БИОЛОГИЯ 6 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ ҚМЖ

Четверг, 22 Декабрь, 2016

БИОЛОГИЯ 6 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ ҚМЖ

www.sabaktar.kz

Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

6 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат

 

 

Уақыты: Биология

 

Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Кіріспе.

Ботаника — өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Ботаникалық білімнің негізгі қолданылуы.

Жалпы мақсат: Өсімдіктер дүниесін зерттеудің басталуы. Өсімдіктер туралы ғылым — ботаника. Жер бетіндегі өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Биологиялық білімдердің негізгі пайдаланылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда таралған өсімдіктер туралы түсінік.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Биология оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі: Ботаника ғылымымен танысады. Топпен жұмыс,өзіндік пікір айтулары қалыптасады.Ойлау қабілеттері артады. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ажырата алады. Мәтін бойынша постер жасау арқылы сыни тұрғыдан салыстыра біледі
Сабақта қолданылатын материалдар: Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы
Оқыту әдістері:  Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда  АКТ-ны  пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

 

 

Сабақ  барысындағы  мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Шарлардың түстері арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Өсімдік дегенде ойларыңа не келеді? Жазыңдар.  

 

Оқушылар өз білімдерімен бөліседі. Жазады.Талдайды.

 

Мағынаны тану    Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.

1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.

Х.Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев, М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.

Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп. Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп, мақтан тұтуға әбден лайық.

Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар.

Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.

Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.

«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшенде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.

Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б.

«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың  сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.

Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:

Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Оқулықтағы тапсырмалармен жүмыс.

Ботаника ғылымы нені зерттейді?

Тірі ағзаларға не жатады?

Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер

Адамға өсімдіктердің қандай пайдасы мен зияны бар?

Топпен талдау        (3 топта)

i.            Өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктері қандай?

ii.            Егер де адамның қолынан ештеңе келмесе, тек табиғи заттармен ғана өмір сүре ала ма?

iii.            Ал өсімдңктер туралы пікірлерің қандай?

 

 

Сергіту сәті Сергіту сәті «Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен  жасайды
Ой толғаныс

 

«Нақты жауап»  айдары:

Өсімдіктер  туралы түйінді идея.

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды  жасау

Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайдыӘр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.
Үйге тапсырмасын  беру   Кез келген өсімдікті алып зерттеу. Зерттеу жұмысын дәптерге түсіру Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау              Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі  бағалауы
Рефлексия       Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »

 

 

Сабақтың тақырыбы           Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.
Сабақтың  жалпы мақсаты Мәдени және жабайы өсімдіктердің құрылысымен танысу,өсімдік формаларын зертей білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер АКТ-ны пайдалану, топтық жұмыс, қызығушылығын ояту, миға шабуыл, кестемен жұмыс, мағынаны тану, ой толғау, белгі бойынша іздеу, сынақтан өткізу
Күтілетін нәтижесі Балаларладың жабайы және  мәдени өсімдіктер  туралы түсінігі  қалыптасады. Өз бетінше қорытынды жасай алады.Дәрілік өсімдіктердің пайдасын біледі және тұрмыста қолдана алады.

 

 

 

Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер,  көрнекілік-тер
 

1

2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Жылы жүрек-сәттілік, ізгілік тілегі»

Оқушылар шеңбер жасап бір-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіреді Гүлдер
 

2

2 мин Топқа бөлу

Оқушыларды  дәрілік өсімдіктер  арқылы  4 топқа бөлу

1.Адыраспан

2.Жолжелкен

3.Қызғалдақ

4.Сарғалдақ

Гүлдердің суреттері
3 1 мин Бүгінгі  сабақтың критерийлерімен таныстыру

Қызығушылығын ояту Миға шабуыл Мағынаны тану Ой толғау Белгі бойынша іздеу Сынақтан  өткізу
 1 ұпай 4 ұпай 1 ұпай 3 ұпай 5 ұпай 2 ұпай
Бағалау шкаласы

«5»-15 ұпай

«4»-10 ұпай

«3»- 5 ұпай

4 5 мин Үй жұмысын сұрау

Кесте арқылы үй жұмысын сұрау

1 топ.Тірі ағзалардың қасиеті

·         топ.Ботаника ғылымы нені зерттейді

3 топ.Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

4 топ. Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.

 

5

5 мин І.Қызығушылықты ояту.

