, т.б.) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары

2-топ

Жетісуда көрнекті ғалым В.Н.Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде ол «Жетісу сүтқоректілері» (1936) және «Жетісу құстары» (1949) атты ғылыми еңбектерін жариялады. 20 ғасырдың 30-жылдары Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, т.б. белгілі ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде «Арал теңізі балықтарының паразиттері» (1934) және «Каспий теңізі балықтарының паразиттері» (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі зерттеулер КСРО ҒА-ның қазақстандық базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды. Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология институтында жүргізілді. Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары», (1956), «Қазақстан құстары» (1–5 т., 1960–74), «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1–2 т., 1962–63), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., 1969–85), «Қазақстан балықтары» (1–5 т., 1986–92), «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытылған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы жануарларды халық ш-нда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді.

3-топ

Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев, Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.б-лардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі.

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
     

 

 

 

 

 

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Пәні биология Сынып 7
Сабақтың тақырыбы Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы.
Жалпы мақсаты Білімділік:Амебаның сыртқы құрлысы,және олардың көбейуі туралы жалпы түсінік беру.

Тәрбиелілік:оқушыларды өз бетинше ойлауға тәрбиелеу.  Жинақтылыққа, зейін қоя білуге үйрету.                                               Дамытушылық:,Саркодиналар типіне жататын ,денесінің арасындағы  айырмашылығы   туралы  толық білуге, қызығушылығын   дамыту .

 

Сілтеме Биология  7«Атамұра» 2012, қосымша әдебиеттер: әдістемелік нұсқаулық «Алматы»

Қосымша әдебиеттер:

Биология «Алматы» 2007ж

Ғаламтор жүйесінен іздену:

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс әрекеті Оқушы іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру

 

Амандасу

Топқа бөлу

Суреттер арқылы  топқа  бөлу

Әр топта берілген суреттер бойынша бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру «сұрақ қою, қайта сұрақ қою»әдісі. Оқушылар берілген тапсырмаға мұқият жауап береді.  Және бір бірімен пікір алысады.

 

Таныстырылым Слайд арқылы бірнеше суреттер тақырыпқа байланысты көрсетеді

 

 

 

 

 

Сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашады  және бейне таспа корсетіледі.
Жаңа сабақты меңгеру

 

Постер орындау

1 Амеба.

2 Циста

3. саркодиналар

Оқушылар  берілген постермен жұмыс жасайды.
Жаңа сабақты бекіту  «Семантикалық кара» әдісі. Дәптермен жұмыс

 

 

Бағалау Берілген критерий бойынша оқушылар өз өзін бағалайды Әр сұраққа жауап беріп оны бағалау критерийі бойынша топ басшысы бағалап отырады.
Үй тапсырмасын түсіндіру §5 Кәдімгі амеба организм екендігі.        Сыртқы және ішкі құрылысы. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген  қарапайым жәндік.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Ботаниктер балдырлар бөліміне, ал зоологтар қарапайым жәндіктерге жатқызатын, өсімдік пен жануарлардың туыстастығына айқын дәлел бола алатын біржасушалы жәндік — жасыл эвглена. Бұлардың 900-ге тарта түрлері белгілі, Бұрынғы КСРО-да 430 түрі мекендейді. Кейбір түрлері осмостық қысым және фототәсілмен қоректенетіндіктен, жасыл эфглена қарапайымдар класына жатады.
Мағынаны тану  Жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы

Дене тұрқы 4-500 микро миллиметрден аспайтын жасыл эвгленаны органикалық заттары мол тұщы су қоймалардан, жағаға жақын су түбінен жиі кездестіруге болады. Эвгленаның пішіні сүйір жапыраққа ұқсас, дененің алдыңғы жағы доғалдау, артқы жағы сүйірлеу келеді. Амеба тәрізді эфгленаның денесінде де нақтылы қабықша болмайды, цитоплазмасы дене пішінін сақтайтын тығыздау келген сыртқы қабатпен қапталады. Сондықтан эвгленаның дене пішіні өзгермейді. Біржасушалы эвглена денесінің алдыңғы жағынан ойыс байқалады. Бұл- эвгленаның жұтқыншағы. Жұтқыншақта жіп тәрізді жіңішке талшық орналасады. Талшық — цитоплазманың созындысы, эвгленаның қозғалу мүшесі. Эвгленаның алдыңғы жағындағы талшық ширатылып, тарқатылғанда және толқындана иілген кезде жәндік доғал жағымен алға қарай жылжиды.

Қоректенуі

Микроскоппен қарағанда эвгленаның жасушасынан көптеген жасыл тақташаларды — хлоропластарды көруге болады. Бұл 20 шақты жасыл тақташаларда хлорофилл болғандықтан , эвглена өсімдіктер тәрізді жарықта денесіне органикалық заттарды фотосинтез тәсілімен жинақтайды. Цитоплазмаға жинақталған кенеулі заттарды эвглена ашыққан кезде қорегіне пайдаланады. Бұл- эвгленаның жасыл өсімдіктер тәрізді қоректенуі. Ал денесінде жасыл тақташалар болмаған кезде эвгленалар жануарлар тәрізді тәсілмен қоректенеді, яғни айналасындағы органикалық заттарды денесіне сіңіреді. Бұл кезде эвгленаға судағы шіріген заттардың ерітіндісі қорек болады. Денесінде болатын жасыл тақташалар эвгленаны жасыл етіп көрсетеді, сондықтан жәндік жасыл эвглена деп аталады.

Тыныс алуы және зәр шығаруы

Жасыл эвглена амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады. Зиянды заттар ерітіндісі дененің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуольге жиналып, кейін сыртқа шығарылады.

Жарықты сезуі

Жасыл эвглена жарық әсерін сезе алады. Оның жарық сезу қызметін атқаратын қызыл көзшесі дененің алдыңғы жағында, жиырылғыш вакуольдің қасында, талшықтың түбіне ала жатады. Жасыл эвгленалар әрқашан жарығы мол жаққа көбірек жиналады.

Көбеюі

Жасыл эвглена жыныссыз жолмен, бөліну арқылы көбейеді. Ең алдымен денесінің артқы жағына қарай орналасқан ядросы бунақталып, болашақтағы жас эвгленаның алдыңғы бөлігінде жаңадан талшық пайда болады. Бұдан соң эвгленада екі жұтқыншақ түзіліп, жиырылғыш вакуольдің екіге ажырағаны және екі ядро пайда болғаны байқалады. Эвглена басқы бөлігінен дененің соңына қарай біртіндеп екіге ажырап, денені ұзынынан бойлай екіге бөлінеді. Көбею кезінде эвгленаның денесіндегі жасыл тақташалар да екі еселенеді. Сөйтіп, алғашқы бір эвгленадан жаңа екі жас эвгленалар пайда болады.

Циста түзуі

Басқа қарапайым жәндіктер тәрізді, эвглена да температура кенет өзгергенде, ылғал жетіспей қалған жағдайда, жалпы қолайсыз жағдайларда тыныштық сатысына көшіп, денесінің алдыңғы жағындағы талшығын түсіреді де, тығыз қорғаныш қабықшаға оралып, домаланады. Сөйтіп, эвглена қолайсыз жағдайда осы күйінде циста ішінде өткізеді. Қолайлы жағдай болған кезде эвгленалар қайтадан тіршілігін бастап, цистадан шығады.

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
   

 

 

 

 

 

 

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *