БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ

Четверг, 22 Декабрь, 2016

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ  5 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҚМЖ

www.sabaktar.kz

 

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:   Сабақ 1
Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері
Сілтеме
Сабақтың жабдығы Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру

Күтілетін   нәтиже . Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді

 

 

Әдіс- тәсілдер . Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын

                                                        Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
                                                                     Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы  топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді
Үй тапсырмасын сұрау

 

 
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану

 

    Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан  жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен,  мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.

Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.

Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.

Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» — француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Топ бойынша жұмыс

Рөлдік ойын» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада  топпен жұмыс жасату

Сергіту сәті  
Ой толғаныс  
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Рефлекция

сұрақ-жауап) (3 мин)

1.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

2.      Өзім  турал не білеміз?

3.      Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін  не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

   
Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сабақ    
Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары.

 

Жалпы мақсат: Оқушылар  достық туралы   түснік алады,  оны  құрметтейды, дос бола отырып   үйренеді
Сабақтың  мақсаттары Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша   мағлұмат беру.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

Күтілентін нәтижесі: Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып  тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға
Негізгі идеялар:  
Сабақта қолданылатын материалдар: 1.      Үлестірмелі материалдар, маркер

2.      АКТ

3.      Карточкалар

Оқыту әдістері: Кім  жылдам

Миға шабуыл

Автор орындығыі

Эссе

Стикердегі диалог

ü  Топтық жұмыс

ü  Жұптық жұмыс

ü  Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:  Қосымша тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz

 

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды«Жүректен-жүрке» тренингі арқылы жылы лебіздер айту және  санау арқылы  топқа бөлу

Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша   мағлұмат беру.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

 

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

 

I.Үй тапсырмасын сұрау      (4 мин)     «Миға шабуыл» әдісі

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

Мұғалім берген тапсырманы орындау

 

II.Ой қозғау «Стикердегі диалог» әдісін пайдалану  арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Сұрақ жауап:

  1. Сұрақ — жауап:
    а) Қазақстанның ең тұңғыш қазақ суретшісі атанған кім?
    ә) Тағы қандай суретшілерді білеміз?
    б) Суретшілер шығармалары туралы не айтасыңдар?

 Көрнекі суреттер арқылы, яғни суретшілер суреттері мен шығармаларын көрсету арқылы өткен тақырыпты пысықтау.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Интербелсенді  тақтада берілген   слайда көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау,і әр топ  берілген тапсырмадағы тақырыпты і табу керек.   Топтар сағат тілі бағытымен келесі топқа ауысып, ол топтың  берілген тапсырмалар мен мәтіндегі  естістікті тауып оны компьютерге енгізіп,  бір-біріне көрсетіп отырды.. Келесі топқа тағы да ауысып, осыны қайталады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

II.Мағынаны ашу:«Адам мінезі»  туралы жаңа тақырыпқа байланысты «Автор орындығы»  тәдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал  — бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

— Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», — дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,

Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.    Графика.    Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.

 

 

 

IV.Топпен жұмыс  (8 мин)  Постермен  жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін  сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Достық туралы өз ойларын суретке салады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау

  Постер бойынша қорғайтын тақырыптар:

1 топ Натюрморт” –

2 топ Пейзаж” –

3 топ “Портрет” –

Осы аталған тақырып көлемінде білгендерін постерге  түсіріп, әр топтан қорғайды.

 

V.Сергіту сәті:  (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

 

VI.Шығармашылық тапсырма  «Ой қозғау» ойыны

«( Топ бойынша жазу, талдау, бағалау)  (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
          Слайда  көрсетілен сұрақтар бойынша топпен жұмыс жасау және әр топқа семантикалық карта тарату

.

 

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын  кағазға жазау арқылы жеткізу
VII.Қорытындылау:  (сұрақ-жауап) (3 мин)

4.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

5.      Жаңа сабақ маған ұнадыма?

VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім   Сабақ 3
Сабақтың атауы Түстану ерекшеліктері
Мақсаты Пән бойынша білім-білік дағдыларын   қалыптастыру.

Жалпы қабілеттілікті дамыту.

 

Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады. Сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге ынталандыру.
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Блалар сендер сурет деген ұғымдыі қалай түсінесіңдер?

Әңгіме жүргізу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңіне байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Адамның көру қабілетін, түр-түске деген психикалық реакциясын анықтау көркемдік білім беруде оқушылардың эстетикалық сезімін оятады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет-ғұрып, салт-санасына қатыстықолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады. Живопись дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Сондықтан суретшілер еңбектеріне назар аударып көрейік. Живопись – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Осы тұрғыдан живопись өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Живопись туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы, оның бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сонымен қатар қоғамдық-тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді. Суреткер өмірді өз тұрғысынан қарап, оның түрлі құбылыстарын құбылыстарын шығармаларында өзінше бағалайды. Живопись – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері өте күшті. Живописьтің пайдаланатын құралы- сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суреткер шеберлігінің әсерлі көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпыруын, қысқасы, кең дүниенің барлық жаратылысын, жарасымын тауып бейнелейді. Живописьтің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрермендерді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады, оның данышпандық туындыларын адамзаттың мәңгі мақтанатыны да сондықтан. Суреткердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманының, сол дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тербелістерінен дерек береді, көрермен үнсіз тілдеседі. Живопись туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде живописьтің рөлі орасан зор. Бұл оның көп жанрларында байқалады, мысалы, тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, т. б. Н. Назарбаев.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс     Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену керек. Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді. Біздің түстерді қабылдауымызға әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, күшті жарықта, яғни шаңқай түсте түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері не көлеңкеде түстер өзінің қанықтылығына ие болады. Мұндай құбылыстарды қоршаған табиғатта алыстан байқауға болады. Живописьтік көркем туындының бүкіл құпиясы түстік бояуда көрінеді. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықталумен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді. Егер жарық жылы болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады. Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі – суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі – суретші бояуларының жиынтығы. Х. Рембрандтбояу түсін қолданудың шебері болған. Ол кейбір картиналарды орныдағанла жеті бояу қолданғанын зерттеу көрсетіп отыр. Ал А. Рыловтың кейбір пейзаждары 12 бояу түсімен салынған. К. Коравин әдетте бір мезгілде 10-15 бояудан көп қолданған. Палитрада бояулар әрдайым белгілі бір жүйеде орналасауы керек. Табиғат көрінісіндегі түстік қатынастарды шапшаң ұстап қалу үшін этюд орындау ұтымды. Живопись туындыларын жасауда акварель, майлы бояу, гуашь, пастель, туш та молынан қолданылады. Живопись шығармасы негізінен кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, әйнекке, металға салынады. Живопись туындысы суретшінің жалпы идеясына, стиліне байланысты көркем, жарасымды болуға тиісті.    Алдымызға палитра, бояу түрлерін қолдана отырып түс араластыру арқылы өзімізге қажетті түс шығарамыз.

Шығармашылық тапсырма:

1 топ

2 топ

3 топ

Үйге тапсырма Тағы қандай құстарды білесіңдер? Суретін салу. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

  • Адрес электронной почты не публикуется. Обязательные поля отмечены *