Венн диаграммасы

-Мәдени және жабайы өсімдіктердің қандай айырмашылығы бар?

Көпжылдық және біржылдық

Венн диаграммасы арқылы оқушылар мәдени және жабайы өсімдіктердің , көпжылдық және біржылдық айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазады Слайд

плакаттар

6 5 мин ІІ. Миға шабуыл

1.Мәдени өсімдіктерге нелер жатады?

2.Бидай неге «негізгі азық түлік өнімі» деп аталады?

3.Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер олардың пайдасы қандай?

 

 

Оқушылар  сұрақтарға жауап береді. слайд
 

7

3 мин ІІІ. Мағынаны тану

Кестемен жұмыс

Көпжылдық                           Біржылдық

Картоп                                пияз

Үпілмәлік

Алоэ                                  Өрік ағашы

Жоңышқа                          Какос ағашы

 

Оқушылар көпжылық және біржылдық өсімдіктерді сәйкестендіреді сызба
8 5 мин 1.      Ойтолғау

1.      Балалар өсімдіктердің адам үшін маңызы қандай?

2.      Өсімдіктер қалай өсіп көбейеді деп ойлайсыңдар?

3.      Мәдени өсімдіктер қандай бағытта өсіріледі деп ойлайсың?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өсімдіктер туралы өз ойларын айтады. слайд
9 10 мин VІ«Белгі бойынша іздеу» жаттығуы

Мысалы, адыраспан, лалагүл, қызғалдақ, алоэ     т.б.

Жеке жұмыс

Әр оқушы өсімдңктерді неге ұқсайтыны туралы өз ойларын қимылдар арқылы көрсетеді

 

10 2

мин

VІ. «Сынақтан өткізу» әдісі

1.      Бахыт бірнеше киллограм алма мен мен пияз сатып алып келді.Пияз 5 кг ал алма қанша кг?

2.      Заравшан аршасы жылына 1,2 см өседі.50 жылда шамамен қанша см өседі?

Топтық жұмыс

Оқушылар топ болып логикалық тапсырмаларды орындайды. Есептердің шешуін тауып, дәлелдейді.

Слайд

А4 парақшалары

11 2 мин VІІ. Рефлексия.

Өткен сабаққа кері байланыс жасау

1.      Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

2.      Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?

3.      Бұл сен үшін неге қиын болды?

4.      Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердің?

 

Оқушылар А4 парақшаларына сұрақтарға жауап жазады А4 парақшалары
12 2 мин VІІІ. Бағалау Сабақтың критерийлері арқылы балаларды әр топтың лидерлері бағалайды, сосын қорытынды баға шығарады Бағалау парақшалары
 

13

1 мин ІХ. Үйге тапсырма.

«Не үйрендім? Нені үйренгім келеді?»

Дәрілік өсімдіктерді жазып келу және зерттеу

Балалар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады. Оқушылар тақтадағы гүлдердің суреттері салынған плакатқа  көбелек пішіндес стикерді жапсырады. стикер

 

 

 

Уақыты: 6 сынып             биология
Сабақтың тақырыбы            Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе ретінде. Тұқымды және споралы өсімдіктер.
Сабақтың  жалпы мақсаты Гүлді өсімдіктердің мүшелерімен, белгілерімен танысу
Әдіс-тәсілдер АКТ-ны пайдалану, СТО, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, “INSERT” әдісі
Күтілетін нәтижесі Гүлді өсімдіктер туралы біледі

Гүлді өсімдіктің мүшелерін сәйкестендіреді табады

Өсімдіктер тірі организ екені туралы мәлімет алады

 

Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер,  көрнекілік-тер
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Биология сабағы.

слайд
2 2 мин Топқа бөлу

  1. Күз
  2. Қыс
  3. Көктем
  4. Жаз
Оқушылар жыл мезгілдеріне қарай суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді Жыл мезгілдерінің картиналары

слайд

3 1 мин Бүгінгі сабақтың критерийлерімен таныстыру

Түрткі

болу

Сынақтан

өткізу

Қайта

бағыттау

Ой толғау Бағалау
         
Бағалау шкаласы

«5»- күн суреті

«4»- бұлт суреті

«3»- тамшы суреті

   

 

4 5 мин Үй жұмысын сұрау

  1. Балалар өсімдіктердің адам үшін маңызы қандай?
  2. Өсімдіктер қалай өсіп көбейеді деп ойлайсыңдар?

3.      Мәдени өсімдіктер қандай бағытта өсіріледі деп ойлайсың?

5 5 мин «Түрткі болу» әдісі

 

Гүлді өсімдіктерді топтастыру стратегиясы

1.      Гүл дегеніміз не?

2.      Өсімдіктер қалай көбейеді, көбею мүшелері дегенімізді қалай түсінесіңдер?

3.      Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар?

.

 

Жалпы гүл жайлы өз ойларын айтады

слайд
6 15

мин

«Сынақтан өткізу» әдісі

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру. Плакатқа өздеріне берілген тапсырмаларды бейнелеуді тапсыру.Кітаптағы тақырыпты өз беттерімен меңгереді.

Топтық жұмыс

Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды, топтың пікірлерін ортаға салады.Плакатқа

Слайд

Плакат

Маркер

 

7 1

 мин

Сергіту сәті

Жұмбақ шешу

Оқушыларды жылдамдыққа үйреттеді слайд
8 5 мин Ой қозғау

 

  1. Өсімдіктер қалай және не арқылы көбейеді?

 

Жеке жұмыс

Оқушылар  туралы өз түсініктерін айтады.

 
9 5 мин “INSERT” әдісі бойынша кері байланыс

      + — толық түсіндім

—          — жартылай түсіндім

V – мен үшін қызықты болды

    ? – мүлдем түсінбедім

INSERT әдісі бойынша кестені толтырады

  +   — v ?
       

 

 

А4 парақшалары
10 3 мин Бағалау

Балаларға таратылған күн, бұлт, тамшылардың суреттері арқылы бағалау

Мұнда «күн»-  5 ұпай (толық жауап)

«бұлт»-             4 ұпай (жеткілікті біледі)

«тамшылар»-  3 ұпай  (жеткіліксіз біледі)

 

Балалар сабақ барысында үлестірілген суреттер арқылы өз-өзін бағалайды слайд
11 1 мин Үйге тапсырма

 

 

“Гүл” туралы іздену

 

Гүл туралы жұмбақтар жазу

 

 

 

 

Оқушылар стикерге «Не үйрендім?», «Не үйренгім келеді?» сұрақтарына жауап жазады. Стикерді плакатқа салынған ақ желкенге апарып жапсырады Стикер

плакат

 

 

Уақыты: Биология

 

Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе ретінде. Тұқымды және споралы өсімдіктер.

 

Жалпы мақсат: Өсімдіктердің жүйеленуін мысалдар келтіре отырып түсіндіру; Алған білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы сыни тұрғыдан танымдық қабілеттерін дамыту; Оқыту барысында теорияны практикамен ұштастыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Биология оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау

 

Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
Оқыту әдістері:  «Диалогты оқыту», «Зерттеушілік жұмыс», «Өзін-өзі реттеу».

 

 

Сабақ  барысындағы  мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру, сабақтың өмірмен байланыстығын ескерту. Сәлемдесіп, бар ынта-зейінін сабаққа аударады. Берілген геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту -Қандай гүлдерді білесіңдер? Талдау,жинақтау,қорыту

 

Мағынаны тану  Оқулықпен жұмыс жасатқызу. Түрлі деңгейлік тапсырмалары бар таратпа материалдарын беру.
№ 1 зертханалық жұмыс. Споралы және тұқымды (ашықтұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктер: көкек зығыры, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, жұмыршақ, қызанақ. Мәтінді бөліп оқыған оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Жұппен деңгейлік тапсырмалар орындайды.
Кеппешөптерді және интерактивті тақтаны қолдана отырып зертханалық жұмысты орындайды. Электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта, зертханалық жұмыс дәптер.
Сергіту сәті Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.  (Жеміс)
Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?   (Мақта)
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.   (Қарбыз)
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз)
Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да.  (Бидай)
 

Оқушылар сергіп, демалады. Жұмбақтың шешуін табады.

Ой толғаныс

 

Өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілер бар? Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?

Жәкеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде? және т.б.
Үй тапсырмасы:тақырып бойынша қосымша материалдар іздеу.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын  беру   Өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтау. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау              Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі  бағалауы
Рефлексия       Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »

 

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *